Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жүрек-тамыр жүйесі

Автор:   •  Ноябрь 2, 2020  •  Реферат  •  2,768 Слов (12 Страниц)  •  641 Просмотры

Страница 1 из 12

Пән: «Анатомия және физиология»

№29-30 аудиторлық сабақ

Тақырып: «Жүрек-тамыр жүйесі»

Тақырып сұрақтары:

  1. Лимфа жүйесінің жалпы құрылымы, қызметі.
  2. Иммунды жүйенің құрылымы, қызметі.

Тақырыптың мазмұны:

Лимфа жүйесі

[pic 1]

Лимфа (латынша «lympha» – таза су, ылғал) – адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық, құрамы бойынша қан плазмасына жақын. Лимфа жүйесі қан тамыр жүйесінің бір бөлімі болып табылады. Қызметіне байланысты иммунды жүйе мүшелерін және лимфа тасымалдау мүшелерін ажыратады. Лимфа жүйесінің бастапқы мүшесі – лимфа капиллярлары.

Адамның лимфа жүйесінің мүшелері. Құрылымдық жағынан лимфа жүйесі келесі элементтерден тұрады:

  1. лимфа желісі (діңгектер, тамырлар, капиллярлар) — лимфа ағза арқылы өтетін серпімді түтіктер;
  2. лимфа түйіндері – бүкіл денеде орналасқан және қоздырғыштардың бастапқы сүзілуіне жауап беретін арнайы түзілімдер;
  3. тікелей қан тамырларына ағатын лимфа жолдары;
  4. лимфа жүйесінің мүшелері – көкбауыр, тимус, бездер, - дененің иммундық жасушалары пайда болады;
  5. лимфа – лимфа жүйесінің тамырлары арқылы өтетін арнайы сұйықтық.

Лимфа жүйесінің қызметі:

 а) ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі;

ә) лейкоциттерді түзеді;

б) ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап биологиялық сүзгі қызметін атқарады;

 в) аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.

Лимфа жүйесінің құрылым принципі

Олар барлық адам денесінің барлық тіндері мен мүшелерерінде болады, тек қана болмайды: ми мен жұлында, ішкі құлақта, көз алмасында, тері эпителиінде, кілегейлі қабықтарды, шеміршектерді, көкбауыр паренхимасында, сүйек майында және плацентада. Лимфа капиллярлары жұқа бір қабатты түтікщелер, олар тұйық басталады, диаметрі 20-200 мкм болады. Лимфа капиллярларына тіндерден ақуыздардың коллойдты ерітінділері (осының арқасында тіндердегі артық сұйықтық пен онда еріген заттар сіңіріледі), өлген жасушалар, микроб денешіктері және т.б сіңіріледі. Бір бірімен кеңінен қосылып лимфа капиллярлары барлық тіндерде торларды түзеді. Лимфа капилляры посткапиллярлы тамырға, ал ол лимфа тамырына ауысада. Лимфа тамырлары мүше ішілік және мүшеден тыс болып, орналасуына байланысты терең немесе беткей болып бөлінеді. Лимфа тамырларында көптеген қақпақшалар болады, олар лимфа сұйықтығының кері ағуына жол бермейді. Тамырлар бойымен лимфа лимфа түйіндеріне, ал одан ірі лимфа тамырлары - сабаулар мен түтіктерге ағады. Лимфа жинау аймағына байланысты лимфа түйіндер висцералды, париеталды және сомалық болып бөлінеді. Висцералды түйіндер лимфаны ішкі мүшелерден ,  париеталды түйіндер тірек – қимыл аппаратынан, ал сомалық түйіндер дене қуыстарының қабырғасынан  жинайды.

Лимфа түйіндері қорғаныс –сүзу және иммунды қызмет атқарады. Лимфа түйіндеріне байланысты лимфа тамырлары әкелетін және әкететін болып бөлінеді. Қан тамырларының жанында жүретін лимфа тамырлары коллекторлар деп аталады . Олар дене бөлімдерінен лимфаны жинап лимфа сабауларына әкеледі, ал олар қосылып лимфа түтіктерін түзеді. Лимфа тұтіктері венозды бұрыштарға құйылады. Оң және сол жақ бел сабаулары лимфаны аяқтар мен жамбастан жинайды. Асқорыту жүйесінен лимфа бірнеше ішек сабауларына жиналады. Бел сабаулары мен ішек сабаулары 12 кеуде-2 бел омыртқаларының деңгейінде қосылып ұзындығы 20-40 см кеуде түтігін түзеді. Кеуде түтігі аяқтардан, құрсақ және жамбас қуыстарының қабырғасы мен мүшелерінен және кеуде қуысының сол жақ бөлімінен лимфаны жинайды. Құрсақ қуысынан кеуде түтігі көкеттің қолқалы тесігі арқылы кеуде қуысына өтіп жоғары көтеріліп сол жақ венозды бұрышқа құяды. Түтіктің мойын бөліміне лимфаны кеуде қуысының сол жақ қабырғасы мен мүшелерінен жинайтын бронх сабауы; сол жақ қолдан лимфаны жинайтын бұғана асты сабауы; бас пен мойынның сол жағынан жинайтын мойындырық сабауы құяды. Кеуде түтігінде 7-9 қақпақша болады, олар лимфаның кері ағуына жол бермейді. Оң жақ қолдан, бас пен мойынынң оң жақ бөлімінен, кеуде қуысының оң жақ бөлімінен лимфаны оң жақ лимфа түтігі жинайды да оң жақ венозды бұрышқа құяды, оның ұз. 1-1,5 см.

...

Скачать:   txt (34.9 Kb)   pdf (515.4 Kb)   docx (380.2 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club