Микобактериоз инфекциясы ЖИТС
Автор: Asemai Urunturlieva • Ноябрь 19, 2023 • Реферат • 1,333 Слов (6 Страниц) • 126 Просмотры
Жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Микобактериоз инфекциясы ЖИТС
2.2 Туберкулез және микробактериоздың микробиологиялық диагностикасы
2.3 АИТВ – инфекциясы және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеу
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
АИТВ – адамның иммундық тапшылық вирусы, ХХ ғасырдың 80 жылдарының басынан бастап танымал. АИТВ ағзаға түскен кезде біздің аурудан және жұқпадан қорғайтын иммундық жүйені бұзады, уақыт өте келе АИТВ – мен жұқпаланған адам жиі ауыратын болады.
ЖИТС диагнозы жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы жұқпаланғаннан кейін әдетте бірнеше жыл өткесін қойылады.
ЖИТС – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатын ауру. Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы мүмкін пневмония, туберкулез, рак және т.б. бұл аурулармен адам ағзасы күресе алмайды. АИТВ – ЖИТС – тың басты себебі болып табылатын індет.
Инфекция көзі вирус ретровирус жұқтырып алған адам – вирус тасымалдаушылар. ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқанлай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
Инкубациялық кезеңі – 3 апта – 2 айдан 3-5 жылға және одан көп жылға дейін, АИТВ вирустарына антидене жұқтырғаннан кейін 2-3 аптада пайда болады.
АИТВ инфекциясы 4 кезеңнен өтеді:
І. Белгілері жоқ инкубациялық кезең;
ІІ. а алғашқы белгілерінің пайда болуы
б екіншілік инфекцияның қосылуы, иммунитет тапшылығы жоқ;
ІІІ. екіншілік инфекцияларының қосылуы;
IV. ЖИТС-терминальдық кезең: орталық нерв жүйесінің зақымдалуы, пневмония, онко ЖИТС.
ЖИТС-пен күресу орталықтарының жұмыс бағыттары:
- Вирус кездесуіне мүмкіндігі бар қауіп топтарын тексеріп, вирус жұққан адамдарды тауып емдеу.
- Ауруды көлемдеу, бақылау, вирустың әрі қарай таралуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- Санитарлық-ағарту жұмыстарын, жастар арасында ұйымдастыру
АИВ – инфекциясын жұқтырғандар бактериальды инфекцияларға сезімтал келеді. Төрттен бір науқастарда атипті микробактериоздар өкпе, тері, перифериялық лимфа өзектерінің, асқазан – ішек жолдарының және орталық жүйке жүйесінің зақымдауымен көрінеді.
Бұл ауруларды шақыратын микобактериялар (мысалы, Mykobakterium avium – intracellulare) шынында барлық жерде кездеседі.Олар біздің айналамызда жан-жақта: шаң – тозаңдарда, жануарлар сөліністерінде, құстар ұясында, бассейндерде, аквариумдарда, тіпті кейбір азық – түліктерде де кездеседі.
ЖИТС эрасына дейін микобактериоз науқастарында тері, буын, лимфа өзегінің немесе өкпе зақымдалуымен көрінген. Бірақ сау адамдарға бұл бактериялардың еш қауіпі жоқ. Біздің иммунды жүйеміз еш бөгетсіз оларды жояды және ауру жеңіл түрде өтіп кетеді. АИВ – жұқтырғандарда атипті микобактериялар біртіндеп көбейеді. ЖИТС кезеңіне өткенде атипті микцобактериоздар жалпы токсикалық синдроммен қоса, ауыр түрдегі көріністерді береді. Лихородкада, жылдам ауруда, әлсіздікте, сонымен қоса, ішек жолдарының бұзылыстарында (іш ауырсынуы, созылмалы диареяда).
Микобактериоз инфекциясы ЖИТС – пен ауыратын науқастардың өмір ұзақтығын қысқартады, ал оның емі науқас жағдайының жақсаруына әкеліп, тіршілігін жоғарылатады. Мykobakterium avium-interecellulare шақырған инфекция қауіпі CD4 лимфоциттерінің саны төмендегенде жоғары болады.
Эпидемиология:
- Mykobakterium avium-interecellulare – шартты патогенді микроорганизмдер, көбінесе суда және топырақта кездеседі. Жұғу жолының қайнар көзі – кір су болып табылады.
Диагностика:
- Mykobakterium avium-interecullare шақырған инфекцияны СПИД – пен ауыратын барлық науқастардан табады. Бронхофльвеолярлы лаважда қоздырғыштың нәжісте және сұйықтықтарда табылуы – емге абсолютті түрде қатыспайды. Ол инфекция емес, тасымалдаушы болуы мүмкін. Жалпы инфекция жайлы сол организмде қоздырғышты қайталама табу жатады, оған мысал ретінде өкпені айтуға болады.
- Емдеу және алдын алу:
Хинолондарды, рифампицин, этамбутол, клофазиминді ішке немесе аминогликозидтерді вена ішіне және бұлшық етке тағайындайды.
Негізгі микобактериоз қоздырғыштарына потенциалды патогенді микобактериялар (атипті, анонимді немесе классифицирленбеген) болады, дәрілік тұрақтылыққа кең спектрлі әсер көрсетеді. Негізгі биологиялық құрылымына байланысты адамдікі, бұқанікі және құстардың туберкулез микобактериялары болып бір-бірінен ерекшеленеді. Қазіргі кезде микобактериоздардың негізгі диагностикалық әдісі болып – қоздырғышты идентификациялау.
...