Дененің потенциалдық және кинетикалық энергиясын анықтау
Автор: Асель Карибжанова • Апрель 25, 2022 • Практическая работа • 676 Слов (3 Страниц) • 297 Просмотры
Практикалық жұмыс.
Дененің потенциалдық және кинетикалық энергиясын анықтау.
Мақсаты:
- Сіріңке қорабының потенциалдық энергиясын анықтау;
- Тартылыс күшінің әсерінен белгілі бір биіктіктен құлаған сіріңке қорабының жер бетіне түсер кездегі кинетикалық энергиясын анықтау.
Құрал-жабдықтар: сіріңке қорабы, сызғыш.
I тапсырма.
Нөлдік деңгейден һ биіктікте тұрған сіріңке қорабының максималды потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
Жұмыс барысы.
- m массасы белгілі сіріңке қорабын үстел үстіне орналастырыңыз.
- Еденнен (нөлдік деңгей) үстел бетіне дейінгі h арақашықтықты өлшеңіз.
- Потенциалдық энергияның мәнін анықтаңыз [pic 1]
II тапсырма.
Жердің тартылыс күшінің әсерінен белгілі биіктіктен құлаған сіріңке қорабының нөлдік деңгейге құлар мезетіндегі жылдамдығы мен кинетикалық энергиясын анықтаңыз
Теория
Толық механикалық энергияның сақталу заңы бойынша
[pic 2]
- І тапсырмадағы һ биіктіктің мәнін пайдаланып жылдамдықты және кинетикалық энергияны есептеңіз.
- Қорытынды жасаңыз.
Оқушының аты-жөні______________________________сынып_________күні_________
ОМ:
- Кинетикалық энергияның Ek=mv2/2 формуласын қолдану;
- Жер бетіне жақын аймақта потенциалдық энергияның Ep=mgh формуласын қолдану;
- Сандарды стандартты түрде жазуда еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (М)
Жетістік критерийі
Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер ...
- кинетикалық және потенциалдық энергияның формулаларын білсе;
- есеп шығару барысында механикалық энергияның формуласын қолданса;
- барлық сәйкес есептеу жүйесін дұрыс көрсетеді: ондық бөлшектер, қосымшалар мен математикалық есептеулердегі өлшем бірліктер.
А деңгейі
- Тек қана кинетикалық энергияға ие болатын денелерге мысалдар келтіріңіз.
- Тек қана потенциалдық энергияға ие болатын денелерге мысалдар келтіріңіз.
В деңгейі
- Қарудан атылған оқ қандай кинетикалық энергияға ие болатынын анықтаңыз. Ұшқан оқтың жылдамдығы 500 м/с, массасы – 7 г.
- Массасы 7,2 т автомобильдің кинетикалық энергиясы 8,1 кДж болу үшін, ол қандай қылдамдықпен қозғалуы керек?
- Массасы 5 кг дененің потенциалдық энергиясы 40 Дж-ға арту үшін, оны қандай биіктікке көтеру керек?
- 20 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған дене қандай биіктікке көтеріледі? Есеп шығару барысында ауаның кедергі күші ескерілмейді.
- Егер серіппені 20 см-ге созсақ, онда серімді деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы 20 Дж-ға тең болады. Серіппенің қатаңдығын анықтаңыз.
- Ойыншық пистолеттің серіппесін 5 см-ге сығып, одан атылар массасы 20 г шарикке 2 м/с жылдамдық беруге болады. Серіппенің қатаңдығын табыңыз.
- 1989 жылы кеңес одағында ең үлкен ұшақтың массасы 508 т болды және ол массасы 156,3 т жүкті 12,41 км биіктікке көтерді. Ұшақтың көтеру күші мен сол биіктіктегі жүйенің потенциалдық энергиясы неге тең?
- 1988 ж. АҚШ-та ең жеңл ұшақтың массасы 111 кг болды және ол 305,8 км/сағ жылдамдыққа ие бола алады. Ұшу барысында оның кинетикалық энергиясы қандай болды? Ені 7335 км болатын Тынық мұхитын ұшып өту үшін ол қанша уақыт жоғалтты?
- АҚШ-тағы ең кішкентай реактивті ұшақтың массасы 196 кг және жылдамдығы 450 км/сағ. Атлант мұхитын ұшып өту кезінде ол 7 сағат уақыт жұмсаса, қандай қашықтыққа орын ауыстырады? Оның өндірер кинетикалық энергиясы неге тең?
- 1986 жылы Ұлыбританияда жұмысшы массасы 50,8 кг көмірі бар мөшекті аялдамасыз 54,7 км қашықтыққа 12 сағ 45 мин ішінде арқалап апарды. Мөшек қандай кинетикалық энергияға ие болды?

...