Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бейтараптандыру реакциясы (БР)

Автор:   •  Апрель 7, 2018  •  Реферат  •  802 Слов (4 Страниц)  •  2,913 Просмотры

Страница 1 из 4

Бейтараптандыру реакциясы (БР)

Бетараптану реакциясы вирустың зардабын арнамалы иммунды антидене арқылы жоюға негізделген. Вирус пен қан сарысуын қосқанда вирус өзінің ауру туғызатын қасиетін жоғалтады. Сондықтан да сезімтал клеткаларда өсіп – көбейе алмайды. Бұл реакция тірі объектілерге зертханалық жануарларда, тауық эмбриоидарында, клетка өсіндісінде жасалады. Аталған объектілерге вируспен антидене коспасы егіледі. Осы әдіспен кан сарысуы вирусты бейтараптандыра ма, әлде жоқ па, сол анықталады. Реакцияға кіретін компоненттер:

  1. Ауырған және ауырып жазылған мидан зерттеу үшін алынған қан сарысуы;
  2. Диагностикум алдын ала белгілі стандартты антиген, ал антиген диагностикалық жиынтықта болады;
  3. Физиологиялық ерітінді;
  4. Биологиялық жүйелер - зертханалық жануарлар, тауық эмбриондары, клетка өсінділері. Бұл реакцияны екі түрде жасауға болады:

1. Вирустың тұракты мөлшерін қолданып, оған қан сарысуының әр түрлі мөлшері қосылады. Ол үшін қан сарысуы 1:2 ден бастап 1:128-те дейін сұйылтылады (әр ертінді екі есе кеміп отырады).

2. Қан сарысуының тұракты мөлшерін қолданып, оған вирустың әр түрлі мөлшері косылады. Бұл жағдайда вирусты сұйылту 1:10-нан бастап 1:100000-ға дейін жеткізіледі немесе 10 -1 -ден 10 -5-ке дейін алынады (әр ертіндіде вирус мөлшері 10 есе кеміп отырады). Осы екі жағдайда да шыны құты ішіне вирус немесе қан сарысуының өзгермелі мөлшеріне вирустың немесе қан сарысуының тұрақты мөлшері қосылып, осы қосындыны бөлме температурасында байланысуға (1 сағат) койылады. Осы уақыт өткен соң қосындыны биологиялық объектілерге егеді. Айта кететін бір жағдай, вирус пен қан сарысуының әрбір мөлшеріне ең кемінде 4 объекті жұмсалады да, бірнеше күн бойы бақылауы алынады.

Бейтараптандыру реакциясының мақсаты:

Біріншіден белгілі талапты арнамалы қап сарысуының көмегімен патологиялық материалдан алынған вирустың түрі және титрі анықталады.         

Екіншіден белгілі вирустың көмегімен зерттеу үшін алынған малдың кан сарысуындағы антидененің түрі және титрі анықталады. Сондықтан БР-нын балаулық маңызы бар.

Клеткалар өсіндісін пайдаланып қойған бейтараптандыру реакциясының нәтижесін білу үшін клеткаларда пайда болған цитопатоендік өзгерістер 5-12 күн өткен соң есептеледі. Қан сарысуында арнамалы антиденелер болса, белгілі бір мөлшердегі вирус және қан сарысуы қоспасында вирустың зардабы жойылады. Антиденелер титрі деп сұйылтқан қан сарысу мөлшерін айтады. (Ол мөлшер зақьмдалғанклеткаларда 50% ЦПӘ-дітежесе). Тауық эмбриондарында бейтараптандыру реакциясының нәтижесі қан сарысуы мөлшерінің тауық эмбрионының 50 пайызын өлімнен қорғағанын айтады.

Зертханалық жануарларды қолданған кезде бейтараптандыру реакциясы нәтижесіне есптеу үшін антиденелердің жануарлардыөлімнен 50%-зын сақтап қалу мүмкіндігін айтады.

Бейтараптандыру реакциясы өте жоғары спецификалық (тәндік) әрі әмбебап серологиялық реакция болып есетеледі. Осы себепті бұл реакцияны тәжірибеде қолданылатын басқа реакцияларды салыстырмалы бағалауда эталон ретінде пайдаланады. Аталмыш реакцияның принципі неде?

Егер вирустың жүзіндісінде (зерттеліп отырған материал) гомологті антидене қоссақ, онда вирус өзінің инфекциялық қасиетін жоғалады, яғни вирусқа сәйкес антидене оны бейтараптайды. Вирустың бейтараптанғанын тек вирустық материалмен қан сарысуы қоспасын сезішал тірі жүйеге (лабораториялық жануарлар, тауық эмбрионы, торша өсіндісі) егу арқылы анықтауға болады.

...

Скачать:   txt (11.8 Kb)   pdf (142.6 Kb)   docx (15.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club