Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Медицине"

Автор:   •  Май 5, 2020  •  Шпаргалка  •  2,376 Слов (10 Страниц)  •  371 Просмотры

Страница 1 из 10

№1 есеп

Науқас А., 53 жаста, амиодаронды көк тамырға енгізгеннен 15 минуттан кейін қорқыныш сезімі, терісінің қышуы, дауысының шықпай қалуы, жұтуының қиындауы, құлақтың шуылдауы, ішінің және белінің ауру сезімі пайда боды. Систоликалық АҚ=60 мм сбб., диастоликалық АҚ анықталмайды, ЖСЖ=135 соққы/мин, ырғақты, толуы әлсіз, ТЖ 32 рет мин. Науқастың есі сақталған, қозғыш, айқын ентігу байқалады. Туындаған жағдайда клиникалық белгілерді азайту үшін төмендегі фармакотерапия тағайындалды:

–адреналин 0,1% – 0,5 мл т/а,  

–0,2% – 1 мл норадреналинді 200 мл 5% глюкоза ерітіндісінде к/т там,  

– к/т тез преднизолон 30 мг,

– к/т там полиглюкин 400 мл  

Сұрақтары:

1.Науқастың клиникалық жағдайының ауырлығын бағалаңыз.

2.Дәрілік заттардың мөлшерлеу режимі дұрыстығын анықтаңыз.    

Жауабтары:

1.Науқаста анафилактикалық шок, амиодаронды енгізумен шақырылған.

2.Жүргізілген фармакотерапияда вазопрессорлық заттар (адреналин, норадреналин), плазмоалмастырушы препарат (полиглюкин), глюкокортикостероид (преднизолон) тағайындалған. Преднизалонның мөлшері жеткіліксіз, к/т болюсті 90-120 мг аз болмау керек.

№2 есеп

49 жастағы гипертониялық аурумен ауыратын науқаста, тіс дәрігеріне қаралған уақытта, ауру сезімін болдырмау мақсатында құрамы артикаин мен эпинефриннен тұратын «ультракаин ДС» препаратын қолданды, АҚ 220/120 мм сбб жоғарлап, гипертониялық криз туындады, ЖСЖ – 98 соққы/мин, бастың ауруы, сөйлеудің бұзылуы, бастың айналуы байқалды. Сұрақтары:

1. Туындаған жағдайдың себебі қандай?

2. Тіс дәрігері араласу алдында қандай ісшара жүргізуге міндетті.

3. Осы жағдайда жергілікті жансыздандыру үшін қай препарат оптималды.

Жауабтары:

1.Науқастағы гипертониялық криз біріктірілген құрамында симпатомиметик эпинефрин (адреналин) «ультракаин ДС» препаратын енгізуге байланысты.    

2.Стоматологиялық араласулар алдында тіс дәрігері препараттың жанама әсерлерін болдырмау үшін қосымша патологияларын анықтап алу қажет.  

3.Аталған клиникалық жағдайда құрамында эпинефрин (адреналин) жоқ артикаин («ультракаин Д») препаратын тағайындау тиімді.  

№3 есеп

55 жастағы әйел адам, II дәрежелі гипертониялық аурумен ауырады. Артериалды гипертонияны қалыпқа келтіру үшін эналаприл 10 мг 2 рет күніне тағайындалды. Емдеу барысында АҚҚ қалыпқа келді, алайда препаратты кезеңмен қабылдаған соң 4 аптадан кейін жөтел пайда болды. Жүргізілген емге қандай өзгерістер енгізу қажет:

Жауабы: эналаприлді алып тастап, антигипертензивті ДЗ басқа тобын тағайындау керек: кальций каналының баяу тежегіштері, тиазидті диуретиктер

№4 есеп

Науқас 54 жаста, 12 жылдан бері артериалды гипертензиямен бірге бронх демікпесімен ауырады. Қарап тексергенде өкпесінде бірен саран құрғақ сырылдар, ТЖ=22 рет мин, ЖСЖ=100 соққы мин, АҚҚ 180/110 мм сбб анықталды. Науқасқа қай гипотензивті препарат тағайындалуы мүмкін: Жауабы: сартандар

№5 есеп

Анемиясы бар науқасқа (эр 2,3, Нв 120г/л, тк 1,56) дәрігер феррум лек  (темір гидроксиді (III)) таблеткада 100мг  2 рет күніне, 3айға, В12 дәруменін 1,0 б/е 1 рет күніне, 10 күнге тағайындады.

Дәрігердің әрекетін бағалаңыз.

Жауабы

№6 есеп

Науқас 60 жаста, «ӨСОА IIд, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТАЖ I. Гипертониялық ауру, II д. риск ССО2, НI» диагнозымен келесі препараттар тағайындалды:

Дексаметазон 1 мл к/т 10 күн,

Амброксол 30 мг 3 рет тәулігіне ішке қабылдау,

ингаляции «Серевент» 2 мөлшерден (25 мкг) 2 рет тәулігіне,

Эналаприл 5 мг 2 рет тәулігіне.

Препараттарды қабылдағаннан кейін аптадан соң бронхтың тарылу синдромы аздап оң динамикамен, жөтелінің күшейіп кетуі байқалды. Науқасты емдеуде сіздің шараңыз қандай?

...

Скачать:   txt (34 Kb)   pdf (151.3 Kb)   docx (20.7 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club