Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жіті аллергияның жедел емі

Автор:   •  Февраль 29, 2020  •  Реферат  •  8,273 Слов (34 Страниц)  •  540 Просмотры

Страница 1 из 34

№1. ТӘЖІРИБИЕЛІК САБАҚ   Жіті аллергияның жедел емі

Қажетті құрал-жабдықтар:

  1. Ауру малдар
  2. 0,5 %-ды новокаин ертіндісі
  3. 5 %-ды йод тұнбасы
  4. Гидрокортизон
  5. Мақта, дәкелер
  6. Фторокорт
  7. Преднизалон майы
  8. Антибиотиктер
  9. Шприцтер
  10. 3 %-ды сутегі асқын тотығы

Туындауының негізгі себептері,патогенезі.Қандай жағдай болмасын шок алған органның ұлпалары,яғни тері,бронхтар,ішек-қарын трактісі және т.б.ағзаларда аллергиялық қабынудың белгілері болуы мүмкін.Бұл иммунопатологиялық реакцияның жүруіне орталық рөлді Е(IgE)класындағы иммуноглабулиндерге жатады,олар антигенмен байланысқанда торшадан аллергия медиаторларын (гистамин,серотонин,цитокин және т.б.)шығарып тастайды.Аллергиялық реакция көбінесе мекен-тұрақтың,ингаляциялық аллергеннің,эпидермиальді,шаңды,азықтық аллергеннің,дәрілік заттар,паразит антигендерінің,сонымен қатар,жәндіктердің тістеуінің,шағуының асерінен дамиды.

Дәрілік аллергия-көбінесе,анальгетик,сульфаниламидтерді және пенициллин,цефалоспорин тобындағы антибиотиктерді қолданғаннан дамиды.Сонымен қатар,латексті аллергияның даму жиілігі жоғары.

Клиникалық көрінісі,жіктелуі,диагностикалық критерийлері.Көмек көрсету және болжамға қарай жіті аллергиялық ауруларды төмендегідей жіктейді: жеңіл-аллергиялық ринит(жылдық және маусымдық)аллергиялық коньюктивит(жылдық және маусымдық),есекжем.Ауырлау және ауыр-есекжемнің генерилизациясы,Квинке ісігі,өңештің жіті стенозы,бронхиальды астманың асқынуы,анафилактикалық шок.

Қатерлі ауруға ұшыраған өлім аузындағы малға медициналық көмек корсету кезінде өте сақтықпен қарау керек,яғни астманың ауыр приступы (status asthmaticus),анафилактикалық шок,өңеш аумағындағы Квинке ісігі,өңештің жіті стенозы кезінде. Бастапқы тексеруде мына ауруларды жеке-жеке қарап көңіл бөлу керек:стридор,диспноэ,ысқырып тыныс алу,апноэ,гипотензия немесе синкопе,терідегі өзгерістер(есекжем,Квинке ісігі,гиперемия,қышыма);гастроинтестинальды байқалулар(жүрек айну,іш ауру,диарея).Егер ауру мал стридор,гипотензия,аритмия,тырыспа,естен тану,шок болса онда өміріне қауіп төніп тұр деген сөз.

Жіті аллергиялық ауруларды емдеу.

Жіті аллергиялық ауруларда жедел терапия төмендегідей - жүргізіледі. Организмге күдікті аллергеннің түспеуін қамтамасыз етеді. Мысалы, дәрілік препараттарға реакция берген жағдайда, парентеральді салынғанда немесе жәндіктер шаққанда инъекцияланатын немесе шаққан орыннан жоғары қойғанда (әр 10 минут сайын жгутты 1-2 минут босатып қоямыз), инъекция салынған немесе жәндік шаққан жерге 15 минут мұз немесе суық су құйылған грелканы коямыз, 5-6 нүктеге  және инъекцияланған немесе жәндік шаққан жерге 4,5 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі қосылған 0,3-0,5 мл 0,1% эпинефрин ерітіндісін егіп, инфильтрациялаймыз.

Аллергияға қарсы терапия.(антигистаминді препараттар немесе глюкортикостероидтар). Антигистаминді препараттарды аллергиялық ринит, аллергиялық коньюктивитте, есекжемде егу көрсетілген. Глюкокартикоидтармен терапияны анафилактикалық шок және Квинке ісігінде жүргізеді,венаға преднизалонды егеді(ересектерге 60-150 мг,төлдерге 1 кг дене салмағына 2 мг есеппен).Басқа мүшелерге таралған есекжемде немесе есекжем Квинке ісігімен қосылса,бұлшық етке бетаметазонды 1-2 мл егу жақсы нәтиже береді.Квинке ісігінде гистаминнің ұлпаға әсер етуіне қарсы қазіргі заманғы антигистаминді препараттарды глюкокортикоидтармен байланыстыру керек.

Симптоматикалық терапия.Бронхоспазма кезінде-b2-агонистер мен басқа бронхолитикалық,қабынуға қарсы препараттарды небулайзер арқылы ингаляциялау көрсетілген.Артериальді гипотония және қан айналым көлемінің қабынуының коррекциясын тұзды немесе коллоидты ерітінділерді енгізу көмегімен жүргізіді (500-1000мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі,500 мл гидоксиэтилденген крахмал,400 мл полиглюкин).Вазопрессорлы аминдерді(500мл 5% глюкоза ерітіндісіне 0,2-2 мл норадреналин)қан айналымы көлемінің қабынуынан кейін қолдануға болады.Брадикардияда атропинді 0,3-0,5мг дозада тері астына егуге болады,қажет болған жағдайда 10 минут сайын қайталап егеді.Ционоз,диспноэ,құрғақ қырылда қышқылды терапия қолдану көрсетілген.

...

Скачать:   txt (132.8 Kb)   pdf (390.2 Kb)   docx (70.7 Kb)  
Продолжить читать еще 33 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club