Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Проблемы моего округа

Автор:   •  Февраль 13, 2021  •  Эссе  •  262 Слов (2 Страниц)  •  265 Просмотры

Страница 1 из 2

Мен Ақмола облысы Степногорск қаласы тұрғынымын,және осы қалада туылып,қазіргі уақытқа дейін тұрып келемін. Осы 18 жыл ішінде мен қаламда көптеген проблемалармен кездестім. Тіпті қаланы қоя тұрып,көшеге назар аударсақ маңызды проблемаларды көре аламыз.Мен осы мәселелерді айтып қана қоймай,оның шешу жолдарын ұсынуға тырысамын.

Басты мәселелердің бірі бұл абаттандыру проблемасы.Нақты айта кететін болсақ бұл сумен және электрмен жабдықтау,жол және тротуар, микроклиматты жақсарту,көшелерді жарықтандыру проблемалары. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасалмаған.Мысалы тротуар мәселесі жаз бен қыс айларында онша көзге көрінбейді,бірақ қалған айларда оның хәлі мәз емес.Совет үкіметі кезінен қалған жолдар батпаққа айналып,қазір жүру мүмкін емес.Жарықтандыру мәселесі де маңызды,кешкі уақытта адамдар өз жолын тандап жүру қажет,жарықтанбаған көшемен өту қауіпті болып табылады.Бұл мәселені шешу үшін қаржыны тек қала орталығына ғана бөлмей, қаланың шет шетіне,көшелерге бөліп,назар аудару қажет.

Келесі бір мәлесе бұл жастарға жасалатын жағдайлар.Қаланың жастары бұл қалада қалғысы келмейді.Себебі перспективаның,мансаптық өсудің,жұмыс орынның болмауы қаладан жаппай кетуге алып келеді.Ал қалада қалған жастардың көбісі жаман жолға түсіп,өз өмірлерін құртады.Осы жайт негізі бұл қаланың ғана емес Қазақстандағы көптеген қалалардың,тіпті мемлекеттің өзекті проблемасы десек те болады.Осы проблеманы шешу үшін жастарға жағдай жасау керек.Мысалы елде болып жатқан жағдайлар,мемлекет тарапынан немқұрайлық,сот жүйесіндегі әділетсіздік жастар санасында өзінің болашағын қауіпсіз болуына күмән тудырады.

Тағы

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (30.3 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club