Гаплоидтық технология
Автор: kasymkhanova • Февраль 7, 2023 • Практическая работа • 3,265 Слов (14 Страниц) • 219 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫ
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Гаплоидтық технология
Қабылдаған: Тұрғанбай Г.
Орындаған: Қасымхан А.
Тобы:БТ-405к
Алматы 2022ж
Жоспар :
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Гаплоидтарды дағдылы селекция әдістерімен шығару.
2.2 Микроспоралардын эмбриоидтарды түзіп немесе каллусты түзіп іn
vitro жағдайында спорофиттік жолмен дамуы.
2.3 Каллус үлпасынан эмбриоид түзілуі.
2.4 Өсімдік тозаңқаптары мен микроспораларында in vitro өтетін
морфогенез процестері мен өсімдік регенерациясы.
2.5 Гиногенезге түрлі факторлардын әсері.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Гаплоидтық организмнің сомалық клеткаларында сыңар хромосомалар
жиынтығы (п) болады, яғни толық жиынтықтың (2п) тең жартысы.
Гаплоидтарды дағдылы селекция әдістерімен шығару (түрішілік және
түраралық тозаңдану, рентген сәулесін түсіру және басқа стресс
факторлармен ықпал ету) оңай емес және көп уақытты талап етеді. Ал аталық
және аналық гаметофиттерді in vitro жағдайында өсіріп гаплоидтарды тез
шығарып, селекция процесін женілдетуге болады. Бұл әдістер апомиксис
процесіне негізделген. Апомиксис - организмдердің жыныссыз жолмен
көбеюі. Аталық гаметофитті (тозаңкаптар мен тозаң) in vitroжағдайында
өсіріп, гаплоидтық өсімдіктерді алу андрогенез деп агалады. Аналық
гаметофитті (ұрық бүршіктер) өсіру арқылы ғаплоидтық өсімдік алу
гиногенез деп аталады. Сонымен қатар гаплондтарды, аталық немесе аналық
хромосомалары жойылып кететін будан ұрықты in vitro жағдайында өсіріп
алуға болады. Кейде гаплоидгық өсімдік псевдогамия арқасында пайда
болады, яғни ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасынан ұрық дамиды.
Біріныі рет сасықмендуананың тозаңқаптарын іn vitro жағдайында
өсіріп, Индияда С. Гуха мен С. Махешвари 1964 жылы гаплоидтық
өсімдіктерді алды. Содан кейін осы тәжірибені француз ғалымы К. Нич 1967
жылы темекінің тозанқаптарын өсіріп қайталады. Содан бері осы әдіспен
гаплоидтар 200-ден астам өсімдік түрлерінен алынды, соның ішінде: бидай,
арпа, қара бидай, күріш, картоп, рапс т.б. ауыл шаруашылық дакылдары. In
vitro жағдайында аталық гаметофиттен гаплоидтық спорофиттің шығуы өте
күрделі, әлі егжей-тегжейі анықталмаған процесс. Микроспоралардан каллус
немесе эмбриоидтар қалыптасып, кейін олардан гаплоидтық регенерант
өсімдіктері шығады. Ол үшін микроспоралар in vitro жағдайында дамудың
өте күрделі процесінен өтеді. Ал бұл процестің түрткі болар себепкерлері
мен реттеушілері әлі белгісіз. Табиғи жағдайда in vivoмикроспоралар
(гаметофиттік жолмен дамиды;
мейоздың нәтижесінде тозаңның бастапқы клеткасынан төрт
(тетрада) микроспора пайда болады;
2) тетраданың қалың қабығынан микроспоралар босап шығады;
3) микроспора одан әрі даму жолында екі рет митоздан өтіп, соғында
жетілген тозаң түйіріне айналады. Ал in vitro жағдайында микроспора
...