Разработка энергоэффективной железобетонной трехслойной наружной стеновой панели
Автор: eroha___92 • Февраль 7, 2018 • Статья • 1,487 Слов (6 Страниц) • 495 Просмотры
ӘОЖ 692.231.2
«Энерготиімді темірбетон үшқабатты сыртқы қабырға панелін өңдеу»
«Разработка энергоэффективной железобетонной трехслойной наружной стеновой панели»
«Elaboration of energy-efficient three-layered concrete exterior wall panel»
Анар Ақназ Әлібайқызы
Email: aaknaz@inbox.ru
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырмаларын өндіру» мамандығының 2-курс магистранты, Астана, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі – Есенгабулов С.К.
Қазіргі кезде тұрғын үй құрылысында монолитті қаңқа әдісі кеңінен тараған, бірақ мұндай үй құрылысында құрылыс бағасын жоғарылататын қоршау конструкцияларын жасау кезінде көптеген еңбек жұмыстары қолданылады. Сондықтан индустриалды және қоршау конструкцияларын қолдану қажеттілігі туындайды. Энергия тиімділігінің жаңа стандарттарын енгізу және отын-энергетикалық ресурстардың өзіндік құнының өсуі құрылыс индустриясына энергияны үнемдейтін қоршау конструкцияларын құруға және қолдануға жаңа серпін берді.
Сегодня широко распространено строительство домов с монолитным каркасом, но при строительстве таких домов применяются трудоемкие процессы для выполнения ограждающих конструкций с использованием мелкоштучных элементов, которые значительно увеличивают стоимость строительства. Поэтому возникает необходимость применения индустриальных несущих, самонесущих или навесных ограждающих конструкции. Введение новых норм по энергосбережению и рост стоимости топливно-энергетических ресурсов дали новый толчок строительной индустрии к созданию и применению энергоэффективных ограждающих конструкций.
Today, widespread construction of houses with a monolithic frame, but during the construction of these houses used to perform labor-intensive processes walling using small-piece items that significantly increase the cost of construction. Therefore there is a need for industrial bearing, self-supporting or curtain walling. The introduction of new regulations on energy saving and the rising cost of fuel and energy resources have given new impetus to the construction industry to the development and application of energy-efficient building envelopes. Some of these energy-efficient building envelopes, in which both are combined carrying and heat-shielding properties are three-layer protecting concrete panels with an average effective thermal insulation layer with a flexible coupling.
Негізгі сөздер: үш қабатты сыртқы қабырға панельдер, икемді стеклопластикалық байланыстар, минералмақта тақтасы, экструдирленген пенополистирол, PIR (пенополиизоцианурат) тақтасы, жылу-техникалық сипаттамасы.
Ключевые слова: трехслойные наружные стеновые панели, гибкие стеклопластиковые связи, минераловатная плита, экструдированный пенополистирол, PIR-панель (пенополиизоцианурат), теплотехнические характеристики.
Key words: three-layer outer wall panels, flexible glass-fiber connections, mineral wool slab, extruded polystyrene, PIR-panel (polyisocyanurate), thermaltechnics characteristics.
Мақаланы жазудағы мақсатым - әртүрлі жылуоқшаулағыш материалдар қолдану арқылы үш қабатты сыртқы қабырға панельдерінің энерготиімділік қабілетіне қол жеткізу.
Үш қабатты панельдер екі сыртқы темірбетон тақталарынан және жылытқыш ретінде қызмет ететін ішкі жылу оқшаулайтын қабаттан тұрады. Ірі панельді үй құрылысы әлем бойынша ерекше орын алады, мысалы Беларусь Республикасы, жаңа тұрғын үй қорын құруда алдыңғы қатарда. Ірі панельді үй құрылысын дамыту технологиясының негізі оның энерготиімділігі мен энергоүнемділігін арттыру болып табылады. Соңғы он жылдықта Еуропа елдерінде, сонымен қатар СНГ елдерінде де сыртқы қабырға қоршауыш конструкциялардың энерготиімділігі мен энергоүнемділігін арттыру нормативтері едәуір жоғарылатылды. Үш қабатты сыртқы қабырға панельдерін қолдануда (сурет 1), қабырғаның жылу кедергілерін жоғарылатудың қалыпты шешімі жылытқыш қабатын қалыңдату болып табылады. Алайда үшқабатты сыртқы қабырға панельдерінің жылу кедергілерін жоғарылатудың басқа тәсілдері де бар - композитті икемді байланысты қолдану және де жылу оқшаулағыш қабатын ұтымды таңдау.
...