АИТВ-инфекциясы
Автор: Roza02 • Январь 28, 2022 • Статья • 532 Слов (3 Страниц) • 358 Просмотры
АИТВ ауруы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы оқушыларының ақпараттандырылуы
Автор: Джумабаева Розагуль, Ахмедияева Барша
Жетекші: Байгенжеева Раушан Кужатовна
Қала: Нур-Султан
Университет: «Астана Медициналық Университеті» КеАҚ
Өзектілігі. АИТВ-инфекциясы-бұл дүниежүзілік денсаулық сақтаудың жаҺандық мәселесі болып табылатын адамның қазіргі жұқпалы патологиясы, бүгінгі таңда бұл вирус 36,3 миллион адамның өмірін қиды.АИТВ-инфекциясын емдеуге мүмкіндік беретін әдіс жоқ. Алайда АИТВ инфекциясының алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің, сондай-ақ пациенттерге күтім жасаудың тиімді құралдарына қол жеткізуді кеңейтудің арқасында АИТВ жұқтырғандар ұзақ және салауатты өмір сүре алады.2020 жылдың аяғындағы жағдай бойынша әлемде АИТВ–мен өмір сүретін 37,7 миллион адам болған, олардың үштен екісі (25,4 миллион) ДДҰ-ның Африка аймағында өмір сүрген.2020 жылы 680 000 адам АИТВ-мен байланысты себептерден қайтыс болды және тағы 1,5 миллион адам АИТВ жұқтырды.
Қазіргі уақытта АИТВ инфекциясының эпидемиологиясы мен алдын алу жолдарын зерттеу мәселесі маңызды орын алады . Бұл ретте осал әлеуметтік топтар арасында, оның ішінде жасөспірім оқушылар арасында АИТВ инфекциясының алдын алуға ерекше назар аударылады. Осыны ескере отырып, АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселесінде мектеп оқушыларының хабардарлығын бағалау қажеттілігі туады.
Зерттеу мақсаты. АИТВ ауруы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы оқушыларының ақпараттандырылуын талдау.
Материалдар мен әдістер. Осы тақырып мәселесін зерттеу үшін сауалнама жүргізу және деректерді статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.Зерттеу қала бойынша 8-11 сынып аралығындағы мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізуге негізделген. Сауалнама толтыруға Нұр-Сұлтан қаласындағы № 15 мектеп-гимназияның білім алушылары белсене қатысты. Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу Microsoft Excel және "Статистика" бағдарламаларының көмегімен жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері. Сауалнамаға жалпы 824 оқушы қатысты, қатысушылардың жас шамасы 13-18 жас аралығын қамтыды. Олардың 418-і ер балалар және 406 -сы қыз балалар.
Зерттеуіміздің барысында олардың АИТВ-инфекциясы мәселесі бойынша білім деңгейі зерделенді. Оқушыларға АИТВ-инфекциясының таралуы мен жұқтыру жолдары мәселелерінде олардың пікірін анықтауға бағытталған бірнеше нұсқаның ішінен өз нұсқасын таңдап және белгілеп, сауалнамалардың бланкілерін жасырын түрде толтыру ұсынылды. Әр сұрақта 3 мүмкін нұсқадан бір жауапты таңдау керек болды. Жауаптарды талдай отырып ,оқушылардың АИТВ-жұқпасы туралы хабардар болуын жақсы дәрежеде жеткілікті деп санауға болады.
...