Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын қағаз диск әдісімен анықтау
Автор: aruzhanna200020 • Октябрь 14, 2020 • Лекция • 334 Слов (2 Страниц) • 3,232 Просмотры
Страница 1 из 2
Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын
қағаз диск әдісімен анықтау
Әдістің мақсаты: клиникалық материалдан бөлінген бактерияның таза дақылының әртүрлі антибиотиктерге сезімталдық дәрежесін анықтау (ұтымды антибиотиктермен емдеу мақсатында).
Әдістің құрамы:
- Қоректік ортасы бар Петри табақшасы.
- Клиникалық материалдан (қақырық, ірің, мижұлын сұйықтығы, зәр) бөлінген бактерияның таза дақылы.
- Белгілі антибиотиктер сіңірілген флакондағы дискілер жинағы.
- Бактериологиялық ілмек немесе шпатель.
Қою техникасы:
- Қоректік орта беткейіне бактерияның таза дақылын шпателмен немесе ілмекпен бірдей етіп себеді.
- Себілген беткейге стерильді пинцетпен 5-6 әртүрлі дискілерді салады.
- 37ºС температурада 24 сағат термостатта инкубациялайды. Инкубация кезінде агардағы ылғал қағаз дискіге сіңіп антибиотиктің агарға диффузиясы жүреді. Егер бактерия антибиотикке сезімтал болса диск айналасында өсу тоқталып мөлдір аймақ пайды болады.
- Нәтижені бағалау: өсудің мөлдір аймақ көлемін сызғышпен өлшейді. Сосын арнайы кесте арқылы сезімтал, орташа сезімтал немесе тұрақты екендігін анықтайды.
[pic 1]
Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын
сериялық сұйылту әдісімен анықтау
Әдістің мақсаты: белгілі антибактериалды препараттың минималды басушы мөлшерін анықтау.
Әдістің құрамы:
- 1 мл ЕПС бар 11 пробирка.
- Стерильді физ.ерітіндімен араласқан бактерияның таза дақылы.
- Стерильді физ.ерітіндімен араласқан белгілі антибиотик немесе химиопрепараттың жұмыс ерітіндісі (мыс: 16 мг/мл).
- Градуирленген стерильді пипетка немесе ауыстырылатын ұшы бар 1 мл-лік автоматты дозатор.
Қою техникасы:
- Антибиотиктің жұмыс ертінідісін (16 мг/мл) 1 мл көлемде 1 мл сорпасы бар бірінші пробиркаға пипеткамен араластырамыз, осы кезде антибиотик мөлшері 2 есеге азаяды (8 мг/мл). Әрі қарай бірінші пробиркадан екіншіге, одан әрі келесісіне антибиотикті сұйылтуды жүргізеді. Соңғы пробиркадан 1 мл сұйылтуды төгіп тастайды (барлық пробиркада көлем бірдей болу үшін).
- Барлық пробиркаларға физ.ерітіндіде араластырылған бактерия дақылын 3 тамшыдан қосады.
- Бақылау пробиркаларын қою:
А) бақылау 1: 1 мл сорпаға 3 тамшы бактерия дақылын қосады.
...
Доступно только на Essays.club