Силикат ЖШС базасында өнімділігі жылына 130 миллион дана силикат кірпішін өндіруші кірпіш цехын жобалау
Автор: Diana00001 • Ноябрь 28, 2018 • Курсовая работа • 3,988 Слов (16 Страниц) • 769 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: «Экономика және құқық»
Кафедра: «Экономика»
Мамандық: «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: «Ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент»
Тақырыбы: «Силикат ЖШС базасында өнімділігі жылына 130 миллион дана силикат кірпішін өндіруші кірпіш цехын жобалау»
Студент: ХО-503 __________ Болатбекова А.Н.
(қолы, күні)
Тексерген: __________ Турусбекова А.
(қолы, күні)
Комиссия мүшелері: __________ ____________________
(қолы, күні) (аты- жөні)
__________ ____________________
(қолы, күні) (аты- жөні)
__________ ____________________
(қолы, күні) (аты- жөні)
___________________
(баға)
Семей 2018 жыл.
Мазмұны
Кіріспе
1.Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайын қысқаша сипаттау
2.Өндірістік бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу
3.Маркетинг стратегиясын және жоспарын құрастыру
4.Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру
5.Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру
6.Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау. Бағаның жасалуы
7.Қаржы жоспары. Инвестиция тиімділігін есептеу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
ХІХ ғасырдың аяғында жылы құм мен әк қоспасының 0,8 МПа бу қысымында және 170 ºC жоғары температурада автоклавты өңдеу арқылы өте берік, суға тұрақты және ұзақ мерзімге дейін қызмет ететін құрылыс материалын алуға болатыны анықталды. Қазіргі заманда силикатты кірпіштің өнеркәсібі - құрылыс материалдар өндірісінің дамыған саласы болып табылады.
Қазақстанда силикат кірпішін өндіру тоғыз облыстарда ұйымдастырылған. Зауыттардың жалпы қуаты 898,6 млн дана. Силикатты кірпішті шығарудың ең үлкен көлемі бұрынғы Семей облысында ұйымдастырылған – 190,6 млн дана, мұнда кәдімгі кірпішпен қатар беткі түсті силикат кірпіші шығарылады.
Қазақстанда шығарылатын құрылыстың қабырғалық материалдар арасында силикат кірпіш қазіргі уақытта жеткеші орындардың біріне ие, себебі саз кірпіш өндірісіне қарағанда, оның өндірісі техника экономикалық артықшылықтарға, технологиялық жасау үрдісінің қарапайымдылығына, механизацияның жоғары деңгейіне, отынның аз шығынына ие.
Курстық жұмыстың мақсаты: «Силикат ЖШС базасында өнімділігі жылына 130 миллион дана силикат кірпішін өндіруші кірпіш цехының жобалау».
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы - кірпішті автоклавта өңдеу ұзақтығын қысқарту, энергия шығындарын кеміту, нәтижесінде механикалық беріктігі жоғары силикат кірпішін алу.
Курстық жұмыстың өзектілігі - силикат кірпішін өндіру кезінде энергия көзін үнемдеу шаралары қарастырылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Негізгі аппараттың технологиялық есептеулерін жүргізу;
-Кірпіш цехы жобасына автоклавқа жаңалық енгізу;
-Жобаланған цехтың экономикалық есептеулерін жүргізу.
Силикат кірпішіне жалпылама сипаттама
«Силикат» ЖШС өндірістік қуаттылығын есептеу
«Силикат» ЖШС үздіксіз режимде жұмыс істейді. Тәулігіне ұзақтығы 8 сағаттық үш ауысыммен жұмыс істейді. Өндірістік қуаттылықты есептеу үшін 1 жылдағы (сағаттағы) жетекші жабдықтың тиімді жұмысының уаұытын анықтау қажет. Қабылданған режимнен шыққаннан кейін жетекші жабдықтың Т тиімд. анықталады.
...