Кәсіпкерлік қызмет пен кәсіпкерлік негіздері
Автор: abdushevaa • Февраль 6, 2023 • Лекция • 3,637 Слов (15 Страниц) • 271 Просмотры
Тақырып – 2. Кәсіпкерлік қызмет пен кәсіпкерлік негіздері
1. Кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызмет туралы түсінік. Инновациялық кәсіпкерлік
2. Кәсіпкерліктің мәні мен атқаратын қызметтері
3. Кәсіпкерліктің даму тарихы. Кәсіпкерліктің дамуының шетелдік тәжірибесі
4. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау мен даму шарттары, мемлекеттік реттеу
1. Кәсіпкерліктің осыдан аз ғана уақыт бұрын ғылымнан алыс, сауданың қолданбалы саласы ретінде қарастырылатын. Оқуға түсе алмағандарда «ең болмағанда бизнесті кәсіп етіп, амалдап жүр» деген ұстаным басым болып, ол академиялық зерттеу саласына айналмады. Қазіргі таңда біздің экономикамыз кәсіпкерлікке негізделген, ал әр экономикалық құлдыраудың соңынан кәсіпкерлік жігер мен табандылық қана жағдайды оңалтуға мүмкіндік бергенін тарих дәлелдейді. Осылайша, кейбір ғалымдар кәсіпкерлікті ғылыми тұрғыдан қарастыра бастап, оны академиялық салаға айналдыра білді.
Бүгінде кәсіпкерліктің ғылым саласы екеніне күмән келтірмесе де болады. Кәсіпкерлікке арналған академиялық журналдар (44), кәсіпкерлікті зерттейтін кафедралар мен профессорлар (400-ден астам), кәсіпкерлік орталықтары жаһандық консорциумның ХХІ ғасырдағы кәсіпкерлікті зерттеу стипендиаттары және бар күш-жігерін кәсіпкерлікті зерттеуге арнаған жетекші ғалымдар санының артуы – осының дәлелі.
Кәсіпкерлік – бизнес құру ғана емес. Бұл – оның маңызды қыры болса да, толық көрінісі емес. Кәсіпкерлік – кәсіпкерлерге әсер ететін арнайы көзқарасты біріктіретін мүмкіндіктерді іздеу сипаттамалары, қауіпсіздіктен тыс тәуекелдерді қабылдау және идеяны өмірде ілгерілету үшін табанды болу.
Кәсіпкер сөзі француз тілінің entreprendre – «әрекет жасау» деген сөзінен шыққан. Кәсіпкер бизнесті ұйымдастырады, басқарады және осы бағытта әрекет етеді. Бүгінгі таңда кәсіпкер – мүмкіндіктерді мойындайтын және қолданатын инноватор немесе дамутышы; сол мүмкіндіктерді нарыққа қажетті идеяларға айналдырады; уақыт, күш, ақша немесе дағдылар арқылы құндылықтар қосады; осы идеяларды іске асыру үшін нарықтағы ықтимал қателерді болжайды және осы күш-жігердің арқасында табыс табады.
Кәсіпкер дегеніміз – бизнес әлеміндегі өзгерістерді батыл жүзеге асырушы. Ол – кең таралған, көпшілікке танымал жағдайда оқыс әрекетке барудан тартынбайтын тәуелсіз ойшыл.
Кәсіпкерлерді мойындау ХҮІІІ ғасырда Франциядан басталды. Экономист Ричард Кантильон экономикадағы «тәуекелге бару» әрекетін кәсіпкермен байланыстырады. Сол кезеңдегі Англияда индустриялық революция дамып келе жатты, ал кәсіпкерлер тәуекелге баруда және ресурстарды өзгертуде айқын рөл атқара бастады.
Кәсіпкерлік пен экономиканың байланысы – бұрынан қабылданған норма. 1950 жылға дейін кәсіпкерлік анықтамасының басым бөлігін экономистер енгізген. Р.Кантильон (1725), француз экономисі Жан Батист Сэй (1803), Джозеф Шумпетер (1934) кәсіпкерлік және оның экономикалық дамуға әсері туралы жазды.
Кәсіпкерлік әдеттегі іскерлік тәртіпте жасалмаған нәрселерді жасайды; негізінде – бұл көшбасшылықтың алуан қырын қамтитын құбылыс.
Кәсіпкерлік (кәсіпкерлік қызмет, бизнес) дегеніміз - мүлікті иеленуден, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызметтер көрсетуден жүйелі түрде пайда алуға бағытталған өз тәуекелімен жүзеге асырылатын дербес қызмет.
Кәсіпкерлік – авторитарлық емес қоғамдардың бәріндегі өмірдің экономикалық емес салалары мен экономикалық мақсаттарға жету үшін немесе экономикалық ұмтылыстарды қанағаттандыру үшін құрылған пайда көздеуші институттар арасындағы көпір.
Кәсіпкерлік эволюциясын жан-жақты зерттеп, оның түрлі анықтамаларын қарап, Роберт Ронштад өзінің анықтамасын берген:
Кәсіпкерлік – байлықты арттыра түсудің динамикалық үрдісі. Бұл байлықты белгілі тауарларды немесе қызметті құндылықпен қамтамасыз ету мақсатымен капитал, уақыт немесе мансаптық міндеттеме бойынша тәуекелге баратын адамдар жасайды. Тауарлар немесе қызмет түрлері жаңа немесе бірдей болуы да болмауы да мүмкін, алайда қажет дағдылар мен ресурстарды қамтамасыз ету және бөлу арқылы қол жеткізілетін қандай да бір құндылық кәсіпкердің дегенімен жасалады.
...