Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауру жануарлардың сүтін анықтау

Автор:   •  Январь 10, 2021  •  Лекция  •  3,187 Слов (13 Страниц)  •  571 Просмотры

Страница 1 из 13

Сабақ 1. Ауру жануарлардың сүтін анықтау.

Сабақтың мақсаты: сүттің микробиологиялық зерттеу әдістерін, сонымен қатар ауру жануарлардан алынған сүтті анықтау әдістерін үйрену.

Өткізу орны: ветеринарлық-санитарлық кафедрасының ветеринрлық-санитарлық  сараптау зертханасында.

Сабақтың ұзақтығы:2 сағат.         

Тапсырма:

  1. Микробиологиялық зерттеу үшін сүт сынамаларын дайындау және алу.
  2. Микробтардың жалпы санын анықтау.
  3. Сүттің кол – титрін анықтау.
  4. Сүттің құрамында патогенді микроорганизмдерді анықтау.
  5. Желінасаумен ауыратын сиыр сүтін анықтау тәсілдерін оқып үйрену.
  6. Сүттің құрамында эритроциттердің және іріңді анықтау.

Тақырып бойынша қысқаша түсініктеме. Ауру жануарлардың сүті адамдар және ауылшаруашылық төлдер үшін қауіпті, себебі сүтте әр түрлі жұқпалы аурулар таралуы мүмкін. Ауру тудырғыш микробтар сүтке негізінен ауру жануарлардан, сондай – ақ ауру адамдардан және патогенді микробтардың тасымалдаушысынан, әр түрлі шыбын – шіркейлерден кеміргіштерден және де санитарлық – гигиеналық талаптар орындалмаған су арқылы жұғады.

Күйдiргiмен, эмфиземалы карбункүлмен, құтырумен, обамен, жаппай өкпе қабынуы, зiлдi iсiнумен, ку-қызбасы, туберкулезбен және лейкозбен (клиникалық ауру белгiлерiмен), сонымен бiрге желiннiң  сарыппен, туберкулез және актиномикозбен ұтылуы және т.б. жағдайларда аурулармен ауырған жануарлардың сүтін, ескерілген нұсқаулар бойынша адамдардың тағамдарына, жануарлардың азығына және де басқа мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады. Мұндай сүтті 30 минут қайнатқаннан кейін жояды.

Ауру малдың сүтін және сүттегі кездесетін микробтар мен зиянды заттарды анықтау

Ауру малдың сүті және сүттегі микробтар мен зиянды заттарды анықтау әдістерін игеру.

Сабаққа қажетті құралдар мен реактивтер: сүттің әр түрлі сынамалары, редуктазник, метилен жасылының жұмыстық ерітіндісі, пробирка, тығын, су моншасы, резазуриннің 0,005% ерітіндісі, аммиак, петролей эфирі, күкірт эфирі, спирт, антиморфин, физиологиялық ерітінді, центрифуга, спирт шамы, шілтір, 5% күкірт қышқылы, Леффлердің көк түсті бояуы, карболфуксин ерітіндісі, күйдіргіш калидің 5% ерітіндісі, ксилол, дистилденген су, мойыны тар колба, гемотоксилинмен боялған бруцеллез антигені, термостат, натрий хлоридінің 7,5% ерітіндісі, фуксин, генцианвиолет, Люголь ерітіндісі, бояулы поливаленті сальмонелла антигені, бромтимол көгінің 0,2% спирттегі ерітіндісі, Функе каталазнигі, сутек асқын тотығының 1% ерітіндісі, димастин (1 г димастинге 20 мл дистилдендірілген су қосылады), холинэстераза ферменті немесе жылқы қанының сарысуы, фенолфталеиннің 1% ерітіндісі, күйдіргіш натрдың 1% ерітіндісі, ацетилхолиннің (бромдық немесе хлорлық) 0,2% ерітіндісі, йогурттің (немесе болгар таяқшасы немесе сүтқышқылды стрептококк) тест-культурасы, лакмустың 1% ерітіндісі, антибиотигі жоқ сүт, розол қышқылының 0,2% спирттегі ерітіндісі.

Сүттің микробтармен ластануын анықтау (МС 9225-84)

Редуктаздық бақылау. Әдеттегі (арбитраждық) әдіс. Бұл әдіспен    сүттің жалпы микробтармен ластануын анықтайды. Редуктаза дегеніміз  микробтар шығаратын фермент. Демек ішінде шіріткіш, газ түзейтін, т.б. осы сияқты микроорганизмдер неғұрлым көп өссе, солғұрлым редуктаза ферменті көп болады. Ол фермент метилен көгін түссіздендіреді.

Сүт ішіндегі микроорганизмдердің санына қарай сүттің түссізденуі әр түрлі болады.

Сүт салқын жерде сақталса, оның қышқылдылығы  көп жоғарыламайды, бірақ микробтар өсе береді. Осы ретте редуктаздық байқаудың маңызы өте зор. Міне соған қарап, сүт сапасын нақты анықтауға болады.

...

Скачать:   txt (45 Kb)   pdf (169.6 Kb)   docx (25.1 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club