Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биомедициналық мәліметтердің графикалық көрсетілімі. Жиілік үйлестірімдерін көрсету

Автор:   •  Декабрь 5, 2023  •  Реферат  •  1,713 Слов (7 Страниц)  •  127 Просмотры

Страница 1 из 7

[pic 1]

«Астана медицина университеті» АЕҚ

Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы : Биомедициналық мәліметтердің графикалық көрсетілімі. Жиілік үйлестірімдерін көрсету.

                                               

                                           

                                                                                 Орындаған :Шалданов. Д.

                                           Топ : 223

                                                                           Тексерген :Джаулыбаева.Ж.

                                                 Нұр – Сұлтан 2022

ЖОСПАР :

.Кіріспе бөлім........................................................................................................3

.Негізгі бөлім........................................................................................................4

2.1.Графиктік әдіс және оның түрлері...................................................................4

2.2.Дискретті қатардың статистикалық үлестірілуін графикалық бейнелеу.....6

2.3.Жиіліктер үйлестірімі және жиіліктердің графиктік түрі.............................8

.Қорытынды.......................................................................................................9

.Пайдаланылған әдебиеттер көзі..................................................................10

КІРІСПЕ

Биометрия (биологиялық статистика / биостатистика) — биологияда, медицинада, денсаулық сақтауда, эпидемиологияда және ғылыми зерттеулерде (эксперименттік деректерді жинау, бақылау және өңдеу кезінде) статистикалық әдістерді қолданып және талдау ережелеріне байланысты биология мен вариациялық статистика қйылысындағы ғылыми саласы.

Медициналық статистикалар дегеніміз – халықтың денсаулығын және қоғамдық денсаулық сақтаудың күйін зерттейтін статистиканың бөлімі.

Биомедициналық мәліметтерді жинау,жазып,іріктеу үшін қолданылатын ең тиімді әдістердің бірі – статистикалық әдіс болып табылады. Ол қолданбалы және арнайы болып екіге бөлінеді.Қолданбалы статистикалық әдісті барлық ғылыми зерттеулер саласында және экономика мен басқарудың кез келген аймақтарында қолдануға болады,ал арнайы статистикалық әдісті ғылыми зерттеулердің жеке аймақтарында қолданылады,яғни эксперименттерді жоспарлауда,социологияда,экономикада,медицина және биология салаларында қолданылады.

Мәліметтерді оқып,жазу үшін 2 түрлі статистикалық деректер қолданылады, олар : сандық және сапалық деректер.Сандық деректердің 2 түрі ажыратылады : дискреттік және үздіксіз.Ал сапалық деректер : реттік және номинальді болып ажыратылады.

Дискретті деректер – сандық деректер, олар тек қана белгілі сандық мендер қабылдайды, әдетте бүтін сандар, яғни олардың арасында аралық мән болмайды. Үздіксіз сандық деректер – берілген диапазондағы (интервал) кез келген сандық мәнді қабылдайды, әдетте кез келген сандық мәнді қабылдай алады. Мысалы: дене массасы, бойы, артериалдық қысым және т.б.

Номинальды деректер – бұл сапалық деректердің түрі, деректер атаулары белгінің мәнін немесе классификациялық нөмірін бейнелейтін категорияларға бөлінген. Әрбір категорияға түскен бақылаулар саны есептеледі. Категориялар қиылыспайды, яғни әрбір мән тек қана бір категорияға жатады (диагноздың коды).Реттік (ординальды немесе рангілік) деректер – деректер қиылыспайтын категорияралға жатады. Кейбір жағдайларда категориялар реттеледі. Қатар тұрған категориялар арасындағы айырмашылық бірдей емес және олардың арасындағы арақашықтықты өлшеуге болмайды. Мысалы: (онкология аурулардың сатылары, жүрек жеткіліксіздігінің дәрежелері).

...

Скачать:   txt (23.4 Kb)   pdf (290.7 Kb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club