Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері және белгілері

Автор:   •  Июнь 5, 2023  •  Курсовая работа  •  9,874 Слов (40 Страниц)  •  149 Просмотры

Страница 1 из 40

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

«Құқықтану» кафедра

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері және белгілері »

Орындаған: «Құқықтану»-202 тобының студенті

Қабылдаған:

2022

Жоспар

І Кіріспе

1.Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түсінігі мен мәні........................................................................................................................3

1.1. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлері....................................................................6

2..Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері мен белгілерінің ұғымы............................................................................................8

2.1 Қылмыстық объектісі..................................................................................................................................................9

2.2 Қылмыстық объективті жағы....................................................................................................................................17

2.3 Қылмыстық субъектісі...............................................................................................................................................20

2.4 Қылмыстық субъективті жағы..................................................................................................................................24

Қорытынды..........................................................................................................................................................40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................................................................41

І Кіріспе

Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың құрамы деп – қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.Қылмыстың құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады.Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді айтамыз.Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып көрсетілген.Мұның өзінде диспозициялардың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.

Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмағанБұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында ұрлықтың

...

Скачать:   txt (159.4 Kb)   pdf (222.5 Kb)   docx (53.4 Kb)  
Продолжить читать еще 39 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club