Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Микроскоптың құрылысы және микроскоптау техникасы

Автор:   •  Октябрь 9, 2022  •  Анализ учебного пособия  •  10,940 Слов (44 Страниц)  •  430 Просмотры

Страница 1 из 44

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

МИКРОБИОЛОГИЯ, ВИРУСОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

[pic 1]

[pic 2]

[pic 3]

                                                                                                                                                         

MV 2003  - «Ветеринариялық микробиология және вирусология» пәні бойынша («Микробиология» бөлімі)

зертханалық сабаққа арналған методикалық нұсқау

Мамандығы: 5В120100-Ветеринариялық медицина

Оқу формасы: күндізгі бөлім

5 кредит

АЛМАТЫ, 2020

Авторлары:

ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Киркимбаева Ж.С.

ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Бияшев;

ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ. Бияшев;

биология ғылымдарының докторы, профессор Г.К. Джанабекова;

ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Ермагамбетова С.Е.

ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Орынтаев Қ.Б.;

ветеринария ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Г.М. Нұрғожаева;

ветеринария ғылымдарының магистрі, ассистент Кошкимбаев С.С.;

PhD доктор, ассистент Д.А. Сарыбаева;

PhD доктор, ассистент Қ.Т. Жұманов;

ветеринария ғылымдарының магистрі, ассистент Мырзекеева А.А.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 5В120100-Ветеринариялық медицина мамандығының ҚР МЖМБС негізінде MV 2003  - «Ветеринариялық микробиология және вирусология» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасына сай дайындалған.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені микробиология және вирусология кафедрасының отырысында қаралды.

№ 1 хаттама, «04» қыркүйек 2017 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені ветеринария факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында мақұлданды.

 № 1 хаттама, «05» қазан 2017 ж.

        

Жалпы микробиология

№ 1 - зертханалық сабақ

Тақырып: Микроскоптың құрылысы және микроскоптау техникасы

         Сабақтың мақсаты: Микробиологиялық зертхананың жұмыс істеу ережелері және қауіпсіздік техникасымен танысу. Микроскоптардың құрылысы және олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеру.  

Сұрақтар:

1. Оптикалық микроскоптың негізгі жағдайларын қайталау.

2. Микроскоптың иммерсиялық системасымен танысу.

3. Микробиологияда фазалы-контрасты, люминесцентті және электронды микроскопты қолдану.

4. Бактериологиялық лабораториялардағы жұмыс істеу шарттарымен танысу.

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛАР

    Тапсырма:

1. Бактериоскопиялау ерекшеліктері, Иммерсиялық системамен жұмыс істеу ережелері.

2. Таяқша тәрізді бактериялардан жасалған препаратты қарау, суретін салу.

    Алдымен микроскопты жұмысқа даярлау, содан соң 10 есе үлкейтетін кіші объективті қою керек. Конденсорды жоғары көтеріп, оның диафрагмасын ашу қажет. Тегіс айнаны қою керек. Окулярға қарай отырып, айнаны айналдырып ең күшті жарықты табады. Жарықтың күшін конденсордың көмегімен бәсеңдетеді.

    Ортасына алдын ала самырсын майы тамызылған заттық әйнекті микроскоп столына :орнатып клеммалармен бекітеді.

    Иммерсиялық объективті  /100х/˟ қойып, көзбен бақылау жасай отырып, оны самырсын майының тамшысына ептеп түсіріп, заттық әйнекпен ептеп жанастырады. Бұдан соң окулярға қарап отырып, макрометрлік винттің көмегімен боялған фон көрінгенше тубусты ептеп көтереді. Макрометрикалық винтпен зерттелетін объектіні жақсы көрінгенге дейін реттеп келтіреді. Затттық столды қозғай отырып, бірнеше көріну алаңын қарап шығады. Микроскоптау біткеннен соң тубусты көтереді, револьверді айналдырады және иммерсиялық системаның қарсы орналасқан линзасында жұғып қалған самырсын майын сорғыш қағазбен тазалайды. Оны фланель матамен жақсылап сүртеді. Микроскопты қалпақ астына немесе жұмсақ матадан тігілген қаптамамен жауып қояды.

...

Скачать:   txt (172.4 Kb)   pdf (566.2 Kb)   docx (258.7 Kb)  
Продолжить читать еще 43 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club