Герман Гессе «Демиан»
Автор: 87085905056 • Февраль 8, 2023 • Анализ книги • 382 Слов (2 Страниц) • 173 Просмотры
Герман Гессе «Демиан»
Романның басты кейіпкері Эмиль Синклердің өмірі туралы айтылады. Мұнда кейіпкердің балалық шағынан, оның Бірінші дүниежүзілік соғыстағы кезімен аяқталады. Ол бай отбасында дүниеге келіп, баршылықта өмір сүре айналасындағы әлемді өте жарқын деп санайды. Алайда тез арада өмірдің қараңғы жақтарымен танысады. Мұның бәрі Франц Кромер оны алма ұрладың деген бопсалауынан басталады. Синклер бұл даулы жағдайды қалай шешуге болатындығын білмеді.
Келесі тарауында мектебіне жаңадан ауысып келген Макс Демианмен танысады. Екеуі қысқа мерзімнің арасында жақын серіктерге айналады. Синклер өзінің жаңа досының басқа адамдардың ойларын оқып, оларға әсер ете алатын қабілеті бар деген сенімге келеді. Демианның тұлғасы - мистикаға толы, бейтаныс. Ол Синклерді бопсалаудан құтқарып, ақыл-кеңестер береді.
Сонымен қатар, Демиан әңгімелерінің арасында дін, құдайға байланысты көптеген көз-қарастар мен ойларын айтады. Нәтижесінде Синклер дінге басқаша қарай бастайды. Ол қоршаған ортадағы айналасындағы адамдарға, соның ішіндегі діни қызметкерлерімен олардың уағыздау сөздерін тереңірек сыни тұрғыдан қарастырады.
Синклер көптеген қателіктер жасайды, ойын мен маскүнемдікке шалдығады. Мектепке, құрдастарына, ата-аналарына, оқуына қарсы бүліктер мен түсініспеушіліктер туындап отырады. Осындай тұңғиққа батқан кезеңдерінен Демиан жол көрсетушісі, құтқарушысы болды.
Демиан басқа жаққа кетіп, Синклер жаңа мектепке ауысқан кезде екі достың жолдары екіге бөлінеді. Арадағы қашықтыққа қарамастан, Синклер онымен байланысы сақталған деп санайды. Әрине, өзінің жалғыз серігін сағынады. Осы уақыттардан оның өмірдегі құндылықтары мен мақсаттары айқындалып, жеке тұлға ретінде қалыптаса бастайды.
Екі дос Бірінші дүниежүзілік соғыс алаңында қайта кездеседі. Синклер жарақат алып, жартылай сандырақ күйінде ауруханаға жеткізіледі. Ауруханада жатқанында Демиан келіп, бірнәрсе айтпақ болады, бірақ өзіне келген досының қайтыс болғанын түсінеді. Демианның денесі оған бөтен және бейтаныс болып көрінеді, ал Синклер досының бейнесін қабылдайды. Осы жері түсініксіз. Сонда Демиан бастапқыдан Синклердің өзі болды ма? әлде ол шынай тұлға ма? Дискуссияға толы.
...