Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Коньюгациялық сарғаю, орта дәрежелі, созылмалы түрі

Автор:   •  Февраль 25, 2023  •  История болезни  •  1,162 Слов (5 Страниц)  •  223 Просмотры

Страница 1 из 5

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ

№1 Балалар аурулары неонатологиямен кафедрасы

[pic 1]

Ауру тарихы

Науқастың аты-жөні: Арыстаналы Дильназ Ардаковна

Диагноз: Коньюгациялық сарғаю, орта дәрежелі, созылмалы түрі

Кафедра жетекшісі: м.ғ.д Жумалина А.К.

Оқытушы: Туякбаев А.М.

Факультет: Жалпы медицина

Студент: Уразов Айдар 401Б

Ақтөбе қаласы

2023 жыл

І. Паспорттық бөлім

Аты-жөні: Арыстаналы Дильназ Ардаковна

Туған жылы: 05.12.2022ж

Жасы: 1 ай

Жынысы: қыз бала

Тұрғылықты мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

Стационарға түскен уақыты: 06.01.2023ж

Стационарға түсу жолы: Жолдамамен

Стационардан шығарылған уақыты: 10.01.2023ж

ІІ. Шағымдары

Түскен кездегі шағымдары: тері жамылғысының және де склераларының сарғаюына.

ІІІ. Ауру анамнезі (Anamnesis morbi)

 Анасының сөзінше сарғаю баланың дүниеге келгенінен кейін 2-3 күндері басталған. Амбулаторлы Урсосанды 2 күн қабылдаған. Өз еркімен биохимиялық қан анализін тапсырған (жалпы билирубин – 185 мкмоль/л, тікелей билирубин – 11,5 мкмоль/л, тікелей емес билирубин – 174,3 мкмоль/л), осы нәтижелермен учаскелік педиатрға жүгінген. Педиатр маманымен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына госпитализацияға жіберілген. Қабылдау бөлімінде бала қаралды, ЖҚА, КВИ-ге ПТР анализдері алынды, сомматикалық бөлімге жатқызылды.

ІV. Өмір анамнезі (Anamnesis vitae)

 Бала 1-інші жүктіліктен, 41 аптасында. Босануы облыстық перинатальді орталықта өткен, 2-інші күні шығарылған. Дүниеге келген кезіндегі салмағы – 4300,0 г, бойы – 58 см. Перинатальды орталықта БЦЖ, ВГВ екпелерін алған. Анасы баланы дүниеге келгенінен бастап емізеді. Кіндігі 7-інші күнге түскен. Тұқымқуалайтын аурулары жоқ. Тұрмыстық жағдайы: қанағаттанарлық (отбасылы) толық.

Эпидемиологиялық анамнез: Инфекциялық аурулардың симптомдары бар науқастармен контактте болмаған.

Аллергиялық анамнез: Дәрілік заттар мен азық-түлік түрлеріне аллергиясы жоқ.

V. Объективті қарау

 Бойы - 56 см, салмағы – 5200,0 г, ЖСЖ 128 р/мин, ТЖ минутына – 44, дене қызуы – 36,2°С, сатурация – 100%.

 Баланың жағдайы, сарғаюына байланысты, орташа ауырлықта. Есі анық, тыныштық күйде. Айқайы қатты. Анасын емеді, емуі активті, құспайды. Дұрыс дене пішімді, қанағаттанарлық тамақтануда. Тері жамылғысы мен көзге көрінетін шырышты қабықтары сарғайған, субъектерикалық, Крамер шкаласы бойынша 2-3 зонада. Склералары иктерикалық. Преоральды аймақтары цианозданған. Тері асты шел май қабаты қанағаттанарлық дамыған. Тері тургоры мен эластикасы сақталған. Бұлшықет тонустары сақталған. Сүйек-буын жүйесі патологиясыз, басы дөңгелек пішінді, үлкен еңбегі 2,0*2,0 см, ісінбеген. Менингиальды белгілер мен ошақтанған симптомдары жоқ. Туа пайда болған автоматты рефлекстері: оральды – сақталған, ұстағыш – оң. Аяқтарымен тіреуі әлсіз, қадам жасау рефлексі шақырылады. Мұрынымен дем алуы бос, тегіс. Перкуторлы: өкпелік дыбыс. Аускультациялы: өкпелерінде пуэрильды тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары ритмді, жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу естіледі. Іші жұмсақ, үрілмеген, пальпацияланады, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Қарау кезінде үлкен дәреті болмады. Ісінулер жоқ, кіші дәреті бос.

Зертханалық – құрал-сайманды тексерудің нәтижелері:

Биохимиялық қан анализі: 03.01.2023ж КДЛ Олимп – Жалпы билирубин 185,8 мкмоль/л, тіке билирубин 11,50 мкмоль/л, тіке емес билирубин 174,30 мкмоль/л.

Биохимиялық қан анализі: 09.01.2023ж – тимол пробасы 1,5 ед, АЛТ – 12 ед/л, АСТ – 19 ед/л, жалпы билирубин – 152,2 мкмоль/л, тіке билирубин – 13,3 мкмоль/л, тіке емес билирубин – 138,9 мкмоль/л, глюкоза – 3,9 ммоль

COVID-19 вирусының РНК ПТР: 07.01.2023ж – теріс

Жалпы қан анализі: гематокрит (НСТ) – 42%, гемоглобин – 142 г/л, лейкоциттер – 11,1 /л, ЭТЖ – 2,0 мм/сағ, тромбоциттер – 293,0 /л, эритроциттер – 4,55 /л

...

Скачать:   txt (16.1 Kb)   pdf (235.1 Kb)   docx (692.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club