Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Антибиотиктер» ПЗ

Автор:   •  Апрель 2, 2020  •  Реферат  •  4,890 Слов (20 Страниц)  •  569 Просмотры

Страница 1 из 20

Орындаған: Бейшен Самат

Топ: 2-017 ЖМ. 

Тақырып. «Антибиотиктер» ПЗ

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Аминогликозидтер. Классификциясы. Әсер ету механизмі. Әсер ету спектр. Препараттарды салыстыру. Көрсеткіш және жанама әсер эффектісі.

Аминогликозидтер - химиялық құрылымында кең таралған органикалық заттардың тобы, олардың молекулада аминқышқыл сақинасымен гликозидті байланыс арқылы байланысқан амин қантының болуы. Көптеген аминогликозидтер антибиотиктер болып табылады. Химиялық құрылымы бойынша спинтиномицин, антиоксидантты аминоциклит аминогликозидтерге де жақын. Аминогликозидтердің негізгі клиникалық мәні - олардың аэробты грам-теріс бактерияларға қарсы белсенділігі.

Бұл топ антибиотиктерінің негізгі өкілдері стрептомицин, неомицин, канамицин, гентамицин, амикацин, тобрамицин, сизомицин, мономицин және т.б. болып табылады.

Аминогликозидтердін әсер механизмін олардын тікелей рибосомаға әсер етуімен және белок синтезін тежеуімен байланыстырады. Аминогликозоидтерге бактериоцидтік әсер тән.

Стрептомицин Actinomyces globisporus streptomycini өндірілетін антибиотик. Меди¬цина практикасында колданылатын негізгі препарат стрептомицин сульфаты.

Стрептомициннің микробтарға қарсы әсер ету спектрі кең. Онын туберкулез микобактериясына, туляремия жэне оба коздырғыштарына тежегіш әсер етуі өте маңызды. Сонымен қатар ол патогенді кокктарға, протейдің кейбір штаммдарына, көк ірің таяқшаларына, бруцеллаға тағы баска грам-оң жэне грам-теріс бактерияларға жойғыш әсер көрсетеді. Стрептомицинге анаэробтар, спирохеталар, риккетсиялар, вирустар. патогенді саңырауқұлактар, карапайымдар сезімтал емес.Бұл антибиотикке бейімделу салыстырмалы түрде тез дамиды. Бірқатар жағдай- ларда стрептомицинге тәуелді штаммдардың түзілуі байқалды, олардың өсуі және көбеюі үшін стрептомицин кажет.

Препарат асқазан-ішек жолдарынан нашар сіңеді. Бұлшықетке енгізгенде 1-2 caг кейін қан сарысуында стрептомициннің жоғарғы концентрациясы жиналады. Ол негізінен экстрацеллюлярлы таралады. Кұрсақ қуысы мен плевра қуысына, жүктілік кезінде ұрық тініне өтеді. Әдетте гематоэнцефалдык тоскауылдан өтпейді; ме¬нингит кезінде стрептомицин үшін гематоэнцефалдык тоскауылдын өткізгіштігі жоғарылайды. Кан сарысуында стрептомицин мөлшерінін 50%-ға азаюы 2-4 сағ кейін байқалады. Стрептомициннін көп бөлігі өзгермеген түрде бүйрек аркылы (сүзілу жолымен) шығады. Аз бөлігі өт арқылы ішекке түседі.

Стрептомицин сульфаты негізінен туберкулезді емдеу үшін колданылады. Бұдан баска оны туляремияны, обаны, бруцеллезді, зәр шығару жолдарынын, тыныс алу мүшелерінің инфекцияларын. сондай-ак баска ауруларды емдеу үшін қолданады. Препаратты бұлшыкетке (тәулігіне 1-2 рет), сондай-ак дене куысына жиі енгізеді. Стрептомицин сульфаты ішек микрофлораларына әсер ету максатында ішке тағайындалады. Менингит кезінде ми кабығынын астына инъекция жасау үшін. тек стрептомицин хлоркальцилік кешені (стрептомицин гидрохлориді және кальций хлоридінің қос тұзы) колданылады. Соңғысы стрептомициннін баска препараттарына карағанда аз тітіркендіреді. Бірак стрептомицин хлор кальцийлік кешенінін уыттығы өте жоғары, сондыктан оны тек өте кажет болғанда колданады.

Стрептомициннің жағымсыз әсерлеріне аллергиялык және аллергиялык емес қасиеттері жатады. Ең қауіптісі оның ототоксикалык әсері болып табылады, ол вестибулярлы мүшенің жэне бас сүйек жүйкесі VIII жұбынын есту тарамының сезімтал жасушаларынын закымдалуына байланысты. Бұл кезде вестибулярлық бұзылыстар және естудін төмендеуі дамиды. Біркатар авторлардын пікірінше кальций пантотенатын тағайындағанда аталған жанама әсерлердін даму мүмкіндіктері азаяды. Стрептомициннін нефротоксикалык әсері бар. Стрептомицин жүйке-бұлшыкет синапсына тежегіш әсер көрсетеді, бұл тыныс тежелуінің себебі болуы мүмкін. Со¬нымен катар онын тітіркендіргіш әсері бар, осыған байланысты инъекция жасалған жерде ауыру сезімі пайда болады.

...

Скачать:   txt (76.1 Kb)   pdf (227.6 Kb)   docx (28.6 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club