«Arba-Wine» зауытының шарап материалының микрофлорасын зерттеу: шикі зат микрофлорасын анықтау
Автор: kassymova.zh • Июнь 29, 2021 • Реферат • 11,095 Слов (45 Страниц) • 394 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті
Биотехнология кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Arba-Wine» зауытының шарап материалының микрофлорасын зерттеу: шикі зат микрофлорасын анықтау»
5В070100 – «Биотехнология» мамандығы» бойынша
Орындаған: | ______________ (қолы) | Касымова Ж.Е. |
Ғылыми жетекші: б.ғ.к., доцент | ______________ (қолы) | Қайырманова Г. Қ. |
Қорғауға жіберілді:
Хаттама № , « » _________ 20___ ж.
Кафедра меңгерушісі: б.ғ.к., доцент | ______________ (қолы және мөрі) | Кистаубаева А.С. |
Нормобақылаушы: | ______________ (қолы) | Шаймухаева М. Б. |
Алматы, 2021 ж.
МАЗМҰНЫ | ||
1 | ||
1.1 | ||
1.2 | ||
1.3 | ||
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: «Arba-Wine» әлемдік деңгейде танылған, Қaзaқcтaнның табиғи шарап өнімдерін өндіретін ең перспективтті зауыты.Әрине бұл компания қалыптасуына қысқа уақыт болғанымен де отандық шарап өнімдерінің ішіндегі брендке айналып, қазірдің өзінде талғампаз дәмімен,хош иісімен жоғары сапалы шараптың синониміне айналды.
Белгілі болғандай, Қазақстанда шарап өндіру процесінің өзге Еуропа елдерімен салыстырғанда әлде қайда көп күш жұмсалатындығымен ерекшеленеді,алайда нәтижесі осы күш-қуатқа лайық болып табылады. Бүгінде ҚР-ның «Arba-Wine» шараптарының сапасы жағынан Еуропадан келген бәсекелестерден еш кем түспейтіндігін, тіптем бір жерден олардан да асып түсетіндігін сеніммен айта аламыз. Мұның бірден-бір себептері – Іле-Алатау бөктеріндегі жүзім өсіру үшін арнайы іріктелген таңғажайып табиғи жағдайлар,яғни ыңғайлы климат болып табылады.Соларды атап өтсек- біріншіден жүзім алқаптары Түрген өзенінің арнасында орналасқандықтан топырақ өте құнарлы,екіншіден шұғыл континентальды климат қыста жүзім үшін қауіпті барлық зиянкестердің топырақта жойылуына ықпал етеді,үшіншіден Ассы үстіртінің тау бөктерінен соғатын құрғақ жел жүзімдерді артық ылғалдан қорғайды дәл осы жағдайлар компанияның қалыптасуына,дамуына түрткі болды.Айта кету керек, «Arba-Wine» ең бірінші еліміздегі шарап өндірісі үшін өзіндік жеке жүзім алқаптары бар компания және де өрістерді тыңайту мақсатында тек органикалық заттарды қолданады, тек сертификацияланған Италяндық,Франциялық технологиялар арқылы әлемдік деңгейдегі шарап өнімдері алынады.
Ғылыми жаңалығы: «Arba-Wine» шарап компаниясының шикізаты ретіндегі 5 түрлі жүзім сорттарының микрофлорасын анықтау,микроорганизімдерді идентификациялау,биомассаны алу,оларды қолайлы жағдайларда культиверлеу, анықталған штаммдарды Нұр-Сұлтан қаласына генетикалық талдауға жіберу.
Практикалық маңыздылығы: алынған нәтижелер Еуропа,АҚШ және Қытай мемлекеттеріне «Arba-Wine» компаниясының шарап өнімдерін экспорттау үшін және де ҚР атынан әлемдік деңгейдегі «Wine Spectator» конкурсына қатысу қызығушылық танытады.
...