Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ланцетниктің зәр шығару жүйесі

Автор:   •  Декабрь 15, 2021  •  Доклад  •  1,712 Слов (7 Страниц)  •  524 Просмотры

Страница 1 из 7

  1. Ланцетниктің зәр шығару жүйесі

зәр шығару жүйесі

Ланцетниктің зәр шығару жүйесі нефридиальды типті. Зәр шығару мүшесінің қызметін жұтқыншақ маңайына орналасқан 90 жұптай нефридия түтіктері атқарады. Нефридия түтігінің бір ұшы желбезек маңындағы қуысқа, екінші бірнеше нефростомдары бар ұшы дене қуысына(целомға) ашылады. Әрбір нефростомада бірнеше соленоцит клеткалалары орналасқан. Соленоциттердің іші қуыс, ішінде қозғалып тұратын талшықтың көмегімен целомның ішіндегі зәр заттары желбезек маңындағы қуысқа келіп, сумен шайылып сыртқа шығарылады.

  1. Дөңгелекауыздылар класына тән белгілер

Дөңгелекауыздылар жартылай паразитті        және        толығымен        паразитті тіршілік етеді.

Тіршілік ету ортасына мамандануына байланысты  бірқатар қарапайым белгілер тән:

  • жақ сүйектері болмайды, сондықтан аузы дөңгелек;
  • жұп жүзбе қанаттары болпмайды;
  • құйрық жүзбе қанаты тең қалақты протоцеркальды;
  • танау тесігі, жыныс бездері сыңар;
  • желбезек аппараты қапшық тәрізді;
  • терісі бездерге бай;

  1. Дөңгелекауыздылардың асқорыту мүшелері

Асқорыту жүйесі

Дөңгелекауыздылардың асқорыту мүшелерінің құрылымында қоректену ерекшеліктеріне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Асқорыту жүйесі ауызалды шұрығынан басталады. Оның түбінде ауыз тесігі орналасады. Ауыз алды шұрығының жиегінде терілі жапырақшалар көмкеріп тұрады. Етті тілінде күшті «терка» тәрізді тісшелер болады. Ауыз тесігінен кейін жұтқыншақ өз кезегінде екіге бөлінеді: үстіңі жіңішке түтік өңеш, төменгі кең тұйық тыныстық түтікпен аяқталады. Өңеш жүректі айналып өтіп ішекке жалғасады, өңеш ішектен клапан арқылы бөлінеді. Ішек бөлімдерге бөлінбеген, ішінде спиральді қатпар болады. Ол ішектің асты сіңіру бетін ұлғайтады. Бұл астың толық қорытылуын қамтамасыз етеді. Ішектен соң аналь тесігімен аяқталады. Дөңгелекауыздыларға қорегінің денесіне асқорыту сөлін жіберіп, астың химиялық қорытылуы тән (мұны «ішектен тыс астың қорытылуы» деп атайды). Бауыры болады, ұйқы безінің нышаны байқалады.

  1. Шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтар кластарын салыстыру.

Шеміршекті және сүйекті балықтардың ішкі құрылысындағы басты айырмашылықтар:

Шеміршекті балықтар

Сүйекті балықтар

1

Қаңқасы тек шеміршектен түзілген

Қаңқасында сүйек басым

2

Тоқ ішегі жуан әрі оның ішінде сілемейлі орамалы  (спиральды)  қатпарлар  бар,  ол ішектің сіңіру бетін ұлғайтады

Аш  ішегі  мен  тоқ  ішегінің  жуандығы  бірдей,  тоқ ішегінде  оралмалы  қатпар  болмайды.  Аш  ішектің алдыңғы   бөлігінде   тұйық   пилорикалық   өскіндер болады. Олар ішектің сіңіру бетін ұлғайтады

3

Тік ішектің ортаңғы бөлігінен іші қуысты әрі тұйық өскін бөлінеді.  Оны  ректальды без  деп  атайды,  ол  тұздың  алмасуын реттейді

Ректальды безі болмайды

4

Тік  ішек  клоакаға  ашылады.  Клоака  тік ішектің соңғы кеңейген бөлігі

Тік ішек сыртқа жеке аналь тесігі болып ашылады

5

Шеміршекті   желбезек   доғасы   5   жұп.

Желбезек аппараты – желбезек доғасынан желбезек  аралық  пердеде  және  желбезек шашақтарынан түзілген

Сүйекті желбезек доғасы 4 жұп. Желбезек аппараты –желбезек  доғасынан  және  желбезек  шашақтарынан ғана түзілген, яғни желбезек аралық перде болмайды

6

Ыдырау   өнімдерін   сыртқа   шығаратын мүшелері   клоакаға   ашылады.   Қуығы болмайды

Ыдырау  өнімдерін  сыртқа  шығаратын  мүшелері  зәр тесігі болып, сыртқа жеке ашылады. Алғаш рет қуық пайда болады.

7

Іштей  ұрықтанады.  Жыныс  мүшелері

клоакаға ашылады

Сырттай ұрықтанады. Жыныс мүшелері сыртқа жеке жыныс тесігі болып ашылады.

8

Торсылдағы болмайды

Дене   салмағын   реттейтін   және   т.б.   қызметтер атқаратын арнайы мүше – торсылдақ пайда болған.

9

2 класс тармағына бөлінеді:

а) тақтажелбезектілер (700 түр)

ә) тұтасбастылар (30 түр)

2 класс тармағына бөлінеді:

а) сәулеқанаттылар

ә) қалаққанаттылар

...

Скачать:   txt (22.9 Kb)   pdf (99.5 Kb)   docx (18.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club