Ұлттық сана
Автор: Sunshine99 • Сентябрь 24, 2021 • Эссе • 905 Слов (4 Страниц) • 674 Просмотры
Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі. Ұрпақтан ұрпаққа тарихтың білімі, тұлғалар тағылымы, ұлттық тәрбие арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз, тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған.
Тарих өрісінен ұлттық болмысымыздың рухани негізіне айналған ұлттық сана құбылыстарын зерделеу қиын емес. Қазақ ұлтының ұлттық санасының тарих өрісіндегі құбылысы елдік, бірлік, ар-намыс, батырлық, ержүректілік, тектілік, кісілік, имандылық, адалдық, тазалық, намысшылдық, қамқорлық және ұлттық қасиетке терең болу. Қазақ қоғамының тарихи кеңістігінде ел болмысының рухани негіздеріне айналған ұлттық сана құбылыстары ең алдымен жеке адамның ерік жігерін қалыптастырып отырған. Табиғатпен етене араласқан қазақ халқы рухани өмірде елдікті, ұрпақтың ауызбіршілігін сақтайтын сапа-қасиеттерді қалыптастырып, кейінгі буынға жеткізуді мақсат еткен. Сезімталдықтың, дарындылықтың, даналықты қадірлеудің, зиялылардың жауапкершілігінің арқасында қазақ ұлты тарихи өмірдің күрделі оқиғаларына парасаттылық танытып, ерік жігерімен төтеп бере білетін ұрпақты қоғам алдына шығарған. Соның нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымы табиғи заңдылықпен дамып, елдің әлеуметтік жағдайын өзгертетін (күрделендіретін) құбылыстар қазақ қоғамының ішіне тұтастай ене алған жоқ.
Қазақ тұлғаларының ұғымында ұлттық сананың ұясы ұлттың тарихы. Қазақ ұлтының рухани дүниелерінің өзі көрсетіп отырғандай, тарихты білген ұрпақтың тәрбиесі күшті болады. Кез-келген нәрсеге ақылмен қарап, болашағына қатысты мәселені білімімен шешуге ерте бейімделеді. Тарих тағылымы арқылы жалған нәрселерге сене бермейтін, ақылмен ойлайтын жастар қалыптасады. Тарихын білген қоғамда, ел тарихының шындығын негіздейтін тұжырымдар бұрмалана бермейді, себебі тарихты білетін ұрпақ өз қоғамының дұрыс сыншысы.
Тарихтың шындығын біріктіретін тұжырымдар тарих өрісіндегі оқиғалардың ақиқатын танудан туындайды. Тарихи оқиғалардың ақиқатын бірінші кезекте ұрпаққа жеткізетін халықтың өзі болуы тиіс. Өйткені, ұлттық сананың рухы тарихи оқиғаның ақиқатымен күш алып, оны ұлт руханиятының бойында сақтап отыруында. Сондықтанда, қазақ тұлғалары айтып кеткендей, бірінші кезекте ұлт тарихының қабырғасын қалаған материалдарды (шындықты) алдыменен ұлт руханиятының бойынан іздеп, сонымен ғана салыстырып оқыған (зерттеген) жөн. Қай заманда болмасын мемлекеттің тұтастығын, ұлттың рухын әлсіретуді көздеген сырттан келетін саясат алдыменен елдің рухани дүниелерін, оған қызмет ететін адамның санасын өзгерту, өздеріне тарту арқылы тарихи тұжырымдарды бұрмалауға тырысып бағатындығы даусыз. Осы себептен де, ұлттың тарихы не үшін қажет? - деген сұраққа алаш зиялылары былай деп жауап берген: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұрттар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымым құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс»[1.15 б.].
Ұлттың тарихы ұлт пен оның тәрбиелеп шығарған тұлғаларының интеллектуалдық болмысының өрісінен шығады. Рухани болмыстың негізі ұлттық сана. Тарихты сақтау ұлттық сананы құрметтеу, тарихты білу ұлттық сананы иеленіп отырумен тең. Әрбір тарихи уақыт өрісіндегі жекелеген адамдардың интеллектуалдық қызметі оның бойындағы ұлттық санасымен көрініп
...