Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Особенности применения терминов на государственном языке в уголовном законодательстве по обеспечению неприкосновенности частной жизни

Автор:   •  Апрель 23, 2018  •  Статья  •  1,797 Слов (8 Страниц)  •  100 Просмотры

Страница 1 из 8

УДК 343.45

Шегебаева А. Р.

Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ету бойынша қылмыстық заңнамада мемлекеттік тілдегі терминдерді қолданудың ерекшеліктері

(Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қарағанды)

Түйін.

Осы мақалада автормен заңгер және лингвист ғалымдардың пікірлерін саралай келе, жеке өмір институты санатты аппаратына талдау жүргізілді. Оның ішінде «личная» және «частная», «частная жизнь» және «личная тайна» ұғымдарының мазмұны мен маңызын терең зерделеудің негізінде осы ұғымдардың арақатынасы қарастырылды. Нәтижесінде автор мемлекеттік тілдегі қылмыстық заңнамаға «өзінің құпиясы» терминін енгізу қажеттігі туралы қорытындыға келді.

Кілтті сөздер: жеке өмір, қол сұғылмау, дербес, отбасылық өмір, отбасылық құпия, жеке, өзінің құпиясы

Шегебаева А. Р.

Особенности применения терминов на государственном языке в уголовном законодательстве по обеспечению неприкосновенности частной жизни

(Карагандинская академия МВД Республики Казахстан им. Б. Бейсенова, Караганда)

Аннотация.

В настоящей статье автором на основе анализа мнений юристов и лингвистов проведен анализ категориального аппарата института частной жизни, в том числе путем углубленного изучения содержания и значения понятий «личная» и «частная», «частная жизнь» и «личная тайна» рассмотрено их соотношение между собой. В итоге автор пришел к выводу о необходимости введения термина «өзінің құпиясы» в уголовное законодательство на государственном языке.

Ключевые слова: личная жизнь, частная жизнь, неприкосновенность, семейная жизнь, семейная тайна, личная тайна

Shegebayeva A. R.

Features of application of terms in a state language in the criminal legislation on providing personal privacy

(Karagandy Academy of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named B. Beisenov, Karagandy)

Abstract

In the present article the author on the basis of the analysis of opinions of lawyers and linguists carried out the analysis of the categorial office of institute of private life, including by profound studying of the contents and value of the concepts "personal" and "private", "private life" and "personal secret" their ratio among themselves is considered. As a result the author came to a conclusion about need of introduction of the term "to a ozinin kypiyasi" to the criminal legislation in a state language.

Keywords: private life, inviolability, family life, family secret, personal secret

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында заңнама сапасын жетілдіру мәселелері қамтылған. Құқықтық жетілдірумен қатар қолданыстағы заңнаманың тілдік кемшіліктерін де түзету бүгінгі таңда маңызды мәселелердің қатарында. Осыған орай, заң шығару, норма түзеу процесінде тең түпнұсқалықты, әрі орыс және қазақ тілдеріндегі заң терминдерінің бірізділігін қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады.

Ұлттық заңнаманы жетілдіру уақтылы заң терминдерін терең түсінуді және талдауды, оның лексикасын байытуды талап етеді. Заң мәтіні түсінікті де, дұрыс болу үшін, заңнама тілі аясында құқықтық нормаларды баяндауға және соңынан қолдануға арналған қазіргі қазақ тілі стилінің аса жоғары деңгейдегі лингвистикалық стандарттары болуы қажет [1].

Бүгінгі таңда бір тілден екінші тілге мәтінді аудару (қазіргі жағдайда орыс тілінен қазақ тіліне аудару) кезінде қиындықтар туындап, нәтижесінде сол тілге (қазақ тіліне) тән стильдік-грамматикалық талаптардың сақтала бермеуінен орашолақ аудармалар дүние есігін ашуда. Осы мәселеге байланысты, жеке өмірге қол сұғылмау құқығын қылмыстық құқықтық тұрғыдан қорғау бойынша ғалымдардың бірқатар теориялық көзқарастарын қарастырып, ондағы кейбір терминдер бойынша өз тұжырымдарымызбен бөлісіп көрелік.

...

Скачать:   txt (24.1 Kb)   pdf (204.3 Kb)   docx (19.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club