Шпаргалка по "Медицине"
Автор: iamalimjan • Ноябрь 25, 2024 • Шпаргалка • 3,260 Слов (14 Страниц) • 13 Просмотры
⭕️Эпителий тіндері
Эпилелий тіндері-фило және онтоногенезде алғашқы болып пайда болатын гистологиялық құрылымдар.Олар сыртқы және ішкі ортаның шекарасында орналасатын бездерді құрауға қатысатын тығыз байланысқан пласт түрінде ,базальды мембранада орналасқан,полярлы дифференцияланған жасуша дифферондарының жүйесін құрайды.
Эпителийдің
- беткейлік-жабу;
- безді түрлерін ажыратады.
✅Жабу эпилелийі
дененің бетін жабу(қаптау),ішкі мүшелердің шырышты қабықшаларын ,ішкі қуыстарды тыстаушы шекаралық тіндер.Организмнің зат алмасуына қатысады.Мысалы:организм үшін энергия көзі және құрылыс материалы болып табылатын ас қорыту өнімдері ішек эпителийі арқыры қан мен лимфаға сіңірілсе;бүйрек эпителийі арқылы шлактар(азоттық алмасудың бірқатар өнімдері)шығарылады.
Эпителий көптеген мүшелердің құрылуына қатысады,сондықтан морфофизиологиялық қасиеттерінің алуан түрі байқалады.
Эпителий жасушалары -эпителиоциттер пішіні мен құрылысы эпителийдің әр түрінде бірдей емес,жасушааралық заты (құрамына- күрделі нәруыздар-гликопротеиндер, протеогликандар, көмірсулар, глюкозааминогликандар кіреді) аз бір-бірімен өте тығыз байланысқан.
Жасуша аралық байланыстары:десмосомалар,аралық саңылау
Эпителий базальды мембранада орналасады.
Базальды мембрана эпителийдің және төменде орналасқан дәнекер тін жасушаларының белсенділігінің нәтижесінде пайда болған.Қалыңдығы шамамен 1мкм, ашық және күңгірт түсті табақшалардан тұрады.
Ашық табақшада :нәруыздар аз,бірақ Са иондарына бай аморфты заттан тұрады.
Күңгірт түсті табақшаның аморфты матриксі нәруыздарға бай,оған мембрананың механикалық беріктігін қамтамасыз ететін фибрилярлы құрылымдар бекінген.
Базальды мембраналар бірқатар қызметтерді атқарады:механикалық(байланыстырушы),трофикалық және тосқауылдық(заттарды талдап өткізу), морфогенетикалық(регенарация кезінде ұйымдастыруды қамтамасыз етеді) және эпителийдің инвазивті өсу мүмкіндігін шектейді.
-Эпителиоциттердің қабаттарында қантамырлары болмағандықтан,олардың қоректенуі базальды мембрана арқылы одан төмен орналасқан эпителий тінімен тығыз байланыста болатын дәнекер тінінен диффуздық жолмен жүзеге асырылады.
•Эпителийге полярлы дифференциовка тән:апикальды және базальды бөлімнен тұрады.
•Эпилелий тіндері регенерацияға бейім,ұдайы жаңарып отыруға қабілетті.Қалпына келуі камбиальды жасушалардың митоз жолымен бөлінуі арқылы жүреді.
Дамуы:эмбрионалдық дамудың 3-4аптасынан бастап үш ұрық жапырақшаларынан дамиды.
Шығу тегі,құрылысы,қызметіне байланысты жіктелуі: (Морфологиялық жіктелуі жасушалардың базальды мембранада орналасуы мен пішіндеріне негізделген).
- Бір қабатты
- Көп қабатты
✅Бір қабатты: барлық жасушалар базальды мембаранамен байланысқан.
- Бір қатарлы
Пішініне байланысты:
- жазық,
- текшелі,
- бағаналы,яғни бір қатада орналасады.
- көп қатарлы болады.
🔺 Бір қабатты жазық эпилий
-мезотелийден тұрады.
Мезотелий сіңірлі қабықшаларды қаптайды
Мезотелий жасушалары-мезотелиоциттер- жазық пішіні көпбұрышты,шеттері тегіс емес
Ядросы орналасқан бөлігі қалыңырақ,ядросы бір немесе бірнешеу.
Мезотелий арқылы серозды сұйықтықтың бөлінуі және сіңірілуі өтеді,беті тегіс болғандықтан ішкі мүшелердің сырғуы жеңіл жүреді.
Мезотелий құрсақ және кеуде қуысында орналасқан мүшелер арасында жабыспалардың пайда болуына кедергі жасайды.
Эндотелий жасушалары-эндотелиоциттер
...