Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Энергия алмасу

Автор:   •  Ноябрь 23, 2018  •  Курсовая работа  •  1,238 Слов (5 Страниц)  •  1,612 Просмотры

Страница 1 из 5

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................5

  1. Негізгі бөлім...............................................................................................7

          1.1 Мал ағзасындағы зат және энергия алмасу алмасу...........................7

1.2 Азот пен көміртегі балансы................................................................8

  1. Әдістемелік бөлім....................................................................................20

           2.1 Мал ағзасындағы зат және энергияны зерттеу әдістері ...............20

           2.2 Респирациялық тәжірибелер............................................................21

           2.3 Атом тәсілі.........................................................................................23

Қорытынды.........................................................................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................26


Кіріспе

         Азық қоректілігі туралы ұғым, мал мұқтажын энергиямен, протеинмен,

көмірсулармен, минералды заттармен және витаминдермен қанағаттандыру. Азық қоректілігін оның химиялық құрамы арқылы бағалау. Азықтың зоотехникалық талдау үлгісі.

Мал азықтандыруда азық құрамындағы су, көмірсулар, май, протеин (ақзат), минералды тұздардың зат алмасу барысындағы физиологиялық маңызы. Азық құрамындағы органикалық заттар- энергия көзі, мал денесінде ақзат пен май түзге жұмсалатын материал. Азықтың химиялық құрамы- азық қоректілігінің алғашқы көрсеткіші. Көпжылдық шөп, жүгері, арпа, картоп, асбұршақ, азықтық қызылша сияты негізгі азықтық дқылдардың әр гектарынан алынған түсімді бағалау, сол түсім құрамындағы құрғақ зат, протеин, клетчатка, май және азотсыз экстрактивті заттарды жалпы мөлшері.

Азық қоректілігін қорытылатын қоректік заттар арқылы бағалау. Азықтың

қорытылуы- мал қоректенуінің алғашқы сатысы. Азық құрамындағы қорытылатын қоректік заттарды анықтау тәсілері. Қорыту коэффициенттері туралы ұғым. Қоректік заттар қорытылуын ұлғайту жолдары. Азықтың қорытылу дәрежесіне әсер ететін факторлар.

Қорытылатын қоректік заттар қосындысы мен қорытылатын энергия мөлшері-азықтың энергиялық қоректілігінің көрсеткіші.

Протеиндік қатынас. Мал денесінде зат, энергия алмасу деңгейін анықтау

тәсілдері.

Зат және энергия алмасуы- мал денесіндегі тіршілік үрдістері және малдан мол өнім алу негізі. Азықтандыру арқылы мал денесіндегі материалдық өзгерістерді зерттеу, осы мақсатта қолданылатын тәсілдер.

Мал азықтандыру арқылы ғылыми- шаруашылық және теңгермелік тәжірибелер жасау. Денедегі азот пен көміртегі тепе-теңдігін анықтау. Респираторлық тәжірибе (тыныс алдыру) арқылы денедегі энергия тепе-теңдігін анықтау. Таңбаланған атом тәсілі.

Азықтың жалпы энергиялық қоректілігін бағалау. Азықтың энергиялық қоректілігі туралы түсінік. Азықтың жалпы қоректілігін бағалау тарихы мен оның дамуы.  Энергиялық қоректілікті бағалау бірлігі (өлшем), қорытылатын қоректік заттар қосындысы (ҚҚЗҚ), скандинавиялық азық бірлігі (өлшемі), крахмал эквиваленті, сұлы азық өлшемі. Азықтың энергиялық қоректілігін бағалау тәсілдері. Мал шаруашылығын азық энергиясымен қамтамасыз ету негізі- азықтық дақылдар өнімділігін арттыру және табиғи азық өнім түсімділігін арттыру.

Менің курстық жұмысымның мақсаты мал ағзасындағы зат және энергияны зерттеу әдістерін меңгеру.

Міндеттері:

  • мал ағзасындағы зат алмасу;
  • мал ағзасындағы энергия алмасу.


1 Негізгі бөлім

  1. Мал ағзасындағы зат және энергия алмасу

Заттар мен энергия алмасу-тірі организмде болатын және сыртқы ортамен өзара байланыста оның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін заттардың химиялық және физикалық айналуының жиынтығы. Заттар мен энергия алмасуы тірі ағзаны өлі денеден ажыратады. Заттардың ағзаға түсуі, оларды игеру, қолдану және алмасу өнімдерін бөліп алу. Бір мезгілде энергияның бір түрін басқаға айналдыру жүреді (Химиялық байланыстардың әлеуетті энергиясы, механикалық, жылу, электрлік). Ассимиляция-азықтың қоректік заттарын игеру, оларды өз ақуыздарына, майлар мен көмірсуларға айналдыру, энергияның жиналуы. Диссимиляция-ағзаның күрделі заттарының ыдырауы, энергияны босату, метаболизмнің соңғы өнімдерінің пайда болуы.

...

Скачать:   txt (19.1 Kb)   pdf (125.8 Kb)   docx (16.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club