Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Споралылар типі (Sporozoa)

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Реферат  •  1,728 Слов (7 Страниц)  •  1,328 Просмотры

Страница 1 из 7

Дәріс № 3 (1 сағ.)

Сабақ тақырыбы. Споралылар типі (Sporozoa).

Сабақ жоспары:

  1. Споралылардың паразиттік тіршілік етуімен байланысты жалпы құрылысы мен дамуындағы ерекшеліктер.
  2. Грегариналар класына (Gregarinina) жататын Нағыз грегариналар отряды (Eugregarinida) өкілдерінің құрылысы, таралу және даму циклдері.
  3. Кокцидиятәрізділер класына (Coccidiomorpha) жататын Кокцидиялар отряды (Coccidiida) өкілдерінің паразиттік тіршілік етуіне байланысты құрылысындағы ерекшеліктер.
  4. Кокцидиялардың даму кезеңдері және олардың жануарларға жұғу тәсілдері.
  5. Қан споралылар отряды (Haemosporidia). Безгек плазмодийлері, олардың тіршілік кезеңдері.

1) Споралылардың паразиттік тіршілік етуімен байланысты жалпы құрылысы мен дамуындағы ерекшеліктер.

Споралылар - буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамның ішегінде, дене қуысында, қан жасушаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен асқорыту және жиырылғыш вакуольдері жойылған, қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органоидтары болмайды, тек жыныс клеткаларында - микрогаметаларында - талшығы болады.

Споралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның көп рет бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны шизогония үрдісі деп атайды, нәтижесінде мерозоиттар деп аталатын жаңа даралар шығады. Жынысты жолы - гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. Копуляция нәтижесінде түзілген зигота қалың қабықшамен қапталып, ооцистаға айналады. Осыдан спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішінде, спорогонияның нәтижесінде, ең алдымен споробласттар - бұлардан майда спорозоиттар пайда болады және олар споралардың ішінде орналасады.

Споралылар типі екі класқа бөлінеді: грегариналар - Gregarinina және кокцидия тәрізділер - Coccodiomorpha.

2) Грегариналар класына (Gregarinina) жататын Нағыз грегариналар отряды (Eugregarinida) өкілдерінің құрылысы, таралу және даму циклдері.

Бұл отрядтың өкілдері буынаяқтылардың ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі сопақтау, ұзындау, сыртын қалың қабықша - пелликула қаптап тұрады. Оның астында денесін бойлап эктоплазма жатады, ол плазмалық перделер түзіп, грегаринаның бір жасушалы денесін үш бөлікке бөліп тұрады. Бірінші - эпимерит, бұнда жіңішке ілмешектері не қармақшалары болады, солар арқылы грегарина ішек клеткаларына бекініп тұрады. Екінші - протомерит, цитоплазмаға толған, ядросыз бөлік. Үшінші - дейтомерит, ядро орналасқан үлкеңірек болып келген бөлік.

Грегариналар жынысты жолмен көбейеді. Екі грегарина бір-біріне, яғни біреуінің протомериті екіншісінің дейтомеритіне жабысып, сизигия түзеді. Содан кейін әрқайсысының денесі жұмырланып, екеуінің төңірегінде қалың қабықша бөлініп шығады. Екі грегаринаның ядросы митоз жолымен бірнеше рет бөлініп, көптеген ядролар түзіледі. Бұл ядролар дененің шет жағына қарай жылжып, цитоплазмамен қапталып, гаметаларға айналады. Алдыңғы грегаринадан макрогаметалар пайда болады, оны примит деп атайды, артқы грегаринадан микрогаметалар - ол сателлит. Гаметалар қосылып, зигота құрайды. Ооцистаның ішінде спорогония үрдісі өтеді. Ядро бөлініп, 8 ядроға бастама береді. Бастапқы екі бөліну мейоз жолымен жүреді, 8 ядро түзілгеннен кейін әрбір ядро цитоплазмамен қапталып, ооцистаның ішінде 8 спорозоит пайда болады. Спорогония үрдісі осылай жүзеге асады.

Ооцисталар ауру жануарлардың ішегінен сыртқа нәжіспен бірге шығып, ары қарай дамуы үшін басқа жануарлардың ішегіне түсуі керек. Онда ооцисталар ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, спорозоиттар шығып, эпимерит бөлімі арқылы ішек клеткаларына бекініп өсе бастайды.

3) Кокцидиятәрізділер класына (Coccidiomorpha) жататын Кокцидиялар отряды (Coccidiida) өкілдерінің паразиттік тіршілік етуіне байланысты құрылысындағы ерекшеліктер.

Кокцидиялар қоянның, ірі қара малдың, үй жануарлары мен жабайы құстардың, бунақденелілердің ішек эпителий жасушаларында паразиттік тіршілік етеді. Кокцидиоз ауруына адамдар да шалдығады. Кокцидиялардың денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, бұларды зоит деп атайды (спорозоит, мерозоит). Зоиттың сырты үш мембраналы қабық - пелликуламен қапталған. Оның астында түтікшелі фибрилдер болады, олар субпелликулярлы микротүтікшелер деп аталады. Пелликуламен бірге олар зоиттың қаңқасын құрайды.

...

Скачать:   txt (26.9 Kb)   pdf (96.8 Kb)   docx (15.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club