Лейшманиоз эпидемиологиясы
Автор: akonya03 • Май 2, 2023 • Курсовая работа • 4,362 Слов (18 Страниц) • 140 Просмотры
[pic 1] | «Астана медицина университеті» КеАҚ |
Жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология кафедрасы |
ЛЕЙШМАНИОЗДАР ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
Тексерген: Байгулова Г.Б.
Орындаған: Шаймерден А.Б
Топ: 308 ЖМ
Астана - 2023
МАЗМҰНЫ
І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I Тарау . ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1.1 Лейшманиоз туралы жалпы ақпарат
1.2 Әлемдік деңгейде таралуы
1.3.Лейшманиоз негізгі тәуекел факторлары ,алдын алу шаралары
II Тарау. РЕТРОСПЕКТИВТІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 2016-2017 жылдар аралығындағы лейшманиозбен ауырған адамдар саны Оңтүстік Қазақстандағы тіркелген көрсеткіштерді талдау
2.2 2010-2018 жылдардағы лейшманиозбен ауырған адамдардың Жануарлардың шағуын локализациялауды талдау
2.3 1999-2004 жылдар аралығындағы лейшманиозбен ауырған адамдардың маусымдық көрсеткіштері
2.4 1999-2007 жылдар аралығындағы лейшманиозбен ауырған адамдардың Динамикалық қатардың тізбектік көрсеткіштері есептеуге арналған деректер
2.5 Лейшманиозбен сырқаттанушылықтың көп жылдық беталысын бағалау
2.6.Сырқаттанушылықты келер жылға болжау
2.7. Ауыл және қала тұрғындарының лейшманиоз инфекциясымен сырқаттанушылығы
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Тақырып өзектілігі
Соңғы онжылдықтарда әлемде лейшманиозбен ауыру тұрғындар арасында өте кең таралғаны байқалып отыр. Қазақстанда да лейшманиоз өзінің маңызын жойған жоқ және жыл сайын спорадикалық және топтық аурулар түрінде байқалады. Бірақ оның таралуы тұрғындар арасында елеусіз қалып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Денсаулық сақтау саласында лейшманиоз әлемнің 88 елінде кең таралған. Оның 72-сі Дүниежүзілік ұйымның мәліметтері бойынша дамушы елдерге жатады, соның ішінде лейшманиоздың висцеральды түрі 65 елде кездесетіні анықталып отыр. Жеке шаруашылықтардың дамуымен ауыл шаруашылығы өндірісіндегі болып жатқан өзгерістер, осы қоздырғыштан туындайтын ауру этиологиясы мен патогенезінде маңызды өзгерістермен қатар жүруі ықтимал.
Лейшманиялардың этиологиялық құрылымы, сондай-ақ табиғи антропургиялықтармен өндірістік және рекреациялық байланыс деңгейінің рөлінің артуы, ошақтарда этизоотиялық процестің байқалған белсенуі жануарлардың инфекциясы мен құс ауруының күшеюіне ықпал етеді және олардың одан әрі таралу қаупін арттырады. Бұл әдістемелік курстық жұмыс объективті деректерге негізделе отырып лейшманиоздың қазіргі кезде елеулі таралуының алдын-алуға негізделе отырып жеткізіледі.
Жұмыстың негізгі мақсаты:
Курстық жоспар негізгі мақсаттары - Лейшманиоздың этиологиясын, эпидемиологиясын, патогенезін, клиникасын, клиникалық классификациясын, диагностикасын, емінің ерекшеліктерін талдау болып табылады.
-Лейшманиоз этиологиясының ерекшеліктерін білу;
-Лейшманиоз эпидемиологиясының ерекшеліктерін білу;
-Лейшманиоз клиникасының ерекшеліктерін оқу;
-Лейшманиоздың профилактикасын және алдын алуын шараларын сараптау, талдау
-Лейшманиоз диагностикасы және емін анықтау
-Науқасты және науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды госпитализациялау тәртібін, дәрі-дәрмектерді және науқастарды шұғыл профилактикалау схемасын құру, талдау
-Қорытындылау
Жұмыстың Міндеттері:
-Әлемде лейшманиозбен сырқаттанушылықты кестемен көрсету;
...