Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғылымның тарихы және философиясының пәні

Автор:   •  Март 16, 2023  •  Реферат  •  1,497 Слов (6 Страниц)  •  245 Просмотры

Страница 1 из 6

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Экономика, басқару және құқық факультеті

Саясаттану және конфликтология мамандығы

[pic 1]

МӨЖ

Тақырыбы: Ғылымның тарихы және философиясының пәні

Орындаған: Нәзірқұл А.

7М03117-Саясаттану

Пәні: Ғылым тарихы және философиясы

Қабылдаған: Шылманбетов С.

Түркістан,2023

Аннотация

Ұсынылып отырған магистранттың өзіндік жұмысында «Ғылымның тарихы және философиясы пәнінің» негізгі мақсаттары,міндеттері сонымен қатар, оның мәселелері қарастырылады. Ғылымның негізгі мақсаты ретінде, қоршаған орта туралы түсініктерді қалыптастыра отырып, оның түсінігін ашу үшін ғылымның даму барысын ғылымның нақты тарихи саралауын жүргізеді. Ғылым тек қана дәлеледенген фактілердің жиынтығы ғана емес, ол қоғамның-әлеуметтің маңызды құбылыстарының бірі екендігін білдіреді. Ғылымның негізгі ерекшеліктері ретінде табиғат пен қоғамның объективі, адам санасынан тəуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты. Ғылым - тарихи- заттық жəне рухани дүниенің объективті заңдарын ашу жəне қарастырып отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттармен бағдарларын болжай білу құралы деп санауға болады. Қазіргі дəуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды - қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндіріс ғылымға қарай батыл жүру қажет.

Қазіргі халықаралық аренада ғылым мен білімнің дамуы аса жоғары көрсеткіште дамуда. Мемлекеттердің дамуы жұмсақ күш теориясының аясында,оның ішінде ғылым мен білімнің және технологияның даму көрсеткіштеріне аса назар аударады.

Мазмұны

 

І Кіріспе

 І ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ

  1. Ғылым философиясы

ІІ ҒЫЛЫМНЫҢ ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІ

2.1 Ғылым философиясының негізгі мәселелері

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І Кіріспе

Жалпы білім беруде ғылым тарихы мен философиясы пәнінің басты мақсаты тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем ғылымында қоршаған әлем туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рационалды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, нысана жас маманда эрудицияны дамытып, қоршаған дүниеге, жалпы мәдениетке деген концептуалды көзқарасты, жалпы мәдениетті және білгірлікті қалыптастыру. Ғылым көпқырлы, көпастарлы әлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енеді.

«Ғылым» түсінігінің мағынасын ашу үшін, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым мен қоғам, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға болады. Ғылым мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарымқатынаста дамиды. Құбылысты шынайы түсініп, ой-толғамнан өткізу үшін, оның түп тамырын және даму тарихын білу қажет. Антикадағы, Орта ғасырлардағы, Қайта Өрлеу дәуіріндегі, Жаңа замандағы ғылым алынған білімдердің тереңдігі және мазмұнымен қатар, мәселені қоюымен, зерттеу әдістерімен, дәлелдеу және негіздеу тәсілдерімен, ғылымның мәнін, мақсат, міндеттерін түсіну барысымен ерекшеленеді. Бір жағынан, ғылыми білімдердің дамуы әлеуметтік-тарихи қажеттіліктерімен анықталады, екінші жағынан – жаңа ойлардың, түсініктердің, теориялардың пайда болуы танымның ішкі қозғалыс заңдарының және оның логикасының негізінде жүзеге асады. Негізгі заңдылықтарды ашу жаңа ойлар, ерекше ғылыми нәтижелерді алудың кілті ғылыми зерттеудің табиғатын дұрыс түсінуде болып табылады.

І ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ

1.1  Ғылым философиясы

Ғылымның дамуы нәтижесінде біздің өміріміз бір ғана ұрпақ ішінде елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Қоршаған орта туралы ақпараттың ағымы бірнеше жыл ішінде еселеп көбеюде. Адам болса бұл ақпарат ағымын жеткілікті деңгейде қабылдап үлгере алмау үстінде. Оның себебі, қоғам дамуы барысындағы мүлдем жаңа ғылыми пәндердің пайда болып, осыған қоса олардың тармақтанып, салаларға бөлінуінде. Ғылымның салаларға бөліну үрдісі нәтижесінде қазіргі кезде ғылымда 15 мыңнан астам ғылыми пән бар. Әрине, осыған байланысты адамзаттың өзін қоршаған табиғат пен қоғам туралы білімінің тереңдігі мен дәлдігі де елеулі түрде өскен. Осымен қатар ғылымның әртүрлі салаларының және ғалымдардың арасындағы байланыс пен өзара түсіністіктің де әлсірегендігін мойындау керек. Тіпті кейбір жағдайларда, бір ғылымның әртүрлі салаларында жұмыс істейтін ғалымдар екінші бір саланың зерттеу әдістері мен нәтижелері жайлы мүлдем бейхабар болады. Қазіргі кезде ғылымның өзі дүниені тек пәндік сипатта зерттеуге қарсы әдістер мен құралдар қалыптастырып, шығарып отыр. Ғылым - тек білімнің, фактілердің және т.б. жиынтығы ғана емес ол сондай ақ, қоғамның мәдени-әлеуметтік маңызды құбылыстарының бірі.

...

Скачать:   txt (22.7 Kb)   pdf (120.3 Kb)   docx (35.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club