Тарату логистикасы
Автор: Anelya Konysbek • Октябрь 21, 2018 • Доклад • 1,927 Слов (8 Страниц) • 2,111 Просмотры
Тарату логистикасы
Тарату логистикасының түсінігі. Логистиканың функционалды саласында пайдаланатын «тарату» термин ғылымда да, іс жүзінде де көп қолданылады. Қазіргі орыс тілінің түсіндірме сөздігі бойынша, тарату дегеніміз - әркайсысына белгілі бір бөлікті бере отырып біреулер арасында бірдеңені тарату Экономикадағы тарату - бұл ұдайы өндіріс үдерісінің фазасы: ең алдымен материалды игіліктерді өндіру қажет, содан кейін оны бөледі, яғни кұрылған байлықтағы әр өндірушінің үлесін анықтайды.
Логистикадағы тарату - осы үдерісінің физикалық сезілетін, заттай құрамы. Меншік құқығын таратумен байланысты заңдылыктарға бұл жерде, әрине, көңіл бөлінеді дегенмен олар зерттеу мен оңтайландырудың негізгі болмайды.
Тарату логистикасының зерттеу объектісі - өндірушіден тұтынушыға жылжитын материалды ағымдардың қозғалысы.. Өнімді қалай орау керек, кай маршрутпен жіберу керек, қойма торлары қажет пе (егер қажет болса, онда кандайы?), делдалдар қажет пе, міне бұлар тарату логистикасының айналысатын мәселелері.
Логистика материалды ағымдарды іштей басқаруды зерттейді және оны жүзеге асырады, сондықтан тарату сипатындағы түрлі мәселелерді шешуді, яғни кімде-кім арасында бір нәрсені таратуды барлық кезеңде орындап отыруға тура келеді.
- Тауар сатып алу барысында түрлі жабдықтаушылар арасында тапсырыстарға бөлінеді;
- кәсіпорынға келіп түскен кезде сақтау орындары бойынша жүктер бөлінеді;
- өндірістің түрлі учаскелері арасында материалды қорлар бөлінеді;
- сату үдерісінде материалды ағымдар бөлінеді және т.б.
Тарату логистикасының шекарасын белгілеу үшін үш сатылы капиталдың ұдайы ӛндіріс үдерісінің схемасын қарастырып өтелік. Өндіріс құралдарын алу сатысындағы материалды ағымдар сатып алу логистикасының зерттеу және басқару объектісі болып табылады, өндіріс сатысындағы материалды ағымдар - өндірістік логистика обьектісі.
Материалды ағымдар дайын өнімді бөлу және өткізу сатысында тарату логистикасының объектісі болады. Тарату логистикасының түсінігін жалпы логистика түсінігінің анықтамасы негізіндегі қалыптастыру онай. 1 тақырыпта логистика, материалды ағымдарды іштей басқару жӛніндегі ғылым ретінде анықталады, оларға мыналар жатады:
- ағымды өндіріске дейін жеткізу;
- ағымның өндіріс ішінде өту үдерісін басқару;
- дайын өнімді тұтынушыға дейін жеткізу үдерісін басқару. Логистиканың ерекшелігі материалды ағымдарды басқаруды біріктіруде. Тарату логистикасы соңғы сатыны зерттейді (алдыңғы сатылардан оқшауланбай, керісінше олармен терең жүйелі өзара байланысты), яғни ол - дайын ӛнімді тұынушының мүдделеріне және талаптарына сай оларға жеткізу үдерісінде жүргізілетін тасымалдау, қоймалау және басқа да материалды және материалды емес операцияларды жоспарлау, бақылау және басқару жӛніндегі ғылым.
Тарату логистикасының дәстүрлі өткізу және сатудан айырмашылығы мынада:
- материалды және ақпараттық ағымдарды басқару үдерісін маркетинг мақсаттары мен мәселелеріне үйлестіру;
- тарату үдерісі мен ӛндіру және сатып алу үдерісінің жүйелі ӛзара байланысы (материалды ағымдарды басқару бойынша);
- тарату ішіндегі барлық функциялардың жүйелі өзара байланысы.
Тарату логистикасының анықтамасы төмендегідей қалыптасады:
тарату логистикасы — материалды ағымның түрлі көтерме сатып алушылары арасында бӛлу үдерісінде жүзеге асатын ӛзара байланысты функциялар кешені.
Логистикадағы бөлшек сату үдерісі қарастырылмайды. Бұл үдерістің тиімділігі негізінен логистикадан тыс факторларға байланысты, мысалы, сатып алу психологиясын білу, сауда залын безендіре білу, жарнама ұйымдастыру және т.б. Бөлшек сату үдерісіндегі материалды ағымдарды рационалды ұйымдастыру, әрине, қажет, бірақ оның бұл жердегі салыстырмалы маңыздылығы материалды ағым қозғалысының ерте сатыларына қарағанда төмен.
Жоғарыда аталған жалпы бөлшек сауда үдерісіне жатпайды, ол тек бӛлшек сатуға ғана жатады, яғни сатып алушыға қызмет көрсетуге. Тарату логистикасындағы зерттеу объектісі - жабдықтаушыдан тұтынушыға өту сатысындағы материалды ағым.
...