Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Автор: erkesanakbek • Сентябрь 13, 2021 • Лекция • 47,177 Слов (189 Страниц) • 670 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Философия және психология факультеті
Саясаттану және әлеуметтану кафедрасы
Бейсенова Айгуль Аманжановна
Жумасултанова Галия Азирхановна
Жумагулов Елдос Танирбергенович
Муслимова Корлан Саиновна
Булумбаев Олжас Рахматулаевич
Искаков Ельмурат Рымбаевич
Темиркулов Олжас Жангабылович
«Cаясаттану және әлеуметтану» пәні бойынша
Дәрістер курсы
Білім беру бағдарламалар: «6B01508-Химия-Биология, 6B01507-Химия, 6B05302-Фундаменталды химия, 6B07201-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы, 6B05303-Химия және химиялық инжиниринг, 6B05301-Химия, 6B07203-Мұнай өндіру технологиясы»
Қарағанды 2021
Дәріс 1. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, оның әлеуметтік білім жүйесіндегі орны.
2. Әлеуметтану ғылымның пайда болу себептері, құрылымы және күнделікті өмірде пайдалану қажеттілігі.
3. Әлеуметтанудың қоғамда атқаратын қызметі мен ғылыми деңгейлері.
Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті.
Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі. Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар). Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Николло Макиавелли, Жан Боден, Томас Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы). Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Шарль Луи Монтескье, Жан-Жак Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары. Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19-20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (Макс Вебер, Эмиль Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80 жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.
Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырда француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б. Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады. Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік.
...