Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану

Автор:   •  Ноябрь 20, 2022  •  Реферат  •  764 Слов (4 Страниц)  •  315 Просмотры

Страница 1 из 4

1 тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану

      Мазмұны: Әлеуметтану ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымадау.

Бақылау түрі: эссе-негіздеме

Әлеуметтану біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды. Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы бастыста француз философы О.Конттың есімімен байланысты. Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философияның курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен осы еңбегінің 3 томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми түрде зерттеу мақсатын қояды. Әлеуметтану – адамзат қоғамын, әлеуметтік топтарды және әлеуметтік өзара әрекеттерді жүйелі түрде зерттейтін ғылым. Әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке түсуін, сондай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез құлық ережелерін зерттейді. Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Әлеуметтанушылар мәдениетті, жеке мінез-құлық, саясат пен экономиканы зерттесе де осы және басқа проблемалардың әлеуметтік топтар мен әлеуметтік өзара әрекеттерге қалай әсер ететінін басты назарда ұстайды. Әлеуметтанудың негізін салуға, түсіндіруге аса құнды үлес қосқан ойшылдар Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, Эмиль Дюрктейм, Макс Вебер, Габриэль Тард, Фридрих Гегель және т.б.  Маркс пен Энгельс еңбектерінде кейде әлеуметтік ұғымы азаматтық ұғымымен алмастырылған. Азаматтық деген ұғымды олар қоғамдағы адамдардың белгілі бір байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған.  Эмиль Дюркгейм өзінің «Әлеуметтану әдісі» деген еңбегінде «Әлеуметтану ерекше және жеке дара ғылым» екенін жазып, оның әлеуметтік фактілерді объективті зерттеуге бағытталғанын түсіндірді.

Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Оған адам қоғамына тән қасиеттердің барлығы кіреді: «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік байланыс», «әлеуметтік қатынас», «әлеуметтік процесс», «әлеуметтік тұлға», «әлеуметтік бірлік», «әлеуметтік бірлестік», «әлеуметтік белсенділік» т.б. Әлеуметтанудағы ең басты ұғымдардың бірі – әлеуметтік құрылым. Әлеуметтік құрылым – белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері. Ол тек мінез-құлық секілді жекелеген проблемаларды ғана емес, білім алуды, неке құруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңірек контекстегі проблемаларды да қамтиды. Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын, кең әлеуметтік құрылымдарды аз дегенде ішінара көрсететін қабілетті айтамыз. Әлеуметіттік қиял – әлеуметтанудың басты бағыты, ол – өз өміріміз бен басқа адамдардың өмірін әлеуметтік құрылымның бір бөлігі ретінде көре білу қабілеті, ол адам өмірінде кездесетін қиындықтарға басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілін ұсынады.  Әлеуметтік процесс - кез келген әлеуметтік объектінің, әлеуметтік жүйеленген элементтердің дәйекті түрде ауысып тұратын қозғалысы немесе күйі. Әлеуметтік процесс мынандай белгілермен сипатталады: әлеуметтік процестің құрамдас бөлшектерінің өзара әрекет ету белгісі, объектінің жағдайға сәйкес бағытталуы, мерзімдік белгісі. Қоғам – қауымдастық пен ұлтты немесе географиялық аумақты, эконгмикалық, мәдени және саяси байланыстарды және жеке мінез-құлық пен өзара әрекеттесуге қатысты сенімдерді тоғыстыратын, ұзақ өмір сүретін үлкен топтастық. Индивид (жеке тұлға) – дербес өмір сүретін жеке организм, атап айтқанда, адам, жеке тұлға, адамзат баласының жалғыз өкілі. Индивид ұғымы адамды басқа адамдар арасында жеке тұлға ретінде белгілеу үшін қолданылады.  Келесі ұғым әлеуметтену. Әлеуметтену – адамдар өз мәдениті мен қоғамында табысқа жету үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды қалай үйрететінін қарастырады. Әлеуметтік институттар ұғымы – адамның негізгі қажеттіліктеріне лайық, тұрақты және күрделі әлеумметтік құрылым. Оның басты ерекшелігі – бірнеше буынның өмірін қамтиды, әрі құндылықтардың, нормалар мен мәртебелердің және рөлдердің күрделі жиынтығын құрайды және адамның негізгі қажеттеліктерін қанағаттандырады. Әлеуметтік топ – адамдардың ортақ мүдде-талаптарына, құндылық-бағалықтары мен сана ережелеріне қарай бірлесуі. Әлеуметтік нормалар дегеніміз қоғамда қалыптасып реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы. Әлеуметтік статаус – адамның қоғамдағы орны мен жағдайы.

...

Скачать:   txt (11.4 Kb)   pdf (67.2 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club