Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Белгілі бір ұлттың тілін білмейтін адам сол ұлтқа тиесілі адам бола ала ма?

Автор:   •  Февраль 1, 2020  •  Доклад  •  287 Слов (2 Страниц)  •  511 Просмотры

Страница 1 из 2

Белгілі бір ұлттың тілін білмейтін адам сол ұлтқа тиесілі адам бола ала ма?

Этникалық қауымдастықтың ең жоғарғы түрі ретінде ұлт болып саналатындығы бәрімізге де белгілі деп ойлаймын. Өйткені, ұлтты әртүрлі этникалық қауымдастықтардан ерекшелендіретін ең басты айырмашылық - бұл ұлттың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен тілдік тұғыры, адамның тілдік және туыстық белгілері ғана емес, керісінше, сол ұлтқа тиесілі адамның әлеуметтік, жоғары сатылы қоғамдық қағидаттарға негізделген оның рухани әрі мәдени көп бейінді құрылымы. Осы орайда, белгілі бір ұлттың тілін білмейтін адам сол ұлтқа тиесілі мүше бола алады ма, - деген сұрақ тағы туындауы мүмкін. Еңдеше, көпті мазалаған бұл сұраққа өз көзқарасымды төменде білдіріп кетпекшімін.

Меніңше, жоғарыда айтып кеткенімдей, ұлт - үлкен ішкі үйлесімділікпен, ұлттық болмыстың жоғары қағидаттары және деңгейімен сипатталады. Сол себепті де, белгілі бір ұлттың тілін білмейтін тұлға осы ұлттың теңдей тиесілі мүшесі бола алады. Өйткені, белгілі бір ұлттың мүшесі болуы үшін, ең алдымен, адам сол ұлттың қағидатары мен принциптерін ұстанатын, сол ұлттың сана-сезімін құрметтейтін және бағалайтын тұлға болуы қажет. Демек, бірінші орында, рухани, мәдени және әлеуметтік қағидаттар тұр. Өйткені, белгілі бір ұлтқа тиесілі болу үшін тіл білу айтарлықтай маңызды емес, маңыздысы - адамның ұлттық өзін-өзі тануы, ұлттық тарихын меңгере білуі, шығу тегі туралы хабардар болуы деп ойлаймын. Тіл - сол ұлтты сипаттайтын бірліктер тізбегі ғана, меніңше. Оған қоса, адамның ана тілі - оның ұлтының тілі болмауы да мүмкін, сол себепті де, адамның өзінің еркін және ыңғайлы тілінде сөйлеуі - оның белгілі бір ұлттың мүшесі болуына мүлдем кедергі келтірмейді, - деген пікірдемін.

...

Скачать:   txt (3.7 Kb)   pdf (49 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club