Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану

Автор:   •  Сентябрь 8, 2020  •  Эссе  •  355 Слов (2 Страниц)  •  5,074 Просмотры

Страница 1 из 2

   

                           Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану

Қоғам... Құрылым... Мемлекет... Әлеумет... Осы сөздер бір бірімен байланысқан егіз ұғым іспеттес. Өзімізге белгілі отбасы ол-қоғам. Ал қоғам дегеніміз үлкен бір мемлекет. Мемлекет дегеніміз елдің біртұтас құрылымы. Ал осы аталған дүние бөліктері немесе бөлшектері-әлеумет болып табылады. Жалпы айтқанда әлеуметтану жаңадан ғылымға енген ең маңызы бар сала десек те болады. Әлеуметтануды не үшін қоғам, мемлекетпен байланыстырдым? Жалпы екеуінің аражігі қандай? Міне, кей адамдарда осындай сауал туындары анық. Ал мен бұл сұрақтарға өз түсінігіммен жеткізіп көрейін... Иә, әрине, әлеуметтану жаңадан енген ғылыми сала түрі. Алайда бұл саланың ғылымға ғана жақсы әсерін тигізіп қана қоймай, жалпы адамзат өкіліне, тұтастай халыққа, елге көмегін тигізуде деп айтсам артық емес. Әлеуметтану-әлеуметтік өмірді бейнелеу. Жалпы бұл ғана емес қоғамдық өмірді түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырады. Әлеуметтану әлеуметтік өмірдің талдау тәсілін жасап, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтану жалпы әлеуметтік өмірді, түрлі құбылыстарды шешіп онымен қоса қоғамда болып жатқан өзгерістер мен үдерістерді қайта құрып немесе жоспарлап, көптеген мәселелерді реттейтін ғылыми сала. Жалпы әлеуметтанудың бұдан да бөлек ерекшеліктері жетерлік. Соның бірі барлық қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарының өсуіне зор әсерін тигізеді. Сонымен қатар әлеуметтану ғылымы білімнің онан әрі дамуына, жетілуіна үлкен жол ашады. Одан бөлек өзімізге белгілі әлеуметтану ғылымы жалпы білім, ілім саласында ғана қызмет атқарып қана қоймай, орта деңгейдегі теориялар барысында да кереметтей еңбегін сіңіреді. Оның ішінде мысалы ретінде, отбасы, әлеуметтік топтар, жіктер секілді дүниелер қоғаммен біртұтас байланысы тығыз екені мәлім. Әлеуметтік ғылыми салада мемлекет яғни қоғам үлкен орын алатыны белгілі. Алайда оның ішіндегі осы қоғам мен мемлекетті құрушы топ әрине ол-отбасы. Сол себепті отбасы әлеуметтік салада ойып тұрып өз орнын алады. Отбасы құндылықтары мен құрылымы берік әрі тығыз болған сайын, елдің әлеуметтік жағдайы да өсе бермек. Сол себепті қазіргі кезде осы әлеуметтік ғылым саласының орта деңдей теориясы яғни қоғамдағы мәселелер оның ішінде отбасыға қатысты қоғам дамуының өзекті мәселелерін шешуде осы сала барлығына нақты жауап бере алады. Сонымен қоса осы орта деңгейлік сала бойынша әлі де проблемалық үдерістерді шешу үстінде... Жалпы айтқанда, әлеуметтану-қоғамның бір бөлшегі. Мемлекет үшін өзекті ғылым саласы. Жан-жақтылығымен қоғамның ішкі-сыртқы саяси жағдайы мен ғылымның өркендеуінде айтарлықтай орын алатын жаңа ғылым саласы.

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (47.8 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club