Өлшеу құрылғыларының дәлдігін арттырудың құрылымдық әдістері
Автор: dianaorazgalikyz • Июнь 29, 2024 • Реферат • 1,668 Слов (7 Страниц) • 68 Просмотры
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Реферат
Тақырыбы: «Өлшеу құрылғыларының дәлдігін арттырудың құрылымдық әдістері »
Орындағандар:
Тексерген:
Шымкент 2024 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ.................................................................................................................... 3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ...............................................................................................4
1.1 Өлшеу құралдары туралы негізгі мәліметтер.................................................4
1.2 Өлшеулер қателігі.............................................................................................6
Қорытынды...............................................................................................................7
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................8
КІРІСПЕ
Өлшеулер табиғатты танудың маңызды жолдарының біреуі болып табылады. Олар бізді қызықтыратын объекттер және құбылыстар туралы сандық ақпаратты береді, тағы да табиғатта әрекет ететін заңдылықтарды тағайындау мүмкін болады. Өлшеусіз ғылым мен техниканың барлық салалары бар болуы мүмкін емес. Метрология жаратылыс ғылымдардың барлық облыстарының дамуына жағдай жасайды. Сонымен қатар кері жағдайды да белгілеуге болады: жаратылыс ғылымдардағы, техникадағы, технологиялар дамуындағы табыстар метрология прогресіне жағдай жасайды. Ғылым мен техниканың дамуымен өлшеу құралдары жетілдіруленеді, ал мұның мағынасы - өлшеулер дәлдігі көтеріленеді, олардың диапазоны кеңейеді, енді бұл, өз кезегі бойынша, технологиялар дамуына жағдай жасайды, өндіріс құралдарын жетілдіру, жаңа, өте дәл ғылыми білімдерін алу және т.б. Сонымен, метрология және басқа жаратылыс ғылымдар мен техника бір-бірімен байланысқан. Отандық өндірісін шет елдік тәжірибеге механикалық ауыстыру мүмкін еместігіне байланысты біздің мамандар оны білу керек және қажетті деңгейде елімізде немесе шет елде өнімін, қызметін іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа прогрессивті шешімдерді өндіріп, қабылдауға шығармашылық жағынан келу үшін ой өрісі кең болу керек. Ол үшін тек өндірістік саладағы мамандар ғана емес, менеджерлер, маркетологтар, өнімді іске асыратын мамандардың да метрология, стандарттау және серификаттау саласында білімдері өте маңызды болады. Сол білімдері бәсекелеске қабілетті өнімдерді құрған кезде стандарттау және сертификаттау мүмкіндіктері мен артықшылықтарын пайдалану үшін, өндірісте ғылым мен техника жетістіктерін енгізу үшін маңызды болады.Адамның дүниетанымын қалыптастыру көптеген міндеттердің туындауымен қабаттаса жүреді, оларды шешу үшін материалдық әлем объектілерінің (құбылыс, процесс, зат, бұйым) сол және өзге қасиеттерінің сандық ақпаратын білу қажет. Мұндай ақпаратты алудың негізгі тәсіліне өлшеу жатады, яғни, дұрыс ұйымдастыру және дәл орындау кезінде өлшенетін объектінің немесе процестің қызықтыратын қасиетін нақты дәлдікпен бейнелей отырып, нәтижесі алынады. Өлшеу ақпараты өнімді сынау, оның техникалық деңгейін бағалау, сапасын аттестациялау және сертификациялау кезінде, техникалық және басқарушылық шешімдерді қабылдауға арналған негіз болып табылады. Қазіргі таңда өлшеу техникасын барлық білім салаларындағы автоматтық бақылау, өндірістік процестерді және ғылыми-зерттеу жұмыстарын автоматтандыру мақсатында кең қолданады. Өлшеуді қажет ететін нақты әдістер мен технологияларды машина жасау, химия, медицина және басқа салаларда кеңінен қолданады.
3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Өлшеу құралдары туралы негізгі мәліметтер
Тәжірибеде шама бірлігін өлшеу кезінде нормаланған қателіктері бар техникалық құралдарды қолданады және оларды мөлшер құралдары деп атайды. Оларға: мөлшерлер; өлшеу түрлендіргіштері; өлшеу аспаптары; өлшеу қондырғылары және жүйелері; өлшеу керек-жарақтары жатады. Мөлшер деп, берілген өлшемнің физикалық шамасын жаңғыртуға арналған өлшеу құралдарын атайды. Өлшеу құралдарының осы түріне гір тастары, ұзындықтың соңғы шамасы және т.с.с жатады. Тәжірибеде бір мәндік және көп мәндік мөлшерлерді, сондай-ақ мөлшер жинақтары мен қораптарын пайдаланады. Бір мәндік мөлшерлер тек бір мөлшердің (гір тасының) ғана шамасын, ал көп мәндіктерфизикалық шаманың бірнеше мөлшерлерін жаңғыртады. Мысалы: миллиметрлік сызғыш заттың сантиметр мен милиметрдегі ұзындығын білдіреді. Жинақтар мен қораптар мөлшердің бірқатар аралықтық немесе жиынтық мәндерін жаңғырту мүмкіндігін алуға арналған бір мәндік немесе көп мәндік мөлшерлердің бірігуін (үйлесімін) құрайды. Мөлшерлер жинағы қажетті үйлесіммен қолданылатын әртүрлі өлшемдердің біртекті мөлшерлер жиынтығын құрайды, мысалы: зертханалық гір тастарының жинағы. Мөлшерлер жинағы- өлшем қораптарының қажетті үйлесімін құрайтындарды біріктіретін, өлшемдік құрылғыларға қатысты мүмкіндігі қол немесе автоматтандырылған тоқ аударғыш делдалдығымен қарастырылған, бір механикалық бүтіндікке құрылмалы біріктірілген өлшемдер үйлесімі. Электрлік кедергі қораптары осы қағидат бойынша жасалған. Мөлшерді пайдалану кезінде, мөлшердің кесімді және нақты мәнін, сондай-ақ, мөлшер қателігін және оның разрядын ескеру қажет. Кесімді деп, ондағы көрсетілген мөлшер мәнін атайды. Нақты мәні ресми эталонды пайдалана отырып, жоғары дәлдікпен өлшеу нәтижесі ретіндегі арнайы куәлікте белгіленуі тиіс. Кесімді және нақты мәндер арасындағы айырмашылықты мөлшер қателігі деп атайды. Өлшеу түрлендіргіштері – бұл өңдеуге немесе сақтауға арналған қолайлы формада өлшеу ақпаратындағы сигналды түрлендіру үшін, сондай-ақ көрсететін құрылғыны беру үшін қызмет ететін өлшеу құралы. Өлшеу түрлендіргіштері не болмаса өлшеу аспабының құрылмалы сұлбасына енеді, не болмаса онымен бірлесе қолданылады, бірақ түрлендіргіш сигналы бақылаушының тікелей қабылдауына ермейді. Мысалы, түрлендіргіш компьютер жадына ақпарат беру үшін, керенуді күшейту үшін және т.б. қажет болуы мүмкін. Түрленген шаманы кіру шамасы, ал түрлендіру нәтижесін шығу деп атайды. Өлшеу түрлендіргішінің негізгі метрологиялық сипаттамасы кіру және шығу шамалары арасындағы ара қатынас болып есептелетінді түрлендіру функциясы деп аталады. Түрлендіргіштер өлшенетін шаманы тікелей қабылдайтын бастапқы; шаманың
...