Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инфекциялық үрдістің сипаттамасы

Автор:   •  Ноябрь 12, 2022  •  Эссе  •  890 Слов (4 Страниц)  •  238 Просмотры

Страница 1 из 4

[pic 1]

«Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасы

Эссе

Тақырыбы: Инфекциялық үрдістің сипаттамасы.

                            Орындаған: Пернебеков М.Э.

            Тобы: ЖМҚА 09-21

   Қабылдаған: Курманбекова Ш.Ж.

             

                    Шымкент – 2022 ж

Инфекция немесе инфекциялық процесс - бұл физиологиялық функцияны және оның ішкі ортаның тұрақтылығын бұзатын патогенді микробтардың пайда болып дамитын физиологиялық және патологиялық процестердің жиынтығы.

  Патогенділік дегеніміз - микроағзалардың инфекциялық процесс туғыза білу қабілетті, яғни бұл микроағзалардың потенциалды қабіетінің макроағзаларға еніп және онда көбеюге қабілетті генотипті бөлігі.

  Патогенділік дәрежесі - вируленттілік деп аталады (фенотипті белгі, яғни бөлігі бір жағдайда болатын штамм қасиеті). Вируленттілік - шартты өлшем бірлігімен өлшенеді - DLM (минимальды летальді доза). Белгілі бір уақыт аралығыңда қалыпты массамен жасы бірдей жануарлардың микробтарды қабылдауында Д сандық микробтардың мөлшеріне тең болады. Д ғана жануармен анықталмайды. Бір топ жануарлармен анықталады, оның

нәтижесінде өлген жануарлар саны 95- тен кем болмауы керек. Ал, вируленттілікті өлшеу үшін ағзаға микробтарды өндіру әдісін қолданады.

Пенетрация - қоздырғыштардың жасушаға енуі. Қоздырғыштардың вируленттілік қасиеті эпителиалъды жасушаларға лимфоцит және лейкоциттер ішіне енгенде байқалуы мүмкін. Бактериялардың инвазиялық қасиеті -

эпителиалъды жасушалар мен лимфоциттерге және т.б. макроағза жасушаларына енуге қабілеттімен тікелей тәуелді. Бұл процесс көбею кезінде жүреді. Макроағзалардың инвазиялық қасиеті дәнекер ұлпаларының

өткізгіштігін бұзатын қоздырғыштарды ағзаға тарататын гиалуронидаза, нейраминидаза ферменттерінің синтезделуі. Макроағзалар мен микроағзалардың өзара байланысы арнайы емес қорғаныс факторларының нашарлануына әкеп соғады. Агрессия процесі бактериальды жасушалар

құрылымдары, жасуша қабырғаларының қапшығы, ЛПС Грам теріс бактерия агрессиндерінің қатысумен жүзеге асады. Бұлардың көпшілігі лейкоциттер миграциясына әлсірете отырып, фагоцитозға қарсы фактор туғызады.

   Экзотоксиндер - дифтерия, сіреспе, ботулизм, ішек таяқшасы және стафилококты инфекциялар негізінде түзіледі. Экзотоксиндер химиялық табиғаты бойынша ақуызды болып табылады. Өмір сүру процесінде экзотоксиндер 4 типке бөлінеді:

1. Цитотоксиндер - субжасуша денгейінде ақуыз синтезделуін тежейді.

2. Мембрана токсиндері - эритроциттердің беткейлік мемебраналарының өткізгіштігін жоғарылатады, лейкоциттер мен эритроциттердің өткізгіштік мемебраналарын зақымдайды.

3. Функциональды тосқауылдар - белгілі ұлпа жүйелерінің қызметін тежейді.

4. Эксофолиотиндер және эритрогениндер - скарлатинді стрептококтар және алтындаған стафилококтар штамдарының әсері нәтижесінде пайда болады. Олар жасушаларының өзара байланысу процесіне және жасушааралық заттар мен байланысу нәтижесінде әсер етеді.

   Анатоксинді препараттар - улызаттардан толық тазартылған

бактериальды экзотоксиндерден алынған, бірақ антигенді, иммунды қасиеттерін сақтайтын препараттар. Анатоксин алу мақсатында экзотоксинге 0,3-0,5%-дық формалин араластырып, 37-40°С термостатқа улы қасиетін жойғанша ұстаймыз. Алынған анатоксиннің стерильдігі, қауіпсіздігі,иммуногенділігі жағынан тексереді. Анатоксинді улы инфекцияларды емдеуде және алдын-алу мақсатында қолданады.

   Эндотоксиндер - бактеральді жасушалар мен тығыз байланысып жасуша қабырғасында Грам теріс, ЛПС жоғары, температураға тұрақты, аздап улы және аз мөлшерде арнайы токсиндерді айтамыз.

   Табиғатта қоздырғыштарды инфекциялық әсеріне байланысты келесі түрлерге бөлеміз:

1. Бактериальды

2. Вирусты

3. Саңырауқұлақты

4. Қарапайымды

   Шығу тегі мен таралуына байланысты қоздырғыштарды экзогенді және эндоген деп бөледі.

   Қоздырғыштардың таралуына байланысты келесі түрлерге бөледі: ошақты инфекция (микроағзалар белгілі ошақты торальды, бірақ ағзағае таралмайды), генерализацияланған инфекция (қоздырғыш лимфогенді және гемотогенді жолмен таралады). Соңғы мезетте бактериямия немесе вирусемия пайда болады (бұл кезде қай микроағзаларды тасмалдаушы қызмет атқарады, бірақ көбею жүрмейді).Сепсис немесе септикопиемия - қоздырғыштардың қанда көбеюі, ішкі ағзаларда - іріңді ошақтар пайда болған кезде септикопиемия процесі жүреді, ол қанға бактериялар мен токсиндердің көп мөлшерде түскенде бактериальды немесе токсикосептикалық шок процесі болады.

...

Скачать:   txt (12.7 Kb)   pdf (352.3 Kb)   docx (276.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club