Адам ағзасындағы заталмасу сипаттамасы
Автор: Aiko99 • Март 1, 2018 • Реферат • 3,896 Слов (16 Страниц) • 1,417 Просмотры
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Адам ағзасындағы заталмасу сипаттамасы
- Тамақ рациондарындағы ақуыздарды нормалаудың ғылыми негіздері
- Тамақ рациондарындағы майларды нормалаудың ғылыми негіздері
- Тамақ рациондарындағы көмірсуларды нормалаудың ғылыми негіздері
- Энергия шығындалуын (жұмсалуын) есептеу тәсілдері
- Тыныс алу коэффициенті
- Адамның энергия шығынының алмасуына әсер ететін факторлар
- Еңбек қарқыны бойынша әртүрлі топтағы адамдардың рационалды тамақтануының ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам, басқа да тірі организмдер тәрізді, ашық термодинамикалық жүйені құрайды. Үнемі жүзеге асып тұратын қоршаған ортамен зат алмасудың нәтижесінде организм өзінің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Клеткаларда органикалық заттардың химиялық байланыстарының бұзылуының нәтижесінде энергия бөлініп шығады. Яғни диссимиляция процессі жүзеге асады. Энергия көзі ақуыздар, майлар және көмірсулар болып табылады. Ал тамақ организмге түсіп, клеткалардың құрылымын түзеді. Бұл процессті ассимиляция деп атайды. Бөлінген энергия клеткалардың құрылысын синтездеу үшін және оны қалпына келтіру үшін, клеткалардың бөлінуі үшін және басқа да тіршілік әрекеттеріне жұмысалады.
Дені сау адамда (ересек) пайдаланатын тағамының құрамында қажетті заттардың мөлшері жеткілікті болғанда ассимиляция және диссимиляция процесстері тепе-теңдікте болады. Тепе-теңдік нейрогуморалды жүйенің қызметімен қамтамасыз етіледі.
Жас, өсіп жатқан организмде ассимиляция диссимиляциядан басым келеді, қартайған кезде синтезделу процессі әлсірейді.
1840 ж. Петербург академигі Г.И.Гесс бірдей өнімдердің түзілуіне әкеліп соқтыратын реакциялардың термиялық эффектісі бірдей болатынын және айналудың аралық тәуелді емес екендігін дәлелдеді.
Калоримтерде жанған кезде және организмде тотыққанкезде 1 г көмірсудан 16,7 кДж (4,0 ккал), 1 г майдан – 37.3 кДж (9,0 ккал) энергия бөлініп шығады.
Ақуыздар организмде тотыққан кезде, калоримтерде тотықтырғанға қарағанда энергия мөлшері аз бөлінеді. Себебі (NH3) минералданған азоттан мочевина алуға энергия мөлшері жұмсалады.
Негізгі бөлім
Адам ағзасындағы заталмасу сипаттамасы
Энергия – бұл жұмысты орындауға болысу: физикалық (мехапнкалық) немесе химиялық.
Ассимляция – пластикалық эәне энергетикалық ресурстар көзі, ол ағзада өзіндік клетка құрылымын түзейді, яғни, төзу процесі.
Диссимляция – химиялық байланыстың тотығуының бұзылуында органикалық заттарда клеткада энергияның босауы жүреді, яғни, диссимляция.
Диссимляция және ассимляция процестері біруақытта тығыз байланыста жүреді және ортақ атауы бар – заталмасу процесі. Ол ақуыздардың алмасуынан, көмірсулардан, минералды заттардан, витаминдерден және суалмасудан түзіледі.
Орта жастағы сау адамда қажетті тағамның жеткілікті санын қолдануда ассимляция және дисслимляция процесі біркелкі болады.
Жас дамып келе жатқан ағзада ассимляция дисслимляциядан басым болады, қартаюда синтез процесі әлсірейді.
Тамақ рациондарындағы ақуыздарды нормалаудың ғылыми негіздері
Адамның тәулігіне тұтынатын ақуыздың энергетикалық құндылығы 11-13%, майдікі 33%, көмірсудікі 56-54% болуы керек.
Ақуыздар- аминқышқылдарынан тұратын күрделі азотты, жоғары молекулалы полимерлер. Олар адамның дене салмағының шамамен 20% -ын, клетканың құрғақ салмағының 50%-ын құрайды.
Ақуыздардың адам организміндегі ролі өте үлкен, себебі олардың атқаратын функциялары да сан алуан.Протейндер ядроның, протоплазманың, клетканың мембранасының құрамына кіреді, яғни ақуыздардың негізгі функциясы- иілімділік, созылымдылық болып табылады. Ақуыздар тірі материяны ұдайы өндіру процессіне қатысады, себебі нуклеопротейндердің құрамына ақуыздар кіреді. Сүйектердің ақуыздары тіреу,сүйеніш функциясын атқарады. Актин мен миозин бұлшық еттердің жиырылуын қамтамасыз етеді. Ақуыздар каталитикалық активті, барлық ферменттер ақуыздар болып табылады.
...