Деректер базасын жобалаудың негізгі этаптары. Деректер базасын жобалау этаптарының байланысы
Автор: Анна Петрова • Сентябрь 30, 2020 • Реферат • 704 Слов (3 Страниц) • 862 Просмотры
Дәріс №3
Деректер базасын жобалаудың негізгі этаптары. Деректер базасын жобалау этаптарының байланысы
ДБ жобалау барысында 2 негізгі мәселелер шешіледі:
- Пәндік облыс объектілерін деректер моделінің абстрактілі объектісі ретінде өрнектелгенде сипаттаупәндік облыс семантикасына қайшы келмейтіндей тәсілді қарастыру керек және ол тәсіл мүмкіндігінше ең тиімді, қолайлы тәсіл болатындай жолды іздеу. Бұл мәселені ДБ-сын жобалаудың логикалық мәселесі деп аталады.
- ДБ-на қойылған сұраныстың тиімді орындалуын қандай жолмен қамтамасыз етуге болатынын, яғни арнайы ДББЖ-лері ерекшеліктерін ескере отырып деректерді сыртқы жадыда орналастыру және қандай қосымша құрылымдарды құру қажеттігі мәселесін анықтау.
Бұл мәселе ДБ-ның физикалық мәселесі деп аталады.
Реляциялық деректер базасы жобалау мәселесі ДБ қандай қатынастардан тұруы қажет және бұл қатынастардың қандай артықшылықтары болуы керек сұрақтарына негізделген шешім қабылдаудан тұрады.
Тек онша үлкен емес мекемелер ғана деректерді бір интегралдық ДБ-да толық қолдана алады. ДБ админстраторы да тіпті мамандар тобы болса да, іс жүзінде мекеме қызметкерлерінің барлық ақпараттық талап тілектерін қанағаттандырып, жүзеге асыра алмайды (мұнда мекеме қызметкері жүйені қолданушылар болып есептеледі).
Сондықтан үлкен мекемелердің ақпараттық жүйелері көптеген ДБ-нан тұрады, олар әр түрлі бөлімдерде жіктелген, өзара байланысқан болуы да мүмкін.
Мысалы, үлкен қалада орналасқан бақшалық өнімдер базасы әр түрлі ауданда орналасуы мүмкін базаларды бір жүйеге біріктіріледі.
Жекелеген ДБ қандай да бір қолданбалы есепті шешуге не қандай да бір пәндік облысқа тиісті деректерді біріктіреді.
ДБ-ры қолданбалы ДБ және пәндік ДБ болып бөлінеді.
Пәндік ДБ барлық ағымдағы не келешекте қолданылатын қосымшаларды қолдануды қамтамасыз етеді, мұнда ол қосымша элементтерінің жиынтығы қолданбалы ДБ деректерінің жиынтығын қамтиды яғни қолданбалы ДБ 1 негізге келтірілмеген, жүйеленбеген, өзгермелі және белгісіз сұраныстар мен қосымшаларды өңдеуге негіз болады.
Қолданбалы ДБ-ларының мұндай ерекшелігі (қолданбалылығы, салаға бағытталу мүмкіндігі) тұрақтылығы, жеткілікті ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді.
Мұндай АЖ–лерде көптеген өзгерістер бұрынғы негіз болған қосымшаларды көшірмелемей–ақ жүзеге асырылады. Осылайша жобалауға жасалған әрбір қадам әр түрлі бағыттағы жобалау нәтижелеріне әсер етеді. АЖ-нің қолданбалылығы мен тиімділігін арттыруға ұмтылу қолданбалылық тұрғысынан да, пәндік тұрғысынан да қолдануға болатын жобалау әдістемесінің құрылуына әкелді.
Жалпы жағдайда жобалаудың пәндік тұрғыдан қарастырылуы алғашқы ақпараттық құрылымды құруға қолданылады, қолданбалылық тұрғыдан қарастырылуы ақпарат құрылым деректерін өңдеу тиімділігін арттыру мақсатында жетілдіруге бағытталған.
АЖ жобалауда осы жүйенің мақсатын талдау және оған қойылатын жекелеген (қызметкердің, басшылардың) талаптарды айқындау қажет.
Деректерді жинақтау процесі мекемемен жүргізілетін іс-әрекеттер негіздерін анықтаудан басталады. Негіздер қолданылу жиілігіне, ұқсастығы, мағыналық байланыстарына қарай топтастырылады (ұшақ-жолаушы, оқытушы-пән, студент-сессия).
Ұқсастығы жоғары не мағыналық байланыстарының жоғары жиілігіне қарай негіздер мен негіздер тобы пәндік ДБ-на біріктіріледі. Әрбір пәндік ДБ сын жобалау мен жүргізу үшін ДБ админстраторы тағайындалады, ал өз кезегінде ДБ түпкілікті жобалайды.
ДБ жобалаудың негізгі мақсаты – сақталынатын деректердің артығын, қайталанған көшірмелерін қысқарту яғни көшірмелер себебінен болатын қайталанбалы байланыстарды, іс-әрекеттерді, қарама-қайшылықтарды болдырмау, соның нәтижесінде компьютер жадысын үнемдеу.
Әрбір жад 1 ғана орын алады. Позициясына жету ДБ нормалдау арқылы іске асады. ДБ нормалдау процесі жобалаудың соңғы стадиясында жүргізіледі.
...