Белгілерді генетикалық карталау
Автор: Kurakbai Hasenovich • Апрель 17, 2026 • Реферат • 5,748 Слов (23 Страниц) • 10 Просмотры
МАЗМҰНЫ
- Бидайға жалпы сипаттама 5
- Бидай өсірілетін қоршаған орта жағдайлары 6
- Бидайдың қоректік құрамы 8
- Бидайдың агрономиялық маңызы және өсіру агротехнологиясы 9
- Бидайдың жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі 12
- Бидайдың әлемдік экспорты 13
- Бидайдың жетекші экспорттаушы елдері 14
- Бидайдың экономикалық маңызы 15
- Ауылшаруашылығы саласындағы қиындықтар 16
- Қазақстандағы қазіргі және болашақ дақыл бейімделуіне климаттың әсері 17
- Белгілерді генетикалық карталау 23
- Колеоптиль ұзындығын бағалау 25
- Өсімдік биіктігін бағалау 26
- Бидайдағы колеоптиль ұзындығына жауапты QTL-дер 27
- Геном бойынша ассоциациялық талдау (GWAS) 28
Пайдаланылған әдебиеттер 30
КІРІСПЕ
- Бидайға жалпы сипаттама
Дәнді дақылдар адам үшін ең негізгі тағам көзі болып табылады. Олардың ішінде бидай күріштен кейінгі маңызды тағам көзі болып есептеледі және әлем бойынша ең көп өсірілетін дәнді дақылдардың қатарында [1]. Бидай poaceae тұқымдасына жататын [2] (кесте 1), бастапқыда Таяу Шығыстың Левант аймағынан және Эфиопия Таулы аймақтарынан шыққан, бірақ қазір бүкіл әлемде өсірілетін дақыл [3]. Бидай тұқымы (Triticum L.) хромосомалар жиынтығының саны бойынша төрт бөлікке бөлінетін түрлермен ұсынылған. Олар: 1) 14 хромосомасы бар диплоидты бидай; 2) 28 хромосомасы бар тетраплоидты бидай; 3) 42 хромосомасы бар гексаплоидты бидай; 4) 56 хромосомасы бар октаплоидты бидай түрлері [4]. Бидайдың мәдени және жабайы түрлерінің маңызды морфологиялық және биологиялық белгілері бойынша бірнеше белгілерге бөлінеді. Масақ өзегі бойынша – сынбайтын (берік), яғни масақ бастыру кезінде тұтас сақталады (бұл көбінесе мәдени бидайларға тән). Бастыру кезінде масақ жеке масақшаларға бөлініп кетуіне байланысты – сынғыш (жабайы түрлерге тән) деп бөлінеді. Масағының тығыздығына қарай, тығыз масақты – масақшалар бір-біріне жақын орналасқан және босаң масақты, яғни масақшалар арасы алшақ болып екіге бөлінеді. Қылтандарының (ось) болуына байланысты, қылтанақты және қылтанақсыз болып жіктеледі. Ал, оның ұзындығына байланысты – қысқа, орташа және ұзын болады. Масақша қабықшалары тері тәрізді қалың және жарғақ тәрізді жұқа болады. Дән сипатына келер болсақ, қабықты – дәндері қауызбен тығыз байланысқан (жабайы және ежелгі түрлер), және қабықсыз, яғни жалаңаш – бастыру кезінде қауыздан оңай ажырайды [5]. Бұл көбінесе мәдени жұмсақ бидайларға тән. Сабағы бойынша қуыс және толық болады, ал тіршілік формасы қарай күздік және жаздық болып екіге бөлінеді [3].
Жаздық бидай - жаздың аяғында немесе күздің басында пісетін көктемгі бидай сорты. Жаздық бидай стресске төзімділікпен сипатталады, ол салыстырмалы түрде құрғақ жағдайда өмір сүре алады, бірақ вегетациялық кезеңнің басында жеткілікті ылғалдың болуы міндетті шарт болып табылады. Сондықтан жаздық бидай әдетте көктемгі және жаздың басында жаңбыр жауатын жерде өсіріледі. Жаздық бидайдың жалпы өсу кезеңінің ұзақтығы 100-ден 130 күнге дейін, ал күздік бидайдың пісуі үшін шамамен 180-ден 250 күнге дейін қажет [6]. Күндізгі және температуралық талаптар сортты таңдаудың негізгі факторлары болып табылады (Сурет 1).
Күздік бидай - Қазақстан аумағында кеңінен өсірілетін бидай. Мұнда күздік бидайға арналған дала жұмыстары күзден басталып, жаздың ортасына дейін жалғасады. Жаздық бидайдан ол жоғары өнімділікпен және вегетациялық кезеңнің ұзақтығымен ерекшеленеді. Сорттарды салқындату талаптарына, қысқы төзімділікке және күндізгі сезімталдыққа сәйкес қысқы немесе көктемгі түрлер ретінде топтастыруға болады. Күздік бидай ұзақ күндер бойы қалыпты өсу үшін ерте өсу кезінде суық кезеңді немесе
салқындатуды (вернализацияны) қажет етеді [6]. Күздік бидайды вернализациялау қажеттілігіне байланысты оны күздің басында (қыркүйек және қазан айларында) отырғызады, осылайша өсімдіктер қыстың басталуына дейін пайда болып, жеткілікті түрде дами алады. Қыс айларында күздік бидай өсімдіктері вегетативті, тыныш күйде қалады. Күздік бидай өзінің дамуының алғашқы кезеңдерінде - 200C-қа дейін аязға төзімді. Температура көтеріле бастағаннан кейін күздік бидай өсімдігі қайта өсіп, репродуктивті кезеңге ауысады, нәтижесінде масақ дамиды. Көктемде белсенді өсу кезеңінде жоғалады, ал масақтың дамуы мен гүлдену кезеңінде аяз масақтың стерильділігіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты кейде қысқы аязға қарағанда көктемгі аязға байланысты қысқы дақылға көбірек зиян келтіріледі.
...