Мұнай-газ кен орнында жүргізілетін қабатты гидравликалық
Автор: Nurs_2223 • Апрель 24, 2021 • Реферат • 1,178 Слов (5 Страниц) • 525 Просмотры
Мұнай-газ кен орнында жүргізілетін қабатты гидравликалық жару бірқатар факторларға тәуелді, және сол факторлар бойынша өңдеудің тиімділігі анықталады. Осыған сәйкес гидравликалық жару процесін жобалау, есептеу барысында ескеру қажет бірқатар факторлар бар, атап айтқанда:
* Резервуардың литологиялық сипаттамасы, нақтырақ коллектордың түрі, цементтеу дәрежесі, жарықтылық дәрежесі және саздану дәрежесі. Гидрожару операцияларын жүргізудің ең үлкен әсері карбонаттарда немесе саздың аз мөлшері мен сыну дәрежесі төмен цементтелген құмтастарда болады;
* Қабаттың физикалық қасиеттері (кеуектілігі, өткізгіштігі);
* Газ шапкасы мен су қабатының болуы. Олардың жақындығымен гидрожару сәттілігі күмән тудырады. Сондай-ақ, судың ағып кетуіне жол бермеу үшін өнімді және сулы горизонттар арасындағы қашықтық 10 м-ден аз болған жағдайда гидрожаруды жүргізу ұсынылмайды;
* Өнімді қабаттың қалыңдығы мен тереңдігі;
* Айдау жылдамдығы және өңдеу қысымы;
* Проппант пен жару, құм тасушы сұйықтықтардың сапасы мен көлемі. Тұтқырлығы жоғары сұйықтық кең жарықшақты жасайды және толтырушы агенттерді жақсырақ тасымалдайды, бірақ оны сорған кезде жоғары қысым пайда болады, бұл жарықшақтың тігінен қажетсіз өсуіне алғышарттар жасайды;
* Өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін объектіні, яғни ұңғыманы дұрыс таңдау;
* Таңдалған ұңғыма жағдайлар үшін оңтайлы гидравликалық жару технологиясын, техникаларын қолдану.
Барлық осы факторларды геологиялық (бастапқы ақпарат) – түзетілмейтін факторлар және технологиялық – өндірістік тәжірибені қолдана отырып реттеуге болатын факторлар деп бөлуге болады.
Жүргізілетін есептеудің мақсаты Өзен кен орнындағы өнімді қабатты гидравликалық жару жоспарын даярлау, жұмыс сұйықтықтарын таңдай отырып, эксплуатациялық ұңғыманың төменгі параметрлері үшін технологиялық көрсеткіштерді бағалау:
тереңдігі L = 1300 м;
қашаудың диаметрі D = 0,25 м;
қабаттың ашық қалыңдығы h = 10 м;
орташа өткізгіштігі k = 0,27∙10-12 м2;
тау жыныстарының серпімділік модулі Е = 104 МПа;
Пуассон коэффициенті ν = 0,3;
өнімді қабаттың үстіндегі тау жыныстарының орташа тығыздығы ρ = 2600 кг/м3.
Тау қысымының тік компоненті (вертикальная составляющая горного давления):
ргв = ρп gL = 2300∙9,81∙1300∙10-6 = 33,1578 (МПа). (2.1)
Тау қысымының көлденең компоненті (горизонтальная):
...