Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Э.Дюркгейм әлеуметтануы

Автор:   •  Март 23, 2022  •  Эссе  •  834 Слов (4 Страниц)  •  397 Просмотры

Страница 1 из 4

Еуропада әлеуметтанудың институттену үдерісі, оның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуы әлемдік әлеуметтану дамуының классикалық кезеңінің ірі өкілдерінің бірі, француз әлеуметтану мектебінің негізін салушы Эмиль Дюркгейм (1858—1917) атымен тығыз байланысты. Ол «Еңбектің қоғамдық бөлінуі», «Әлеуметтанулық әдіс» және т.б. іргелі еңбектерінде эмпирикалық зерттеулер мен әлеуметтанудың қолданбалы сипатына назар аударып, әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесін жасады.

Мен Эмиль Дюркгеймнің әлеуметтану, оның әдістері мен мақсаттары туралы жазылған мәтінін оқып шықтым. Э.Дюркгейм әлеуметтануды ең алдымен әлеуметтік фактілерді зерттеу және оларды түсіндіру ретінде ұсынатынын түсіндім. Оның тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алып, ол тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмей, басқа қоғамдық ғылымдарды әр түрлі ғылыми әдістемелер мен теорияларымен қаруландырады. Сонымен, әлеуметтік факт дегеніміз не? «Әлеуметтанулық әдіс» бұл Эмиль Дюркгеймнің бірінші тарауның атауы. Тараудың соңында: « Әлеуметтік факт - бұл жеке адамға сыртқы мәжбүрлеуге қабілетті, бекітілген немесе бекітілмеген кез келген әрекет әдісі; немесе басқаша айтсақ: белгілі бір қоғамда кең таралған, өзінің жеке көрінісіне тәуелсіз, өзіндік болмысы бар»- деп жазылған.

Менің түсінуімше, Дюркгейм әлеуметтану туралы ғана емес, философия туралы да жазды. Өйткені, ол әлеуметтанушы ғана емес, философта болған. Дюркгеймнің көзқарасы бойынша әлеуметтануды түсіну оңайырақ екенін түсіндім, өйткені ол өз еңбегінде тіл, мораль, дін туралы айтып өтті, ал олар бірінші тарауда жазылған әлеуметтік фактілермен үндеседі. Дюркгейм әлеуметтанудың философияға әсері әлеуметтануға философиядан кем болмауы керек деген тұжырымға келеді. Дюркгейм үшін қоғам ұғымы да маңызды болды, ол оны Құдаймен салыстырды. Осы арқылы ол қоғамның жеке адамнан артықшылығына тоқталып өтті. Ол бір жеке адамның ойлауы, елестетуі, кез - келген тапсырманы орындауы, ұжым сияқты жасамайтыны туралы , яғни жеке адамның қоғамнан ерекшеленетіні туралы айтып өтті. Бұл шынымен де солай, қоғамды бір адам арқылы түсіну мүмкін емес.

Эмиль Дюркгейм қоғамның өз құндылығын моральмен сәйкестендіргісі келетіні туралы жазды. Жалпы, менің ойымша, біз құндылық деп санайтын ұғымдар дәл емес. Өйткені, әр адамның өзіндік идеялары, өзіндік құндылықтары бар. Белгілі бір моральды талап еткенде, біз белгілі бір қоғамға немесе белгілі бір адамдардың қарым-қатынасына ұмтылатынымыз түсінікті, бірақ менің ойымша, қоғам моральдың мазмұнын анықтай алмайды. Бұл Дюркгейм әлеуметтануының философиялық сипаты.

Э. Дюркгейм «Еңбектің қоғамдық бөлінуі» атты ең басты еңбегінде өзінің әлеуметтанулық тұжырымының өзегін құраған әлеуметтік келісім мен ынтымақтастық теориясын зерттеді. Ол әлеуметтанудың басты міңдеті - әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын, негізін анықтау деп атап көрсете отырып, қоғамда әлеуметтік проблемалар мен шиеленістердің болатынын білді. Осы бағытта ол қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін маманданған топ құру идеясын дамытты. Қоғам дамуындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі — ұжымдық сана деп санады. Оның түсінігінше, әр қоғамда өзіне тән тарихи қалыптасқан салт-дәстүрдің,

...

Скачать:   txt (11.6 Kb)   pdf (45.2 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club