Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сүйек қосылыстары

Автор:   •  Декабрь 8, 2022  •  Контрольная работа  •  2,350 Слов (10 Страниц)  •  343 Просмотры

Страница 1 из 10

      Асқар Нұрғиса

       1)Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары:

      Жалпы сүйек қосылыстары үздіксіз (синартроздар), үзілісті (диартроздар) және  осы екі түрдің аралығындағы ауыспалы (симфиз) деп аталады. Синартроздар бұл ертеден пайда болған және қозғалмайтын байланыс болса, диартроз кеш дамыған, қозғалмалы байланыс болып табылады.

      Үздіксіз сүйек қосылыстары яғни синартроздың өзі жіктеледі. Дәнекер ткані арқылы байланысса ол синдесмоз, шемікршектер арқылы байланысса синхондроз және сүйекті байланысы синтоз деп аталады.

           

        2) Буындардың құрылысы. Буын пішініне, қозғалыс біліктеріне, қызметіне байланысты жіктелуі:

        Буын: буын беті facies articularis буын капсуласы capsula articularis буын қуысынан cavitas articularis тұрады. Буындағы негізгі ерекшеліктер буын капсуласында байқалады. Яғни буын капсуласы membrana fibrosa membrana synovialis терден тұрады. Сол синовиальді мембранада ерекше сұйықтық «синовия» орналасқан. Бұл сұйықтық буынның үйкелісін, қоғанышын және қорек қызметін атқарады. Ал буын қуысы бізде буын беті мен буын капсуласы алып жатқан орын болып табылады.

       Буындар саны бойынша: art.simplex  яғни екі буын бетінің байланысуы. Art.composita яғни сол қарапайым буындардың аралығындағы байланысы. Art.complexa екі камераға бөлініп байланысуы. Бұл камераға бөлінуі тұтас disci art. және тұтас емес жарты ай тәрізді menisci art.

       Биомеханика яғни қозғалыс біліктеріне байланысты біросьті буын жатады. Оған (art.trochoidea) цилиндрлік буын және (gyglimus) блоктәрізді буын жатады. Бұл осьте қозғалыс тек фронтальды тұрғыда жүзеге асады, яғни (flexio) бүгілуі (extensio) жазылуы.

       Екіосьті буын болады. Оған эллипс тәрізді (art.allapsoidea), буынбүртікті буын (art.condylaris),ершікті буын (art.sellaris) жатады. Екіосьті буын болғандықтан бұларды фронтальды, сагитальды қозғалыс жүзеге асады.

       Үшосьті буын. Оған шартәрізді буын (art.spheroidea) және жалпақ буын (art.plana) жатады. Олар фронтальды, сагитальды, вертикальды және шеңбер бойымен қозғалады.

     3) Буынның негізгі және қосалқы элементтері. Ми сауыты сүйектерінің қосылыстары, жіктер.

      Буынның негізгі элементтеріне буын беті, буын капсуласы, буын қуысы жатады. Ал қосалқы элементтеріне буын байламдары (lig.articulare), буын дискілері disci et menisci articulares, синовиальді мембрана, фиброзды немесе талшықты мембрана жатады.

       Ми сауыты сүйектерінде синдесмоз, синхондроз байқалады. Яғни synchondrosis petrosphenoidale самай сүйегі пирамидасы мен сынатәрізді сүйек синхондрозы, synchondrosis petrooccipitalis пирамида мен шүйде сүйектің байланысы, synchondrosis sphenotempolaris сынатәрізді сүйекпен самай сүйегі синхондрозы, synchondrosis sphenooccipitalis сынатәрізді сүйекпен шүйде сүйегінің  синхондрозы. Бұл шеміршек байланыстары өмір бойы сақталады.

       Ал синдесмозға: жіктерді жатқызуға болады. Жіктер тісті, жалпақ, қабыршақты деп бөлінеді. Тісті жік (sutura serrata) төбе сүйектерінің байланысында, қабыршақты жік sutura squamosa , бұл самай мен сынатәрізді сүйекте кездеседі. Яғни бірінің үстіне бірі шығып орналасады. Жалпақ жік sutura plana деп аталады.

      4)Шықшыт буыны, жалғама құрылысы, қызметі:

Шықшыт буыны art.temporamandibularis деп аталады. Яғни төменгі жақсүйек пен самай сүйегінің аралығындағы буын болғандықтан. Екі буын арасында тең емес ойыс қалыптасатындықтан олардың арасын буынішілік шеміршек discus articularis болады. Шықшыт буынының жалпы 3 жалғамасы болады. Lig.laterale, lig.sphenomandibulare, lig.stylomandibulare. Латеральды жалғамасы самай сүйегінің бетсүйектік өсіндісінен басталып, төменгі жақсүйектің мойнымен байланысады. Ал сынатәрізді сүйекпен төменгі жақсүйектің байламы сынатәрізді сүйектен басталады да, төменгі жақсүйектің айдаршықты өсіндісіне енеді. Ал бізтәрізді өсіндімен төменгі жақсүйек арасындағы байламы самай сүйегінің бізтәрізді өсіндісінен басталып, төменгі жақсүйектің өсіндісіне барып бекиді.

...

Скачать:   txt (31.9 Kb)   pdf (168.8 Kb)   docx (209 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club