Клиникаға кіріспе
Автор: zhye.saparbayeva • Сентябрь 22, 2021 • Анализ учебного пособия • 10,371 Слов (42 Страниц) • 494 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТЕРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Молотов-Лучанский В.Б., Туймебаева А.Т., Туймебаев А.А.
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ
Оқу әдістемелік құрал
ҚАРАҒАНДЫ
2008 жыл
УДК
ББК
М
Молотов-Лучанский В.Б., Туймебаева А.Т., Туймебаев А.А.
Клиникаға кіріспе
Оқу әдістемелік құрал – 34 б.
Рецензенттер:
м.ғ.к., доцент Кенжина З.З., м.ғ.к., доцент Мулдаева Г.М., м.ғ.к., доцент А.А.Тамен.
Оқу әдістемелік құрал медициналық жоғарғы оқу орындарында «Клиникаға кіріспе» пәнін оқитын 1-2 курс студенттеріне арналған. Оқу әдістемелік құралындағы ақпараттық материалдар берілген пән бойынша типтік бағдарламада қарастырылған тақырыптардан, тәжірибелік дағдыларды орындау алгоритмдерінен тұрады.
[pic 1]
ҚММА Әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітілген
Хаттама №_9_
_02_.05_2008_ж.
ҚММА-ның Ғалымдар Кеңесінде басып шығарылуға рұқсат етілді және бекітілді
Хаттама №_____
____.________200___ж.
© Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
1 БӨЛІМ. Емдеу - алдын-алу мекемелерінің негізгі типтері.
Емдеу сауықтыру мекемелерін негізгі екі типке бөледі: амбулатория және стационар. Амбулаториялық типтегі мекемелерге жатады: амбулаториялар, емханалар, медициналық-санитарлы бөлімдер, диспансерлер, консультациялар, жедел жәрдем станциялары.
Стационарлы типтегі мекемелерге жатады: ауруханалар, клиникалар, госпитальдар, босану үйлері, санаториялар, хоспистер. Емдеу және алдын-алу жұмыстарының сапасын жоғарлату мақсатында емханалар амбулаториялармен және стационарлармен бірлесіп жұмыс істейді. Бұндай жұмыстың құрылымы дәрігерлердің біліктілігін жетілдіруге, сонымен қатар тұрғындарды қамтамасыз етудің сапасын жақсартады.
Аурухананың құрылымы және негізгі қызметі.
Ауруханалар жалпы, республикалық, облыстық, шеткері, қалалық, аудандық және селолық деп бөлінеді. Арнайы ауруханалар (онкологиялық, туберкулез ауруларын емдейтін және т.б.) өзінің саласына байланысты қаланың шетінде немесе қаланың сыртында, көгалды аймақтарда орналасады.
Аурухана құрылысының 3 негізгі типі бар: дұрыс, орталықтандырылған және аралас.
Дұрыс салынған жүйеде аурухананың терриоториясында шамалы бөлек ғимараттар салынады. Орталықтандырылған типтегі құрылыста ғимарат жабық жер асты немесе жер асты дәліздермен біріктіріледі. Аралас типтегі аурухаларда негізгі инфекциялық емес бөлімшелер бөлек үлкен ғимаратта, ал инфекциялық бөлімшелер, шаруашылық құрылыстар бірнеше шамалы ғимараттарда орналастырылады.
Аурухана аймағы үш аумаққа бөлінеді: ғимарат, шаруашылық алаңы және қорғаныш көгал зонасы. Емдік және шаруашылық зонасына кіру жолдары бөлек болу қажет.
Ауруханалар мынадай объектілерден тұрады:
- Арнайы бөлімшелерден және палаталардан тұратын стационар.
- Қосымша бөлімшелер (рентген бөлмесі, патологанатомиялық бөлме) және зертхана.
- Аптекалар.
- Емханалар.
- Асхана.
- Кір жуатын бөлме.
- Әкімшілік және басқа да бөлмелер.
Ауруханалар үнемі емдеуге және анықталған аурулары бар (мысалы, хирургиялық, терапиялық, инфекциялық, психотерапиялық және т.б) пациенттерді күтуге арналған.
Стационар аурухананың негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Стационарда заманауи, диагностиканың күрделі тәсілдерін және емдеуді қажет ететін пациенттерді қабылдайды және емдейді, күту және басқа да мәдени-тұрмыстық қызметтерді көрсетеді.
Кез келген салалы стационардың құрылымы пациенттерді орналастыруға арналған палаталардан, шаруашылық бөлмесінен санитаралы бөлмелерден, арнайы бөлмелерден (емшара, емдеу-диагностикалық), сонымен қатар мейірбике бөлмесі, бөлімше меңгерушінің бөлмесінен тұрады.
...