Отчет по практике в «Еуразиялық банк»
Автор: nurdaulet9719 • Июнь 18, 2018 • Отчет по практике • 1,650 Слов (7 Страниц) • 1,463 Просмотры
1.Компанияның қысқаша сипаттамасы
«Еуразиялық банк» АҚ Қазақстанның банк жүйесінде көшбасшыларының бірі. «Еуразиялық банк»АҚ- активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы оныншы банк.Бас кеңсесі Алматыда орналасқан.1994 жылы жабық Акционерлік Қоғамы ретінде құрылады, 2003 жылы АҚ-дар туралы Заңнамасына енгізілген өзгерістермен байланысты АҚ ретінде қайта тіркеледі.Банк 100 пайызға, 100 пайыз тең үлеспен үш акционерге,яғни: Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов, Патох Шодиевке тиесілі «Еуразиялық қаржы компаниясынның» меншігінде. Еуразиялық банк бастапқыда акционерлердің өздеріне тиесілі өнеркәсіптік кәсіпорындар қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған.Банктің өсу шамасына қарай оның клиенттерінің шеңбер кеңейді. Еуразиялық банктің басты міндеті халыққа қаражатпен қатамасыз ету болып табылады, мысалы сізге тез арада несие керек болса, үйден шықпай ақ банктің веб сайтында анкета толтырсаңыз олар өздері сіздерге хабарласып, қанша көлемде кредит алуға болатыныңызды есептеп береді. Сонымен қатар тек ақшалай несие емес актокредит, кепілсіз кредит ала аласыз және ақшаңызды жеке шотта сақтап, депозитте өсіре аласыз. Жеке картаңызбен төлем жасауға болады және қазіргі таңдағы ең инновациялық Eurasian Pay картасы шықты, яғни сіз кез келген сатып алуларды карточкаңыздың көмегінсіз тек телефонды жақындату арқылы төлем жасасаңыз болады. Бұлбір жағынан картаңыздың жоғалуынан сақтайды. Ол үшін сіз Еуразиялық банк ұсынған Master card карточкасын алу керексіз және Eurasian Pay қосымшасын ұялы телефоныңызға жүктеу арқылы төлемдер жасай бересіз. Тағы бір ерекше карталарының бірі PayDa сіз бұл картамен интернет дүкендерде немесе басқада дүкендерде кез келген затты бөліп төлеумен сатып алуыңызға болады. Онымен қоса қазір 11.01.2019 дейін Смартфон үшін Марафон атты науқан жүруде, PayD картасы бар адамдар 10 000ға карта арқылы сауда жасаса Samsung S8 телефонын ұту мүмкіндігі бар.Ал Eurasian Pay картасын қолданушыларға небары 3000 теңгеге сауда жасаса науқанға қатысу мүмкіндігі бар. Осы сияқты науқандар жиі әр түрлі бағалы сыйлықтар ұйымдастырылып отырады.
Іс-әрекеттің негізгі бағыттарының түрі
Жұмыс сипаттамасы | Осы жұмыс түрін қолдануда қандай жаңа білім немесе дағдылар қалыптасты | Осы білім немесе дағдалар көрінді |
Алғашында маған тапсырылған жұмыс ол компьютердегі программалармен танысып,қалай жұмыс жасау керектігін үйрену болды | Барлық коллекторлар клиенттермен Exel программасы арқылы байланысқа шығады.Клиенттердің қанша төлеу керектігі, қанша күн мерзімінен кешіккені,мекен-жайы, барлығын Exel программасына мұқият енгізу менің алғашқы міндетім болды. | Exel программасымен жұмыс жасау аса қиындық тудырған жоқ,себебі Университетте жүріп үйренгенімнің көмегі тиді десекте болады. Барлық клиенттерді белгілі бір топтарға сұрыптауды үйрендім. |
Мен көп мәлімет біле бастаған соң, мені клиенттермен xабарласып оларға график құруды тапсырды | Әрине алғашында клиенттердің бәрімен тіл табысу қиын болды. Тіпті клиенттердің ұрсысында естіп, оларды жеке шақырып төлемегендері туралы кездесулерде болды. Әр клиенттің жағдайына түсіп сөйлесуге тырыстым. Мен бір тәсіл ойлап таптым, көп клиенттер арасында аз несиесі қалғандарға бірінші xабарласуды ұйғардым себебі олар аз қалған соманы тез арада төлейді және сізбен көп ұрсысып отырмайды.Сүйтіп әр жасалған график сайын өзіме кішігірім мотивация болып, неғұрлым көп клиентпен xабарласып жақсы жағымнан көрінгім келді. | Адамдармен тез тіл табысу қиын екенін түсіндім, себебі әр клиенттің жағдайы әртүрлі. Неғұрлым өзімді сабырлы ұстауды үйрендім. Шынымен менің тәсілім өзіме ыңғайлы және нәтижесін берді. Және ол тәсіл қасымдағы әріптесімеде ұнады. |
...