Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тапсырма "Кәсіпкерлік"

Автор:   •  Апрель 16, 2022  •  Задача  •  749 Слов (3 Страниц)  •  202 Просмотры

Страница 1 из 3

Тапсырма №1

Кәсіпкерлік

Орындаған: Татаев Әлімжан Нұркенұлы

1-ші сұрақ

Жаңартылған Жібек жолы мәселесі туралы сөз қозғағанда, бұл жобаны қоғамның белгілі бір нақты саласына бағытталған жоба ретінде қарастыру қиындық туғызады. Себебі, бұл жоба бір ғана саланы қамтып қана қоймайтыны айтпасада белгілі. Аталған проект қоғамның экономикалық, саяси және тағы да басқа салаларына орасан зор ықпалын тигізетіні айқын. Ұлы Жібек жолы - тарихи мәні зор, қазіргі заманға сай жаңа есім мен жаңа рөлге ие болып отырған көлік магистралі. Тарихта сауданы дамыту қажеттілігі арқылы танылған жол бүгінде тартымды инвестициялық жобаға айналумен қатар, Қазақстан мен Қытай экономикалық қарым-қатынастарын дамытудың жаңа кезеңін бастап береді деген ойдамын. Тарихи негізге арқа сүйеген бұл жоба, бүгін дамытылуы тиіс, ертеңгі күнге салынған инвестиция секілді. Жеке өз басым, жаңартылған Жібек жолы жобасына, тапсырмада берілген анықтамалардың үшеуі де сәйкес келеді деген пікірдемін. Бұл жобаға саяси тарихи, жаңартылған саяси немесе экономикалық проект ретінде қарасақта қателеспейміз деп ойлаймын.

2-ші сұрақ

«Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының негізгі мақсаты, елдер арасындағы экономикалық байланысты нығайта отырып, әр елдің өз экономикалық жағдайын жақсарту болып табылады деп ойлаймын. Негізінде, бұл жобаға қатысты ұсынысты, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылдың күзінде Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жасаған іс сапары барысында жариялаған болатын. Осы ұсыныс аясында, Си Цзиньпин мемлекеттерді ұлы жібек жолын жаңғыртуға жұмыла кірісуге үндеп, бәріне ортақ 5 принцип ұсынды. Мен бұл жобаның мақсаты осы принциптердің негізінде анықталады деген пікірдемін. Аталған 5 принципке, саяси серіктестік, біріңғай темір жол желісі, сауда байланысын нығайту, конфессия аралық ынтымақтастық және валюталық ағымды ұлғайту жатады.

3-ші сұрақ

Жоғарыда аталған датадан бері, яғни 2013 жылдан бері, Жібек жолы аясында Қытай капиталы бар жобалардың жалпы құны 80 млрд.-ты құраған. Ал жобалардың жалпы саны 160-қа жеткен. Оның жартысынан көбі, дәлірек айтсақ 54 пайызы энергетикаға негізделген, бұдан бөлек металл, химия өнеркәсібі, құрылыс және инфрақұрылым саласына да инвестиция мол тартылған. Ал Қытай инвестициясы көп құйылған елдер жайлы айтатын болсақ, алдыңғы қатарда Қазақстан мен Ресейдің тұрғанын атап өтуіміз керек, нақтырақ айтқанда олардың үлесі 65 пайызды құрайды. 20 пайызы Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстанға және қалған 15 пайызы Әзірбайжан, Өзбекстан, Беларусьқа тиесілі. Грузия мен Арменияда да кішігірім инвестициялық тартымдылық бар.

4-ші сұрақ

Ұлы Жібек жолындағы сауда қарым-қатынастарды тұрақты валютаға негіздеу мақсатында, есеп айырысу валютасы ретінде Қытай валютасы юань қолданылуы мүмкін екендігі мәлім. Мамандар юаньның таңдалуы, бұл доллардан арылудың бір мүмкіндігі және өзара ықпалдас елдердің ортақ саудадағы тіл табысуы деген себепті алға тартып отыр. Осы жолдың бойында сауда саттық тұрақты болу үшін, бұл жолдың бойындағы барлық мемлекеттердің арасындағы сауда қатынастар бір тұрақты валютаға негізделуі керек, ал егер ол валюта доллар болатын болса, АҚШ бұл жағдайды өз саясатының мақсатына қолданып кетуі мүмкін. Сол себепті сауда қарым-қатынастар жасалатын негізгі валюта Қытайдың немесе Ресейдің валютасы болса да, ол тұрақты валюта болуы тиіс.

...

Скачать:   txt (10.4 Kb)   pdf (89.3 Kb)   docx (10.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club