Адамнын репродуктивтi денсаулыfы
Автор: Aksaule Alimbekovna • Октябрь 16, 2021 • Реферат • 1,494 Слов (6 Страниц) • 316 Просмотры
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
«АДАМНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫ» МОДУЛІ БОЙЫНША ИНТЕГРИРЛЕНГЕН ПРОБЛЕМАЛЫҚ КЕЙС
Кафедралар: Молекулалық биология және медициналық генетика, анатомия, гистология, қалыпты физиология биофизика курсымен, биохимия
[pic 1]
ӘЙЕЛДІ ЕР АДАМНАН АЖЫРАТУ ОҢАЙ МА?
2012 жылдың 7 қарашасында Үндістанның ресми өкілдері 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы болған желаяқшы Пинки Праманик генетикалық тұрғыдан ер адам екенін жариялады. Зорлау ісі бойынша тергеліп жатқан 26 жасар Праманик түрмеге қамалып, барлық спорттық марапаттарынан айырылуы мүмкін.
Тергеу маусым айында басталды. Полицияға Праманикпен бірге тұрған 32 жастағы әйел зорлау туралы арызымен шағымданған болатын. Ол Үндістанға әжептәуір танымал спортшы шын мәнінде еркек болып табылатындығын және оған үйленуге уәде беріп, бірақ кейін ойынан айнып қалғандығын хабарлады.
18 жасында Пинки 4х400 м эстафетасында Азия ойындарының чемпионы атанды. Дәл сол жылы ол 400 және 800 м қашықтықтағы Оңтүстік Азия ойындарында екі жеке жеңіске жетті, сондай-ақ 4х400 м эстафетасында тағы да алтын алды.
Спорттық жазушы К.П. Мохан әдетте гендерлік тест кезінде спортшыларды гинеколог, эндокринолог және психолог дәрігерлерінің командасы қарап, физикалық және клиникалық тексеруден өткізетінін айтты.
Еркекшора келбетіне қарамастан, Праманиктің жынысы Үнді жеңіл атлетикалық Федерациясына күмән тудырмады. Оның өкілінің айтуынша, олар "спортшыға ешқашан шағым алмаған", бұл Праманикке гендерлік тесттерді тапсырмауға мүмкіндік берген болатын. Праманик допинг-бақылау процедурасынан үнемі өтіп тұратын, бірақ ешқашан ұсталмаған. Спортшы Outlook India-ға берген сұхбатында оған тестостерон инъекциясын үнемі салып отырғанын ашық түрде мәлімдеді.
- Мен ер адам емеспін, - деді Праманик. - Балалық шағымда қарапайым сүйкімді қыз болғанмын. Бірақ қазір келбетім ер адамға көбірек ұқсайды. Және бұның себебі –жаттығулар. Барлық спортшы қыздар сияқты мен де ұйымдастырылған, жүйелі бағдарлама барысында тестостерон инъекциясын алдым. Бұл бізде «орыс медицинасы» деп аталады. Маған бұл инъекция қажет деп айтылды, ал өзім бұл процедураның заңды немесе заңды емес екендігіне қызыққан емеспін. Мені тек спорт пен жеңістер қызықтырды, және мен жаттықтырушылардың айтқанын жасадым. Жаттықтырушылардың ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін менен жақсы білетіндігіне сенімді едім. Дегенмен содан кейін, мен дауысымның төмендегенін және денемде шаш өсе бастағандығын байқадым.
Спортшы үшін цитогенетикалық зерттеу жүргізілді. Оның нәтижесі:
[pic 2]
Полиция спортшыны тұтқындап, оны медициналық тексеріске жіберді. Сараптама бес айға созылды. Бастапқы нәтижелер алғашында мүлдем қарама-қарсы нәтижелер берді.
Объективті зерттеудің мәліметтері:
Сүт бездерінің көлемі кішкентай, пальпация кезінде жұмсақ-серпімді, безді тіндердің аз мөлшері пальпацияланады. Түктену әйел типі бойынша. Пальпация кезінде қалқанша безінің ерекшеліктері жоқ, эутиреоз. Басқа органдар тарапынан патология анықталған жоқ.
Генетик-гинекологтың тексеруі. Кариотип 46, ХУ, сыртқы жыныс мүшелері әйел типі бойынша қалыптасқан, шап каналдарында және жыныс еріндерінде атабездер табылған жоқ, фенотипі әйел, сүт бездері қалыптаспаған, емізіктер әлсіз пигменттелген, дене бітімі мен бойы қалыпты. Диспропорционалды ұзын аяқ-қол.
ЭКГ. Қалыпты жағдайы ЖЖЖ=мин. 73 рет, нормосистолия, аритмия.
Гормондарды зерттеу үшін жасалған қан талдауы радиоиммунологиялық әдіспен жүргізілді. Кортизол – 450,1 нмоль/л, тестостерон – 2,2 нмоль/л, пролактин – 2,9 нмоль/л, прогестерон – 0,5 нмоль/л, эстрадиол – 0,2 нмоль/л, ФСГ – 164,3 мМЕ/мл, ЛГ – 61,3 мМЕ/мл, Т4 жалпы – 129, 7 нмоль/л, Т3 жалпы – 2,4 нмоль/л, ТТГ – 0,5 мМЕ/л, Т4 еркін – 15,1 пмоль/л. Қан мен зәрдің жалпы талдауы қалыпты жағдайда. Қанның биохимиялық талдауы да қалыпты.
...