Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Медицине"

Автор:   •  Апрель 27, 2023  •  Шпаргалка  •  16,748 Слов (67 Страниц)  •  165 Просмотры

Страница 1 из 67

 643. 45 жастағы әйел аурухананың  қабылдау бөліміне әлсіздікке, жүдеуіне, бас айналуына, шашының түсуіне, ішінің кебуне, күніне 8 ретке дейін ішінің өтуіне және сүйектегі ауыру сезіміне шағымданып қаралды.  Анамнезінде- бұл шағымдар ұзақ уақыт, бала кезінен мазалайды  Қарауда: терісі боз,   астеникалық дене бітімі. Тілі ылғал, тегістелген. Қызыл иегі борпылдаған, сәл қанталаған. Пальпацияда: құрсағы аздап кебіңкі,  ауыру сезімді,  бауыр өзгермеген.

Төменде берілгенсиндромдардың қайсысы науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

*  Астеникалық

*  +Мальабсорбция

*  Диспепсиялық

*  Геморрагиялық  

* Портальды гипертензия

644.37 ж., құрылысшы   ер кісі   аурухананың  қабылдау бөліміне тері  қышуына, оның сарғаюына, күңгірт түсті кіші дәретке, ентігуіне және соңғы  айларда ішінің үлкеюі мен  аяғының ісінуіболғанына  шағымданып қаралды.   Анамнезінде: ұзақ уақыттан бері темекі шегеді және  алкоголдық ішімдіктерді қабылдайды. Жалпы қарауда: есеңгіреген, көзі мен терісі сарғайған, терісінде қасыну іздері, кеудесі мен арқасында таралған «қан тамыр жұлдызшалары», құрсағының бүйрінде  варикозды кеңейген көк тамыр тарбақтары. Қолы дірілдейді. АҚ 120/80 мм сбб. Пальпацияда –құрсағы  кернелген, асцит.

Төменде берілген   синдромдардың қайсысына бұл белгілер тән болуы ЕҢ ықтимал?

* Геморрагиялық

* Диспепсиялық

* Холестатикалық

* +Порталды гипертензия

* Мальабсорбция, малдигестия

645. 42 ж., әйел, бояушылет, жанұялық дәрігерге майлы тағамнан кейін болатын оң қабырға доғасы астындағы ауыру сезіміне, терісінің қышуына, күңгірт түсті зәрі мен түссіз нәжіске шағымданып қаралды. Анамнезінде – бұл шағымдар соңғы 6 айдан бері мазалайды, бірақ бала кезінен майлы тағамды көтере алмайтынын айтады.  Жалпы қарауда: көзі сарғайған, терісінде қасыну іздері. Тілі ылғалды, сарғыш түсті сәл өңезделген. Пальпацияда: құрсағы жұмсақ, оң қабырғасы доғасы аймағында ауыру сезімді. Перкуссияда:   Курлов бойынша бауыр өлшемдері - 12х11х10,  пальпацияда: бауыр сезімталды, қыры дөайқындалмаған.   Биохимиялық  қан көрсеткіштерінде: билирубин 50 ммоль/л, ҚФ 150б/л.

Төменде берілген   синдромдардың қайсысы бұл жағдайда болуы ЕҢ ықтимал?

* Ауру сезімі

* Мальабсорбция

* Гепатомегалия

* Диспепсиялық

* +Холестатикалық

646. 23ж., ер кісі, жүргізуші қабылдау бөліміне таңғы мезгілде мазалап  арқасына  берілетін және тағамнан кейін қоятын эпигастрийдағы  кескен тәрізді ауыру шағымданып қаралды. Анамнезінде - 5 жылда бері ауырады. Әкесінде созылмалы гастриті бар. Қарауда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бойы -176 см, салмағы- 58 кг. Терісі –ылғалды, салқын. Жүрек және өкпесі өзгеріссіз. Тілі қызарған. Пальпацияда:  эпигастрийда ауыру сезімі,   Мендель белгісі оң. Бауыр- қабырға доғасы бойында.

Төменде берілген тексеру әдістерінің  қайсысы бұл жағдайда  ЕҢ тиімді болуы ықтимал?

* +ЭФГДС

* Асқазанды зондтау

* Құрсақ ағзаларының КТ  

* Құрсақ ағзаларының УДТ  

* Құрсақ ағзаларының МРТ  

647. 34 ж., әйел, оқытушы, стационардың қабылдау бөліміне  оң қабырға доғасы астындағы ауыру сезіміне, аузындағы ашшы дәмге, кекірікке, жүрек айнуына, қызуының 36,5 С дейін жоғарылауына, ішінің қатуынашағымданып қаралды.  Анамнезінде: соңғы 3 жылда терісінің қышуы мен қабырға доғасы астындағы ауыртпалық мазалайды. Жалпы қарауда: көзі сарғыштанған. Тілі ылғалды, өңезделген. Пальпацияда оң қабырға доғасы асты ауыру сезімді,  Мерфи симптомы оң. Бауыр тығыздалған, серпінді, ауыру сезімді, ұлғаймаған.

Төменде берілген белгілердің қайсысы Мерфи симптомына тән болуы ЕҢ ықтимал?

*Төс-бұғана-емізіктік бұлшық аяқшалары арасын басқандағы ауыру сезімі

*+Тыныс алуда үстіндегі палпацияда оң қабырға доғасы астындағы қатты ауыру сезімі

*Өт қапшығы аймағындағы ауыру  сезімі  

* Эпигастрий аймағындағы ауыру  сезімі  

*Жоғарғы сезімталды тері аймағы

648. 34 ж., әйел, сатушы, аймақтық  терапевке: оң қабырға доғасы астындағы ауыру сезімі,аузындағы   ашшы дәмге, кекіріккежүрек айнуына, қызуының 36,5 С дейін жоғарылауына, ішінің қатуынашағымданып қаралды. Анамнезінде: соңғы 3 жылда терісінің қышуы мен қабырға доғасы астындағы ауыртпалық мазалайды. Пальпацияда: құрсағы жұмсақ, оң қабырға доғасы аймағы ауыру сезімді,  тыныс үстінде қол ұшын оң қабырға доғасы астына кіргізгенде қатты ауыру сезімі пайда болады. Бауыр тығыздалған, серпінді, ауыру сезімді. Көк бауыр ұлғаймаған.  .

...

Скачать:   txt (190.5 Kb)   pdf (291.9 Kb)   docx (89.5 Kb)  
Продолжить читать еще 66 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club