Иммунопатологиялык процестер
Автор: Aasisf • Апрель 12, 2022 • Реферат • 1,293 Слов (6 Страниц) • 379 Просмотры
ИММУНОПАТОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР
Иммуногендік реактивтілік- бұл ағзаның антигендік заттарға жауабы. Бұндай жауапты иммундық немесе иммунокомпонетті (ИКЖ) жүйе жасайды, ол ағзаның жек дара антигендік құрамын бақылау механизімінен тұрады. Оның негізіне өзінің меншікті нәруыздық құрылымын бөгде нәруыздан иммундық жүйе арқылы ажырату, табылған бөгде заттарды бұзуы және ағзаның элиминациялануы жатады (шығарып тастайды).
Антиген-бұл иммундық рекацияны шақыратын, шығу тегі экзо- немесе антигенді болып келетін зат. Иммундық реакция дегеніміз ол иммундық антиденелер және лимфоциттер жасалуы, олардың антигенмен өзара байланысты антигенді бейтараптауымен және элиминациялаумен бірге жүреді. Антигендер бірнеше топтарға бөлінеді: Биохимиялық құрылымға қарай антигендердің 2 түрі бар.
- Нәруыздар және нәруызы бар қосындылар. Нағыз иммуногендік болатын жоғары күрделі молекулалы нәруыздар. Кішірек иммунотектес қасиеттерімен болатын гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер игереді.
- Нәруызсыз қосындылар- гаптендер.Оларға полисахаридтер, липидтер, органикалық емес заттар йод, бром, висмут қосындылары, дәрілік заттар жатады. Гаптендер өзімен-өзі иммуногендік емес, бірақ ағза нәруызымен қосылғаннан кейін олар иммундық рекациялар шақырады.
Шығу тегіне қарай антигендер тағы 2 бөлінеді, экзогенді және эндогенді.
- Экзогенді антигендер негізінен инфекциялы-паразиттік текті, сиректеу- инфекциялық емес (құрамында нәруызы бар қосындылар, гаптендер, әр түрлі шаңдар құрамдары, тамақтық заттар, өсімдіктер тозаңдары, бірқатар дәрілік заттар).
- Эндогендік антигендер бөлінеді:
-инфекциялық және паразитарлық (оргазм «тұрғындары» микробтардың нәруыздық компоненттері);
-инфекциялық емес (өзінің меншікті нәруыздарының бүлінуінен, жасуша геномында мутация немесе оларда аномальді нәруыздар жасалуы және басқалар).
Иммундық жүйе- ағзалар, тіндер және жасушалар жиыны болып табылады, ағзаның биохимиялық, құрылымдық және қызметтік бірлестігін және жеке даралығын қамтамасыз етуі, одан бөгде жаратылған антигендерді жоюы және шығарып тастауы-элиминация.
Иммундық жүйе 3 жасушалық субжүйеден тұрады.
- А- жасушалар субжүйесі мононуклеарлық жасушалардан тұрады, олар моноциттер, макрофагтар және басқа бір ядролы жасушалар. Бұл жасушалар бөгде туысты антигендерді танып білуі жоғары қабілеттері бар, оларды жұтады, молекулалық құрамдарын анықтайды, ол туралы хабарды Т- және В-лимффоциттерге береді.
- В- жасушалар субжүйесі. В-лимфоциттердің әр түрлімклондарынан тұрады. Антигендердің В лимфоциттермен бірінші жанасқанда, лимфоциттердің бір бөлігі плазмалық антидене жасаушы жасушаларға айналады, ал басқа бөлігі- ұзақ өмір сүруші, реайналымдық иммундық есті лимфоциттердің массалық бластотрансформациясы бірге жүреді және олар плазмалық жасушаларға айналып өзгереді (трансформация), өз кезегінше олар арнайы иммуноглобулиндер- антиденелер жасап шығарады. Адамда негізгі 5 иммуноглобулин: А, Е, G, M, D кластары анықталып бөлінеді.
- Т-жасушалар жүйесі Т-лимфоциттердің әр түрлі клондарынан тұрады. Олардың пролиферациясы көбеюі және жетілуі негізінен айырша бездің қатысуымен жасалады. Т-жасуша антигенмен бірінші рет жанасқанда, олардың дифференциалдануы жүріп жетілген, ұзақ өмір сүретін лимфоциттердің әр түрлі субпопуляциялары, соның әшәнде есті жасушалар дамиды. Егер сол антигенмен қайталап кездесіп, жанасқан болса, есті жасушалар арнайы Т-лимфоциттердің әр түрлі клондарына айналады. Т және В-лимфоциттер субжүйелерде орындаушы жасушалар бар: -плазмалық жасушалар-иммуноглобулин жасушылар; -Т-лимфоциттер-киллер (өлтірушілер), бөгде антиген алып жүруші жасушалар мен тіндерді бұзушылар -Т-лимфоциттер-хелперлер лимфоциттер көмекшілер нәтижелі иммунитет дамуын қолдайды; -Т-лимфоциттер-супрессорлар және В лимфоцит супрессорлар. Олар пролиферация мен пісіп-жетілуді басқа лимфациттерді тежейді.
Иммундық жауап иммунды компонентті жүйенің (ИКЖ) барлық субжүйе жасушалармен орындалады, ол қабыну арқылы жарияланып тарап әр түрлі иммунопатиялық жайдың дамуымен бірге жүреді.
Иммундық рекакцияның инициальдық сатысы бөгде агентті зерттеп тану және ол информацияны (хабарды) ИКЖ эффекторлық жасушаларына беру.
Сонымен бірге, бұл жүйені қасиетін анықтаушы толеранттық болады-ол сол немесе басқа антигендерді иммундық жүйенің қабылдаушылығы.
Толеранттық 3 түрге бөлінеді: физиологиялық, патологиялық, индукциялық.
...