Шпаргалка по "Медицине"
Автор: b.zholmagambet • Ноябрь 3, 2021 • Шпаргалка • 2,483 Слов (10 Страниц) • 288 Просмотры
[pic 1]
10 билет
1.Трахея мен көмейдің топографиялық анатомиясы. Қанмен қамтамасыз ету және иннервация.
Жалпы Көмей(larynx)- тыныс алу жүйесінің мүшесі болып табылады.
Ол мойынның алдыңғы бетінің жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Скелетопиясына келсек:
-5-6 мойын омыртқалардың деңгейінде орналасқан.
Синтопиясына келсек:
Жоғарыда-тіласты сүйекке бекітілген
Төменде-трахеяға ашылады
Алдында -тіласты бұлшықеттермен жабылған
Бүйрінде-қалқанша безінің бөліктері және қартамыр нерв өрімдері орналасқан.
Артында-жұтқыншақтың көмей бөлігі
Сонымен қатар көмей бірнеше шеміршектерден тұрады олар:
-қалқанша тәрізді шеміршек(cartilago thyroidea)-көмейдің ең үлкен шеміршегі. Ол көмейдің алдыңғы жақ қабырғасын құрайды.
-Ожау тәрізді шеміршек(cartilage arytenoidea)
-жүзік тәрізді шеміршек(cartilago cricoidea)-көмейдің төменгі шекарасын құрайды.
Мұнда қалқаншатәрізді және ожау тәрізді шеміршектер орналасқан.
-көмей үстіліктен(epiglottis)-серпімді шеміршектен тұрады; ол басқа көмей шеміршектеріне қарағанда жұмсақ
Қабаттарына келсек:
Ең алдымен тері , одан кейін тері асты шелмайы қабаты, беткей фасция және де меншікті фасция .
Одан кейін бұлшықетті қабаты орналасқан.
Негізінен Көмей бұлшықеттері сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы бұлшықеттерге:
-жүзік-қалқанша бұлшықеті(m.cricothroideus) жатады.
Ішкі бұлшықеттерге:
-артқы жүзік-қалқанша бұлшықеті(m.cricothroideus posterior)
-бүйірлік жүзік-қалқанша бұлшықеті(m.cricothroideus lateralis)
-ішкі қалқанша ожау тәрізді бұлшықет(m.thyroarytenoideus internus )
-сыртқы қалқанша ожау тәрізді бұлшықет(m.thyroarytenoideus externus)
Қанмен қамтамасыз етілуіне келсек:
-Ол жоғарғы және төменгі көмей артериялары арқылы жүзеге асады.(aa.laryngea superior et inferior)
Мұндағы жоғарғы көмей артериясы-a.thyroidea superior -дан
Ал төменгі көмей артериясы-a.thyroidea inferior-дан тарайды.
Енді Иннервациясына келсек:
Жоғарғы көмей нерві және төменгі көмей нерві арқылы нервтеледі.(nn. Laryngeus superior et inferior)
Жоғарғы көмей нерві- көмейдің сыртқы бұлшықетін, яғни жүзік-қалқанша бұлшықеті(m.cricothroideus) нервтендіреді
Ал төменгі көмей нерві- көмейдің ішкі бұлшықеттерін нервтендіреді.
Кеңірдек(trachea)- көмейдің тікелей жалғасы және бұл да тыныс алу жүйесінің мүшесі болып табылады.
Скелетопиясына келсек:
-7-ші мойын омыртқасының жоғарғы қырынан басталып ,2-ші кеуде омыртқасының төменгі қыры аймағында орналасқан
Осыған қарай біз трахеяның 2 бөлігін ажыратамыз:
-мойын-6-8 шеміршекті сақиналардан тұрады.
-кеуде
Синтопиясына келсек:
Жоғарыда-қалқанша безімен
Алдында- қалқанша безінің мойынымен
Бүйрінде- қалқанша безінің бөліктерімен шектелген.
Артқы қабырғасы-өңешпен жанасып жатады
Төменгі бөлігінде- жалпы ұйқы артериясы жанасып жатады.
Қабаттарына келсек:
-тері
-теріасты шелмай қабаты
-беткей фасция
-меншікті фасция
-бұлшвқеттері: m.sternohyoideus
M.sternothyroideus.
Қанмен қамтамасыз етілуне тоқталсақ:
2 артериямен қамтамасыз етіледі.олар:
-төменгі қалқанша артериясы(a.thyroidea inferior)
-кеудеішілік артерия(a. Thoracica interna)
Веналық ағыс трахеяны қоршап тұрған веноздық плексусқа, сонымен қатар қалқанша безінің веналарына жүзеге асады.
Нервтенуі :
-қайтарма нерв арқылы (n.reccurens) жүзеге асады.
Лимфа ағысна келсек. Ол nodi lymphatici paratrachleare ге бағытталады
2.
[pic 2]
1.Иық аймағының топографиялық анатомиясы. Иық аймағының талшықты кеңістігі және олардың басқа аймақтармен байланысы. Иық аймағының қан айналымы және иннервациясы.
...