Контрольная работа по "Социологии"
Автор: akme222 • Сентябрь 29, 2021 • Контрольная работа • 459 Слов (2 Страниц) • 317 Просмотры
Орындаған: Сейітханов Тоқтар. Ғылыми тарих тобы, 1 курс.
Теория | Идеясы | Ерекшеліктері |
Огюст Конт теориясы | Қоғам туралы жаңа позитивті әлеуметтік ғылымның негізін қалаушы. Позитивизм бағытының авторы. Әлеуметтануды қоғамдық ғылымдардың арасындағы ең маңыздысы деп білген. Әлеуметтану – физиканың әлеуметтік қатынастарды зерттейтін саласы деген. | Адамзаттың интеллектуалды дамуын 3 кезеңге бөлген: 1)Теологиялық; 2)Метафизикалық; 3)Позитивті. Әлеуметтанудың не үшін керектігін түсіндірді. |
Герберт Спенсер теориясы. | Әлеуметтік органикалық бағыттың негізін қалады, әлеуметтік эволюционизм теориясының авторы. Дәстүрлі қоғам мен индустриалды қоғамды салыстырды. | Қоғамды үлкен тірі ағзаға теңеді. Ауыл шаруашылығы – ас қорыту жүйесі, сауда саттық – қанайналым, армия - тері қабаты, транспорт пен жолдар – жүрек , қантамыр жүйесі деді. |
Эмиль Дюркгейм теориясы. | Қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен нормалар, әлеуметтік факт, коллективті сана, жалпы әлеуметтік процестер қоршаған ортаның әсерінен туындайды деген. Аномия теориясының авторы. | Әлеуметтану нақты статистикалық фактілерге сүйеніп тұжырым жасайтын ғылым деген. Статистикалық мәліметтерді талдап, қоғамдағы суицидтің орын алу себептерін анықтап, «Суицид» атты еңбек жазған. |
Карл Маркс теориясы. | Ғылымға «қоғамдық-экономикалық формация терминін және формациялық даму заңын енгізген. Марксизм бағытының негізін салушы. Ғылыми коммунизм теориясының негізін салушы. | Ғылыми бағыт таптық қарсылыққа бағытталған. Басқа ілімдер өмір сүріп тұрған қоғамдық жүйені түпкілікті жоққа шығарды. Ф.Энгельспен бірге тұңғыш рет қоғамдық дамуды жіктеді. |
Макс Вебер теориясы. | Бүкіл әлемнің әлеуметтануының дамуына айтарлықтай әсер еткен неміс әлеуметтанушысы. Барлық қоғамдық институттар, құрылымдар, мінез-құлық нысандары оларға адам берген мән-мағына нәтижесінде реттеліп отырады деген. | Әлеуметтану - әлеуметтік құбылыстарды сипаттаудың орнына, олардың түпкі себептерін білуі керек деп санаған. Әлеуметтік ғылым жаратылыстану ғылымында қабылданған зерттеу әдістерін көшіре алмайтындығына сенімді болды. Әлеуметтану - әлеуметтік әрекеттерді түсінуге және түсіндіруге назар аударуы керек деп айтқан. |
Құрылымдық-функционалды теория. Өкілдері: О.Конт, Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, Т.Парсонс, Р.Мертон, Э.Гидденс. | Адамның қоршаған ортаға , қоғамға интеграциясы жанжалсыз жүруі керек деген. Кез келген әлеуметтік құбылысқа әсер ететін факторларды төмендегіше топтастырды: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, моральдық. | Оқиғалардың себебін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық-саяси жағдайлармен, қайсыбір қоғамда қалыптасқан дәстүр мен мәдениет тұрғысынан түсіндерген. |
Символдық интеракционизм теориясы. Өкілдері: Дж.Мид, Г.Блумер, Ч.Кули. | Күнделікті өмір, идеал, сенім, көзқарас, өмірлік ұстаным, қарым-қатынас, адамгершілік қатынастар, мотивтер, мінез-құлықтар негізгі идея болып табылады. Теорияның 3 негізгі тірегі: кез келген әрекет пен мінез-құлық актісі әрекет етуші субъекті өз әрекетіне берген мән негізінде пайда болады; Қоғам соған тұрақтайтын символдар адамдардың өзара қарым-қатынасы әсерінен туады; Адам іс-әрекет үрдісінде символдар мәнін түсінеді; | Белгілі бір нақты жағдайға байланысты жасалатын тұлғааралық қарым-қатынастардың ерекшеліктерін түсіндіді, яғни адамды, оның іс-әрекеті мен мінез құлқы, күнделікті өмірдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды басты орынға қойды. |
Конфликт теориясы. Өкілдері: К.Маркс және марксистер, М.Вебер, Г.Зиммель. | Марксистік конфликт теориясы оқиғаны материалистік тұрғыда түсінуге негізделген. Адамдардың әлеуметтік өзара әрекеттестікке еріксіз қатысатынын және мұндай өзара әрекеттесу қоғамның қалыптасуының негізгі шарты болып табылатының баяндады. | Тіршілік диалекттік негіздерге тірелген. Нақты тарихи тәжірибелер, әр түрлі уақытта, әр түрлі халықта кездестіруге болатын белгілі бір конфликттік жағдайдың шешімдерін қарастырған. Кез келген әлеуметтік конфликтті қоғам үшін саяси тұрғыда ғана қарастырған. |
Конфликт теориясы. (Р.Дарендорф) | Әлеуметтік жанжалдың себебі: бір адамдардың басқалар үстінен билікке ие болуы. Негізгі жанжал билік иелері мен одан тыс қалғандар, алайда, билік иеленуге әбден мүмкіндігі барлар арасында туындайды деген. | К.Маркстің «қоғамдағы негізгі жанжалдасушы таптар – экономикалық белгісіне байланысты ұйымдасқан таптар» деген пікірін жоққа шығарды. |
...